Білім беру бағдарламаларының ОҚу-бағдарламалық ҚҰжаттамалары



бет12/77
Дата03.08.2023
өлшемі7,37 Mb.
#105008
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   77
Байланысты:
2022-2023 Химия 72 ч. УМК (2)2

Тапсырма
Қалып қойған сөздерді бос орынға жазыңыз.
Химиялық элементтер қасиеттерінің период, топ бойынша өзгеруі заңдылық.
Топ бойынша төмен жоғарыдан қарай бейметалдардың (1)________________ қасиеті кеміп, (2)_________________________ қасиеті артады.
Әрбір период (3)_____________________ басталып, (4)_____________________ аяқталады. Олардың период бойынша (5)______________________қасиеті кемиді, (6)________________________ қасиеті артады.

2.

(a) Химиялық элементтердің периодтық кестесін қолдана отырып, 2-периодта орналасқан сыртқы деңгейінде 3 электроны бар элементті атаңыз.
______________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________

(b) ІІІА топшасындағы элементтердің сыртқы деңгейдегі электрондар саны _________ тең
(c) Сыртқы электрондық қабатында электрон саны бірдей элементтерді теріп жазыңыз.
C, O,В , Al, P, In .
______________________________________________________________________________________

3. (а) «Инертті газдар» табиғи ұяластарына жататын элементтердің тобы мен топшасын жазыңыз.
______________________________________________________________________________________


(b) Инертті газдар табиғи ұяластарына жататын элементтерді жазыңыз.
______________________________________________________________________________________


(с) Инертті газдардың сыртқы энергетикалық деңгейіндегі электрондар санын, жоғарғы оксидтермен қосылыстардағы валенттілігін көрсетіңіз.
______________________________________________________________________________________


4. (а) Периодтық кестені қолдана отырып, Cl, P, S бейметалдық қасиеттерінің арту ретімен орналастырыңыз.
______________________________________________________________________________________

Сабақ жоспары № _4_(теориялық оқыту)



Күні






Дайындаған оқытушы

Әбдіхамит А.Қ

Пән /Модуль

Химия

Топ

107,110,115

Сабақтың тақырыбы

Химияның стехиометриялық заңдары

Оқыту нәтижесі
(оқушылардың оқу сабағында меңгеретін кәсіби дағдылардың тізімі)

10.1.1.2 «салыстырмалы атомдық масса», «салыстырмалы молекулалық масса» және «молярлық масса» ұғымдарының физикалық мәнін түсіндіру

Сабақтың мақсаты (SMART-мақсаттар)

- Периодтық кестеде элементтердің атомдық салмақтары әрдайым бүтін сан бола алмайтынын біледі
- салыстырмалы атомдық және молекулалық массаның мәнін түсіндіре алады
- молярлық масса ұғымын біледі
- бұл ұғымдардың арасындағы айырмашылықтарды ажырата алады
- салыстырмалы молекулалық және молярлық масса есептей алады

Бағалау критерийлері



Салыстырмалы атомдық, молекулалық және молярлық массаларды салыстыру;
Қосылыстың молярлық массасын есептеу;

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Оқыту әдістері мен тәсілдері



оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру.

Пәнаралық
Байланыс

Математика

Қажетті ресурстар
(оқу-анықтамалық және әдістемелік әдебиеттер)

Таратпа қағаздар, маркерлер, оқулық

Сабақтың барысы



Сабақтың кезеңдері/
жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-шаралар



Қажетті ресурстар
(оқу-анықтамалық және әдістемелік әдебиеттер)

Ұйымдастыру кезеңі (5 мин.)

Амандасу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Өткен сабақ бойынша қайталау «Сөзді ұста» ойыны. Сыныпты үш топқа бөлу. Өткен сабақты қайталап еске түсіру үшін кілттік сөздер салынған конверт топтарға таратылады. Кілт сөздер: зат массасының сақталу заңы, көлем қатынастар заңы, Авогадро заңы, зат мөлшері, заттың массасы, заттың көлемі т.б. Мұғалім осы сөздерге қатысты сипаттама берген кезде оқушылар тиісті сөзді бірінші болып қолымен жауып, өзіне жинайды.
Бағалау: Көп сөз жинаған оқушыларға смайликтер таратылады.




Білімді жаңарту
(15мин.)

Жаңа сабақ тақырыбын ашу
Сыныпқа сұрақ қою
Неліктен атомдық масса бүтін сандармен өрнектелмейді?
Оқушылар жауаптарын тыңдау. Топпен талқылау.
Көміртек-12 массасы дәлме-дәл 12,00 болғанымен, табиғатта кездесетін көміртектің салыстырмалы атомдық массасы сәл өзгеше 12,01 болады. Бұл қосымша масса қайдан шығады? Барлық химиялық элементтер табиғатта изотоптар қоспасы түрінде кездеседі. Кейбір элементтер табиғатта тек жалғыз изотоптар түрінде болады. Жалғыз изотоптарға фтор, алюминий, кобальт және алтын жатады. Химиялық элементтер табиғатта изотоптар қоспасы түрінде кездесетіндіктен, табиғи элементтің салыстырмалы атомдық массасы бүтін сан болу мүмкін емес. Салыстырмалы атомдық массаны анықтау барысында элемент изотоптарының атомдық массалары мен табиғаттағы проценттік құрамы ескеріледі. Табиғи көміртек екі изотоп (көміртек-12 және көміртек-13-тің қоспасы) түрінде кездеседі. Аталған изотоптардың пайыздық мөлшері сәйкесінше 98,89% және 1,11%. Сондықтан табиғи көміртектің салыстырмалы атомдық массасы бүтін сан бола алмайды.
Слайд презентация арқылы мұғалім оқушыларды жаңа сабақ тақырыбымен, мақсатымен таныстырады, оқушылармен талқылай отырып, кілттік сөздерді анықтайды.

Қалыптастырушы бағалау парағында орындайды



Жаңа білім мен іс-әрекет тәсілдерін қалыптастыру
(40 мин.)

Жаңа сабақты меңгеру
Топтық жұмыс : сыныпты үш топқа бөлу
Әр топқа қысқаша мәтін беріледі. Оқушылар мәтінмен танысып, топта жұмыс жасайды. Әр топ сынып алдына шығып түсіндіреді.
1-топ
Салыстырмалы атомдық масса түсінігі, есептеу жолы
2-топ
Салыстырмалы молекулалық масса түсінігі, есептеу жолы
3- топ
Молярлық масса түсінігі, есептеу жолы
Әр топ оқушылары өз жұмыстарын түсіндіру барысында басқа топ оқушылары тыңдап, өзара пікір алмасады. (сұрақ- жауап)




Білік пен дағдыны қалыптастыру. Қолдану.
(15 мин.)

Жұптық жұмыс
Оқушылардыңалған білімдерін бекіту үшін тапсырмалар беру
Венн диаграммасы



Бағалау: әр жұп бірін бірі тексеріп, бағалайды. Мұғалім соңында қорытындылайды. Қателіктер болса тексерген жұп өз пікірлерімен бөліседі.






Үй тапсырмасын ақпараттандыру кезеңі
(5 мин.)

Бүгін сабақта өткен «салыстырмалы атомдық масса», «салыстырмалы молекулалық масса» және «молярлық масса» бойынша есептеу дағдыларын бекітуге арналған жұмыс парағын ұсыну




Сабақты қорытындылау
/ бағалау (5 мин.)

Әр оқушы отырған көршісіне салыстырмалы атомдық масса, молекулалық масса және молярлық масса ұғымдарын қолдана отырып, тапсырма дайындайды. Өзара жұмыстарын алмасады, жеке отырып орындайды. Соңында бірінің жұмысын бірі тексеріп, бағалайды, кері байланыс беріледі.




Рефлексия (5мин.)



«Шығу билеті»
Оқушылар ұсынылған терминдердің бірін таңдап, оны толықтырады және шығу билеті ретінде оны есікке жапсырып кетеді
Маған сабақта қиын болды .........................
Маған сабақта жеңіл болды ........................
Маған әлі де көмек керек …........................



Стехиометрия - заттардың арасындағы массалық және көлемдік қатынастарды қарастыратын химияның бөлімі.



  • «Стехиометриялық мөлшер» деген ұғым химиялық реакцияның теңдеуіндегі немесе формуладағы заттың мөлшеріне сәйкес келеді. «Стехиометриялық есептеулерге» заттардың түрлері мен олардың арасында жүретін теңдеулері бойынша әр түрлі есептеулер және оған заттардың түрлері мен химиялық реакциялардың теңдеулерін құрастыру да жатады. Стехиометрияның негізін стехиометриялық заңдар құрайды. Бұларға заттар массасының сақталу заңы, құрам тұрақтылық заңы, эквиваленттер заңы,еселік қатынас заңы, кәлемдік қатынас заңы, Авогадро заңы жатады. Бұл заңдар заттардың атомдар мен молекулалардан тұратынын және атом – молекулалық ілімнің дұрыс екенін дәлелдесе, ал атом молекулалық ілім стехиометриялық заңдардың мәндерін толық түсіндіріп береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет