9.4.3.1 -органикалық қосылыстардың көптүрлілігінің себебін түсіндіру;
9.4.3.2 -көмірсутектердің және олардың туындылары: спирттер, альдегидтер, карбон қышқылдары, көмірсулар, аминқышқылдарының жіктелуін білу;
9.4.3.3 -функционалдық топ түсінігін, берілген класс қосылысының химиялық қасиеттерін анықтайтын топ ретінде түсіндіру.
- Көміртегінің құрылысын және коваленттік байланыстарды жазып көрсете алады;
- Сыртқы энергетикалық деңгейшелерге электрондарды дұрыс орналастыра алады және көміртегінің электрондық конфигурациясын дұрыс құрастыра алады;
- Органикалық қосылыстардағы көміртектің байланыстар санын дұрыс көрседі;
- Органикалық қосылыстардағы көміртектің химиялық байланыс типін дұрыс көрсетеді;
- Молекулалық жинақтарды қолдана отырып, органикалық қосылыстар формуласын модельдей алады және қағаз бетінде үш өлшемді бейнесін суреттей алады.