Білім беру бағдарламаларының ОҚу-бағдарламалық ҚҰжаттамалары



бет11/77
Дата03.08.2023
өлшемі7,37 Mb.
#105008
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   77
Байланысты:
2022-2023 Химия 72 ч. УМК (2)2

Тапсырма:
А) Схеманы толықтырыңыз.
Атом құрылысы

Сабақ жоспары № 2__(теориялық оқыту)



Күні




Дайындаған оқытушы

Әбдіхамит А.Қ

Пән /Модуль

Химия

Топ

107,110,115

Сабақтың тақырыбы

Иондық байланыс. Металдық байланыс. Сутектік байланыс. Кристалдық тор

Оқыту нәтижесі
(оқушылардың оқу сабағында меңгеретін кәсіби дағдылардың тізімі)

Тілдік мақсат
Оқушы орындауы тиіс: ауызша және жазбаша жауаптарда ғылыми терминологияны қолдану
Терминдер:
Қазақша
Орысша
Ағылшын
а
Ион
Ион
Ion
Иондық байланыс
Ионная связь
Іonic bond
Катион
Катион
Сation
Анион
Анион
Аnion



Сабақтың мақсаты (SMART-мақсаттар)

- «Ион» терминінің мағынасын біледі және түсінеді;
- Иондық байланыстың не екенің біледі;
- Иондық байланыстың түзілу механизмін түсінеді;
- Иондық байланысқа нақты мысалдар келтіре алады;
- Иондық байланысты нүктелер мен айқыштар диаграммасы көмегімен сала алады;

Бағалау критерийлері



Бағалау үдерісі бүкіл сабақ бойына жүреді, мұнда оқушылардың өзін-өзі бағалау, топтардың бірін-бірі бағалауы және міндетті түрде бүкіл сабақ үдерісін қадағалаушы мұғалімнің бағалауы жүреді.

Сабақтың түрі



Аралас сабақ

Оқыту әдістері мен тәсілдері

Миға шабуыл әдісі

Пәнаралық байланыс

Бұл сабақта физикамен тығыз пәнаралық байланыс болады.



Қажетті ресурстар
(оқу-анықтамалық және әдістемелік әдебиеттер)

Интербелсенді тақта арқылы сабақ барысы көрсетіліп, жасалынған және жасалынуы тиіс іс-әрекеттер тізбегі көрсетіліп барылады. Мысалы, сабақ барысында қолданылатын терминдер, сұралатын сұрақтар мен тапсырмалар, оқу мақсаты мен оған оқушылармен бірлесе қойылатын критерийлер баяндалып барылады. Жаңа сабақты өтіп болғаннан соң оны бекіту тапсырмалары беріледі, сонымен бір қатарда үй тапсырмасы да көрсетіледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері/
жоспарланған уақыт



Жоспарланған іс-шаралар



Қажетті ресурстар
(оқу-анықтамалық және әдістемелік әдебиеттер)

Ұйымдастыру кезеңі (5 мин.)

Оқушылармен сәлемдесу. Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.
Оқушыларға бүгінгі сабақта алдыңғы сабақта берілген үй тапсырмаларын қаншалықты меңгергенің тексеріп, онда жіберілген кемшіліктермен жұмыс істеу мақсатында үй тапсырмалары сұралады.
Оқушылардан бірқатар сұрақтарға жауап беруді сұрау арқылы ауызша
талқылау/әңгімелесу жүргізіледі, қажет жерлерінде жазбаша түрде де сұралады.






Білімді жаңарту
(15мин.)

Оқушылардан сұралатын сұрақтар мен тапсырмалар:
І деңгейлі тапсырмалар (білу мен түсіну):
1. Электртерістілік (ЭТ) ұғымын қалай түсінесіздер?
2. «Нүктелер мен айқыштар» диаграммасы дегенде нені түсінесіз? Нақты мысал арқылы түсіндіріңіз.

ІІ деңгейлі тапсырмалар (қолдану):


1. Ковалентті полюссіз, содан кейін полюсті байланыстың ерекшелігін нақты мысалдармен көрсетіңіз («Нүктелер мен айқыштар» диаграммасы арқылы).
2. Ковалентті полюсті және полюссіз байланыс түріне 2-3 заттың формулаларынан мысалдар келтіріңіздер.
3. Аммиак пен метан молекуласы үшін «Нүктелер мен айқыштар» диаграммасын құрыңыздар.

(f) Оқушылардан талқыланған сұрақтарды түсіндіруін сұраңыз және оның дұрыстығына көз жеткізіңіз.


«Миға шабуыл» стратегиясы. Оқу мақсатына алып келетін іс-әрекет.

Натрий – белсенді металл, сумен, оттекпен өте жылдам әрекеттеседі, оны керосиннің астында сақтайды. Хлор – жасыл-сары түсті улы газ. Екеуіде ас дайындауда пайдалануға жарамайды.


Біз күнделікті тамаққа пайдаланып жүрген ас тұзы - натрий және хлор элементтерінен тұрады. Неліктен біз натрий хлоридің белгілі мөлшерін ас дайындауда пайдалана аламыз?

Атом - ē→ Катион



Ионға айналу сызба-нұсқасы: Na0 -1e → Na +

Атом + ē→ Анион



Ионға айналу сызба-нұсқасы:
Cl0+ 1e → Cl-

Бүгінгі сабақтың оқу мақсаты:


10.1.4.8 иондық байланыстың қарама-қарсы зарядталған иондардың электростатикалық тартылуы нәтижесінде түзілетіндігін түсіну;
10.1.4.9 ионды байланысты қосылыстар үшін «нүктелер мен айқыштар» диаграммасын құрастыру;
Осы жоғарыдағы оқу мақсатына жету жолында қандай іс-әрекеттер жасау мүмкіндігі оқушылардан сұралып, бірлесе отырып сабақтың мақсаттары анықталады (мүмкін болатын сабақтың мақсаттары):
- «Ион» терминінің мағынасын біледі және түсінеді;
- Иондық байланыстың не екенің біледі;
- Иондық байланыстың түзілу механизмін түсінеді;
- Иондық байланысқа нақты мысалдар келтіре алады;
- Иондық байланысты нүктелер мен айқыштар диаграммасы көмегімен сала алады;

Бұл жоғарыда көрсетілген оқу мақсаттары мұғалімнің ұсынған нұсқасы, оқушылар тарапынан айтылған идеялар да мұқият ескеріледі. Тыңдалынады. Ортаға тасталған барлық идеялар ескеріп, ең ұтымды нұсқасы таңдалынып тақтаға флипчарт қағазында жазылады немесе тақтаға жазылады. Оқушыларға осы критерийлер бойынша сабақ өтілетіні ескертіледі және сабақ барысында осы критерийлерді басшылыққа алу ұсынылады.


Сабақтың тақырыбы:


Иондық байланыс
(W) Оқушылардан натрий хлориді үшін «Нүктелер мен айқыштар» диаграммасын салуды сұраңыз ұсыныңыз. Иондық және коваленттік байланыстың түзілуінің арасындағы айырмашылықты талқылаңыз.




Жаңа білім мен іс-әрекет тәсілдерін қалыптастыру
(40 мин.)

Ресурспен жұмыс
ҚОСЫМША №1

(f ) (F) Оқушылардан иондық байланыстың түзілу механизмін түсіндіруді және ақырындап күрделендіре отырып, өз мысалдарын келтіруді сұраңыз.


Оқушылар мұғалім тарапынан берілген жаттығуларды орындайды.


Қалыптастырушы бағалау
1. Иондық қосылыстарды белгілеңіз:
FeCl2, NaOH, NH3, K2O, CH4, CO2, AlI3, CuCl2, Na2S, MgCl2, SO2, RbCl, H2O
2. Иондық қосылыстың түзілуінің механизімін түсіндіріңіз
3. Кальций гидроксидіндегі иондық байланыстың түзілу механизмінің сызба-нұсқасын келтіріңіз

Дескриптор. Оқушы:


1. Иондық байланыстарды белгілей алады FeCl2, NaOH, K2O, AlI3, CuCL2, Na2S, MgCL2, RbCl.
2. Иондық байланыстың түзілу механизімін түсіндіре алады. Электронды беру және қабылдау арқылы катионмен анион түзіледі, қарама-қарсы зарядталған иондар арасында электростатикалық тартылыс болады.
3. Са(ОН)2 қосылысында, кальций екі электронын екі оттек атомына беру сызба-нұсқасын құрастыра алады.

(f) қалыптастырушы бағалау процесі жүреді


Кері байланыс беріліп отырады.

Жаңа сабақ аяқталғаннан соң оқушылардың жаңа сабақты қалай меңгерегенің, алдын-ала оқушылармен бірлесе белгіленген критерийлерді негізге ала отырып сабақты бекіту процесі жүргізіледі.


Кері байланыс беріліп отырады.


Жаңа сабақ аяқталғаннан соң оқушылардың жаңа сабақты қалай меңгерегенің, алдын-ала оқушылармен бірлесе белгіленген критерийлерді негізге ала отырып сабақты бекіту процесі жүргізіледі.


Оқушылардан сұралатын сұрақтар мен тапсырмалар:


І деңгейлі тапсырмалар (білу мен түсіну):
1. Натрий хлориді үшін «Нүктелер мен айқыштар» диаграммасын салыңыздар.
2. Иондық және коваленттік байланыстың түзілуінің арасындағы айырмашылықты атап көрсетіңіз нақты мысалдар арқылы.
3. Иондық байланыстың түзілу механизмін түсіндіріңіз.
5. Иондық байланысқа мысалдар келтіріңіздер (4-5 мысал).

ІІ деңгейлі тапсырмалар (қолдану):


1. Сіздерге қосылыстардың құрылымын бейнелейтін төмендегідей суреттер берілген:



(а) Кристалдық торлардың қайсысы калий иодидіне сәйкес келетінін анықтаңдар.


............................................................................................................................... [1]

(с) Натрий йодиді балқытылған кезде электр тоғын өткізе алады, Осы қасиетін түсіндіріңіз.


........................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................... [2]

Кері байланыс сабақ барысында беріліп отырылады.



Қалыптастырушы бағалау парағында орындайды



Білік пен дағдыны қалыптастыру. Қолдану.
(15 мин.)







Үй тапсырмасын ақпараттандыру кезеңі
(5 мин.)

Оқу мақсатына сай үлестірме ресурспен жұмыс




Сабақты қорытындылау
/ бағалау (5 мин.)

Оқушыларды бағалауда олардың сабаққа қатысуы, мұғалім және достары тарапынан берілген сұрақтарға жауап берулері ескеріледі. Оқушылар арасында өзін-өзі және өзара бағалау процесі жолға қойылады.






Рефлексия (5мин.)











Иондық қосылыстар

Полюссіз
Ковалентті

Полюсті
ковалентті

1

1

1

2

2

2

3

3

3

Өзіңді өзің тексер:


Электртерістілік - бұл …….
Оң зарядталған ион– бұл …..
Теріс зарядталған ион– бұл …..
Электртерістілігі ең жоғары элемент - …….
Иондық байланысы бар заттардың кристалдық торы қандай болады?
Мына заттардан ионды байланысты заттарды теріп жазыңдар:
СаCl2, O2, H2S, KCl, OF2, Br2,Li2S, PCl3, KBr

Химиялық байланыс түрлерін ажыратыңдар:


NO, HF, O2, CO2, CI2, FeCI3, NaCI, KBr, CaO,
AlCI3, NH3, CaF3, H2, CH4

Ковалентті полюсті




Ковалентті полюссіз




Иондық









Күні






Дайындаған оқытушы

Әбдіхамит А.Қ

Пән /Модуль

Химия

Топ

107,110,115

Сабақтың тақырыбы

Элементтердің период және топ бойынша қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары

Оқыту нәтижесі
(оқушылардың оқу сабағында меңгеретін кәсіби дағдылардың тізімі)

Оқушылардың барлығы:
s, p,d және f блока элементтерін ажырата біледі
Ауфбау (Aufbau) принципіне сүйене отырып, электрондық конфигурация құрады
Оқушылардың көбі:
период және топ бойынша қасиеттердің өзгеруін атом радиусы, иондану энергиясы, тотығу дәрежелерін түсіндіреді
Кейбір оқушылар:
Элементтің құрылысына қарай қасиеттерін болжайды

Сабақтың мақсаты (SMART-мақсаттар)

10.2.1.1 химиялық элементтер атомдары қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын сипаттау: атом радиусы, иондану энергиясы, электртерістілік және тотығу дәрежесі;

Бағалау критерийлері



Оқушылар электрондық конфигурацияны Ауфбау принципі арқылы жаза отырып, толық түсінік береді
Оқушылар период және топ бойынша қасиеттердің өзгеруіне :қайнау және балқу нүктелері, атом радиусы, иондану энергиясы, белсенділігі және т.б. дұрыс түсінік бере алады

Сабақтың түрі



Жаңа сабақ

Оқыту әдістері мен тәсілдері



Презендатция, диалог

Пәнаралық
Байланыс

-

Қажетті ресурстар
(оқу-анықтамалық және әдістемелік әдебиеттер)

Интератифті тақта

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері/
жоспарланған уақыт



Жоспарланған іс-шаралар



Қажетті ресурстар
(оқу-анықтамалық және әдістемелік әдебиеттер)

Ұйымдастыру кезеңі (5 мин.)

Сәлемдесу. Сыныпта жағымды атмосфера орнату

Нәтижелі жұмысқа бағдар


Сабақ тақырыбын таныстыру
Оқыту және сабақ мақсаттарымен таныстыру




Білімді жаңарту
(15мин.)

СЫНЫППЕН ЖҰМЫС/ТАНЫСУ /ТАЛҚЫЛАУ/
ТҮСІНДІРУ
Периодтық кестедегі s, p, d және f блоктары
Ауфбау принципі
Қасиеттердің өзгеру тренді
Атомдық радиус
Иондық радиус
Иондану энергиясы
Электронның өзгеруі
Активити 2: s, p, d және f блоктарын қарастыру
Оқушылар алдыңғы тапсырмадағы қажетті үшінші периодтағы элементтердің конфигурациясын жазғандарының ішінен s, p, d блок элементтеріне f блок элементін қосып қарастырады.
Оқушыларға жұмыс парақшаларын тарату
Жұмысты орындап болғаннан кейін жанындағы оқушымен алмасып бірін – бірі тексереді.
Активти 3 Периодтық кесте туралы қызықты және маңызды мәліметтерді талқылау

Периодтық кестенің құрылу принципі және пайда болу тарихы туралы қысқаша мәліметтерді оқушылармен бірге қарастыру


Электртерістілік кестесін сыныппен талқылау
Электртерістік ең үлкен элемент
Электртерістік кіші элемент

Кестедегі қасиеттердің периодты өзгеруін талқылау


Оқушыларға бағдар беруге ұсынылатын сұрақтар:
«Периодтық заң» дегеніміз не, тұжырымдамасы
қандай?
Металдық/бейметалдық қасиеттер кестеде қалай
өзгереді?
Электртерістілік кестеде қалай өзгереді?
және т.б




Жаңа білім мен іс-әрекет тәсілдерін қалыптастыру
(40 мин.)

Мұғалім түсіндірмесі: Ауфбау(Aufbau) принципінің тұжырымы
Жеке жұмыс:
Оқушыларға өз бетімен орындауға тапсырмалар беріледі (оқушылардың өз болжамдары)
Оқушылар әр периодтан бір – бір элементтерді алып жазып шығады.
Оқушының жазған элементтері бойынша түсіндіреді
Ионизация энергиясын түсіндіреді
Дифференциация: алғыр оқушылар периодтар мен топта қасиеттердің өзгеруін синтездейді
Жеке жұмыстан соң, тақырып бойынша негізгі ұғымдар бойынша сыныппен талқылау жұмыстары орындалады
Активити 3. Элементтерді салыстырады.
Жұптық жұмыс:
Атом радиусы, ионның радиусы, иондану энергиясы Оқушыларға жоғарыда көрсетілген тақырыптар бойынша қысқа жауап қажет ететін тапсырмалар таратылады.
1. АТОМ РАДИУСЫ
1. Берілген атомның қайсысы үлкен: Na немесе Mg?_________
2. Берілген атомдардың қайсысы үлкен : Na немесе K?__________

2. ИОН РАДИУСЫ


1. Қайсысы үлкен: Na или Na+?___________
2. Қайсысы үлкен: Cl или Cl-?____________
3. 3 периодта орналасқан ең үлкен катионды көрсетіңіз__________
4. 3 периодта орналасқан ең кіші анионды көрсетіңіз__________

ИОНДАНУ ЭНЕРГИЯСЫ


1. Қай атомда иондану энергиясының мәні үлкен(IE) :
Na немесе Mg?___________
2. Қай атомда иондану энергиясының мәні үлкен (IE) :
Mg немесе Al?___________
3. Қай атомда иондану энергиясының мәні кіші (IE):
S немесе P ?__________
(дұрыс жауабы тақтадан көрсетіледі, презентацияда жазылған жауаптарын талқылау)
Мұғалім сыныпты аралап жүріп тексереді
Бағалау:мұғалімнің кері байланысы, оқушылардың өзін – өзі бағалауы

Қалыптастырушы бағалау парағында орындайды



Білік пен дағдыны қалыптастыру. Қолдану.
(15 мин.)

Бағалау: мұғалім жұмыстарына ауызша кері байланыс береді, қажеттілік туындаған жағдайда көмек көрсетеді. Оқушылар бірін – бірі бағалау.






Үй тапсырмасын ақпараттандыру кезеңі
(5 мин.)

Периодттық топ бойынша энергетикалық деңгейлерін анықтау




Сабақты қорытындылау
/ бағалау (5 мин.)

Жұптық жұмыс: Азот элементінің тотығу дәрежесін анықтаңыз.
NH3 , N2 ,NO, Li3N , Mg3N2
Келесі жұпқа жұмыстарын беріп, бірін –бірі тексереді.
Мұғалім оқушылардың жұмыстарын қарап шығады және кері байланыс береді. Жұмыстың дұрыс
ЖЕКЕ ЖҰМЫС : тотығу дәрежесін табу
Төменде берілген реакция теңдеулердегі барлық элементтердің тотығу дәрежесін көрстіңіз
Hg+S→HgS
3H2O+P2O5→2H3PO4
CuSO4+2NaOH→Na2SO4+Cu(OH)2
Fe+2HCl→FeCl2+H2
2Al(OH)3 → Al2O3 + 3H2O




Рефлексия (5мин.)



«Комплимент» жасау арқылы оқушылардың сабақта қандай сұрақтар туындағанын және қандай тапсырмаларды жеңіл орындағандарын ортаға салады.
Барлық оқушылар ортаға шығып шеңбер құрады. Бір – бірлеріне допты лақтыру арқылы өз ұсыныстары мен тілектерін білдіреді.(сабаққа қатысты)
Оқушылар сабаққа жазбаша түрде кері байланыс береді



Тақырып бойынша алған керекті ақпаратты чемоданға салыңыз, яғни осында жазыңыз...



Сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыз.

Бүгінгі ақпараттың ішінде әлі де оқуым керек, толықтыруым керек дегенде
і болса еттартқышқа салыңыз.....






Алғашқы кестеде Менделеев әлі ашылмаған бірнеше элементтер бар екенін болжап, оларға кестеде тиісті орын қалдырып, кейбір қасиеттерін күні бұрын айтып берді. Сондай болжанған “экоалюминий” (1875 ж. француз химигі П.Лекок де Буабордан ашқан қазіргі галлий Ga), “экабор” (швед ғалымы Л.Нильсон 1879 ж. ашқан скандий Sc) және “экасилиций” (1886 ж. неміс ғалымы К.Винклир ашқан германий Ge) элементтері кейін ашылды. Сонымен қатар Менделеев марганецке (қазіргі технеций Тс және рений Re), теллурге (полоний Ро), йодқа (астат At), цезийге (франций Fr), барийге (радий Ra), танталға (протактиний Ра) ұқсас элементтердің бар екенін айтқан. Күні бұрын болжанған қасиеттер мен анықталған қасиеттердің дәл келуі Менделеевтің периодты заңын дүние жүзі ғалымдарына танытты. Радиоактивтік ыдыраудың (1806), рентген сәулелерінің (1895) ашылуы, неміс физигі М.Планктің сәуле шығарудың кванттық теориясын (1900), ағылшын физигі Э.Резерфордтың атомның планетарлық моделін (1911) жасауы, Н.Бордың атомның құрылыс теориясын ұсынуы (1913) атомның күрделі табиғаты мен периодтық жүйе құрылымының физ. мәнін түсіндірді. Ағылшын физигі Г.Мозли еңбектерінің нәтижесінде Менделеев ұсынған әр элементтің рет нөмерінің оның ядро зарядымен тең болуы, сондай-ақ атомдағы электрондар санының анықталуы, олардың орналасуындағы периодтық заңның тұтастай ішкі сырын ашты. Бор теориясын әрі қарай неміс физигі А.Зоммерфельдтің дамытуы, кейін швейцариялық физик В.Паули принципінің шығуы электрондық әр қабықта орналасу заңдылығын анықтады. Қазіргі Э. п. ж.126 хим. элементті қамтиды, олардан трансуран элементтері (Z – 93 – 110) және кейбір элементтер Z – 43 (Tc), 61 (Pm), 85 (At), 87 (Fr) жасанды жолмен алынған. Менделеев периодтық жүйені жасағаннан бері оны кеңістікте немесе жазықтықта орналастырудың графиктік әр түрлі нұсқалары ұсынылғанмен, Менделеевтің ықшамды қысқа және ұзын периодты кесте түріндегі нұсқасы көбірек қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет