Білім беру бағдарламасы 2 «Назарбаев Зияткерлік мектептері»



Pdf көрінісі
бет4/11
Дата04.04.2023
өлшемі287,19 Kb.
#79333
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
1. Бағдарлама Қазақ тілі Т1

Рефлексияқайта ойлауға және өз әрекетінің нәтижелеріне талдау 
жасауға, өзін-өзі тануға бағытталған ойлау үдерісі. 
Саналылық пен белсенділік ұстанымы – тілдің заңдылықтары мен 
ережелерін оқушылардың жаттанды түрде емес, саналы түрде меңгеруі. 
Тәсіл – әдісті жеткізудің жолы. Бір әдіс бірнеше тәсілмен жеткізілуі 
мүмкін. 
Теорияны практикамен байланыстыру ұстанымы – оқушылардың 
теория жүзінде алған білімдерін өмір қажетіне пайдаланулары арқылы іске 
асыруы. 
Тіл мен әдебиетті саралап оқыту – мұғалім мен оқушының 
ынтымақтастығын, тіл мен әдебиетті оқыту үдерісінің диалогтік сипатта, 
әрекеттік - шығармашылық сипатта өтуін, оқушының жеке тұлғасының дамып, 
қалыптасуын көздейтін дидактикалық үдеріс. 
Тұлғаға бағдарланған тәсіл мұғалім мен оқушының арасындағы 
тұлғалық қарым-қатынасты, оқушыны тұлға ретінде құрметтеуді, оның 
моральдық - этикалық қасиеттерін, әлеуетті қабілеттерін ескере отырып, 
үйлесімді қалыптастыруды және жан-жақты дамытуды білдіреді. 



Түсініктілік ұстанымы – оқу материалына дәл анықталған 
материалдарды ендіруді, оқушылар меңгере алатындай ғылыми терминдер мен 
ұғымдарды пайдалануды көздейді. 
Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар – оқытудың мақсаттары, 
бағдарламаның бөлімдері мен тақырыптарының күтілетін нәтижелері мен 
мазмұны қамтылған тиісінше бір оқу жылы ішінде және бір тоқсанда оқу пәні 
бойынша оқу процесін ұйымдастыруға арналған арнайы пәннің оқу жоспары, 
оқу үрдісін ұйымдастыру үшін оқу-әдістемелік құралдар тізімі. 
Іс-әрекетке бағдарланған тәсіл білім мен дағдылардың белсенді 
танымдық іс-әрекет барысында қалыптасатынын білдіреді, өз кезегінде бұл 
деректер мен басқа да ресурстарды өз бетінше іздеу, интерпретациялау, талдау, 
тұжырымдау мен бағалауды көздейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет