Мұнай Қазақстанның негізгі эконмиканың көзі деумізге болады, мұнай май тәрізді тығыздығы 0,8-0,9г/см3 болтын қоймалжың зат, жер қойнауынан өңдеп алынған мұнайды шикі мұнай деп аталады, оны су мен және басқа қоспасынан тазарған соң тауар мұнай деп айтамыз. Мұнайдың құрамын қарап оларды парапинді, нафтенді, ароматты деп бөлеміз. Бұрғылап алынған мұнайды үздіксіз процес арқылы ректификалық мұнараға жіберіп отырылады, онд атүтікті пеш арқылы 3500С-та қыздырылып буға айналдырып барып бөліп алынады. Қазақстан газ, мұнай және тас көмір қоры жөнінен әлемдегі табиғиресурстары бай елдердің қатарына жатады. Көмірсутекті отын, мұнайтабиги газ бүкіл әлемнің өркендеуінің өзегі болып отыр. Қазақстан әлемдік рынокқа көмірсутекті отынды шығарушы елдердіңбірі. Тас көмір — Қазақстанның энергетикалық ресурстарының негізгі түрі. Республиканың отын балансындағы оның арасалмагы 70%-тей. Қазақстанда жалпы геологиялық қоры, шамамен, 160 млрд тоннадай болатын тас көмірдің, кокстелетін көмірдің, қоңыр көмірдің түрлері бар. Қазіргі кезде республикада, жалпы алғанда, 400-дей кен орнынан жылына 100 млн тоннаға жуық тас көмір мен қоңыр көмір өндіріледі. Қазақстанның ең ірі көмір базасы — Қарағанды көмір алабы. Республикамыздың орталық бөлігінін 3000 км2 ауданын алып жатқан Қарағанды көмір алабының жалпы геологиялық қоры 60 млрд тоннаға жуық. Негізгі кен орындары — Абай, Сарань, Шерубайнүра, Шахтинск, Михайловка және т.б. Көмір қатпарларының тереңдігі 50 - 300 м ге дейін, ал Михайловкада көмір жер бетіне өте жақын жатқандыктан, ашық әдіспен өндіріледі. Қарағанды көмір алабы елімі.чдо жүмсалатын барлық көмірдің тең жартысын береді. Соның ішінде кокстелетін көмір де бар. Маңызы жөнінен Қарағандыдан кейін екінші орынды алатын Қазақстан көмір алабы — Екібастүз. Ол 200 км2-қа жуык шағын ауданды алып жатса да, жалпы қоры — 17млрд тоннадай. Екібастүз алабыныңартықшылығы, көмір қабаттары жер бетіне жақын (100 м-ге дейін) жатқандықтан, өндіру ашық әдіспен жүргізіледі де, өзіндік кұны арзанға түседі. Екібастүз көмірі, негізінен, отын ретінде электр және жылу станцияларында қолданылады. Негізгі кен орындары — "Алып" ("Богатырь"), "Солтүстік" және "Шығыс" кеніштері. Қоры жөнінен болашағы зор тас көмір және қоңыр көмір кеніштері қатарына: Қостанай облысындағы Құсмұрын, Майкөбе, Шығыс Қазақстандағы Кендірлікті (қоңыр көмір және жанғыш тактатастардың бай қоры бар) жатқызуға болады. Бұл жерлерге жақын маңда ірі тұтынушы кәсіпорын және темір жол болмағандықтан, өндіру ісі басталмай отыр, дегенмен жергілікті халық отын ретінде пайдалануда.