5
Оқу мақсаттары – оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша оқу курсы
аралығында білу, түсіну және дағды жетістіктеріне қатысты күтілетін
нәтижелерді қалыптастыратын тұжырым.
Оқушылардың психикалық дара ерекшеліктерін ескеру – оқушыларға
теориялық білім мен практикалық дағды
беруде олардың психикалық
қасиеттерін, оқуға бейімділігі мен икемділігін ескеру.
Оқыту әдісі – білім беру әдістері оқушылардың білім мен білігін, олардың
практикалық дағдысын қалыптастыру жолындағы мұғалімнің жүргізетін
жұмыстарының тәсілі және оқушылар жүргізетін жұмыстың мұғалімнің
басшылығымен орындалатын тәсілі.
Оқытудың ғылымилық ұстанымы – оқулықтардағы тілдік
материалдардың мазмұнының тіл білімі саласындағы
ұғымдар мен олардың
құрылымына сәйкес келуі.
Оқытудың жүйелілік ұстанымы – оқу
материалдарының логикалық
жағынан бір ізбен сатылай құрылу, берілу тәртібі.
Оқытудың көрнекілік ұстанымы – әрбір
сабақта көрнекі құралды
ұтымды пайдалана білу.
Пәннің қысқа мерзімді жоспары – оқу мақсаттары (мұғалімнің іс-
әрекеттеріне арналған нұсқаулық) және оқыту мақсаттары (оқушылардың іс-
әрекеттеріне арналған нұсқаулық), оқу үрдісінің ресурстары мен сатылары
қамтылған сабақ жоспары.
Педагогикалық тәсілдеме – оқу-тәрбие
стратегияларын анықтайтын
қағидаттар жиынтығы. Онда әр қағидат оқу барысында туындайтын нақты
қайшылықтарды шешуді реттейді.
Достарыңызбен бөлісу: