2. Диагностиканың осы түрінде арнайы психолог пен арнайы мұғалім қандай функцияларды орындайды? Сурдопедагог – естімейтін және нашар еститін балаларды оқыту, тәрбиелеу және кохлеарлық импланттары, есту аппараттары бар балаларды оңалту жұмысын жүргізетін маман.
Сурдопедагогика – арнайы педагогиканың бөлімі (бұрын – түзету педагогикасы немесе дефектология). Бірақ сурдопедагогиканың мәні есту қабілетінің жетіспеушілігін түзету емес, балаға қоршаған әлем алдындағы кедергілерді жеңуге көмектесу болып табылады.
Тифлопедагог - түзете-оқыту үрдісін жүргізетін білім беру мекемесінің негізгі маманы болып табылады.
Тифлопедагогтың арнайы сабақтары пропедевтикалық болып табылады – яғни балаларды жан-жақты оқу-іс әрекетіне даярлап, қарапайым түсніктерді қалыптастырады.
Тифлопедагог өз жұмысын арнайы түзету бағдарламаларына, әдістемелік құралдарға және нұсқауларға, сонымен қатар авторлық бағдарламаларға негізделе отырып жоспарлайды.
Олигофренопедагогиканың жұмысы - тәрбиелеу, оқыту және интеллектісі бұзылған балалар және жасөспірімдердің әлеуметтік адаптациясы болады. Олигофренопедагогика педагогикалық ғылым болады, себебі теориялық негіздерді, қағидаларды, әдістерді, тәрбиелеу құралдарымен пішіндерін өңдейді.
Логопедия - психология мен педагогиканың тіл кемшілігін, оны жою мен оның алдыналудың әдістері мен қағидаларын зерттейтін саласы. Бала тілінде болатын кемістіктерді зерттеп, оны жоюдың жолдарын іздеп, түзету жұмыстарын жасайды.