Білім беру бағдарламасы 5В011700 Қазақ тілі мен әдебиеті, 050211 Филология: қазақ тілі



бет13/46
Дата20.09.2023
өлшемі122,7 Kb.
#109250
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   46
Байланысты:
ЖТБ Силлабус 2021

Прага мектебі
Бұл мектеп лингвистикалық үйірме ретінде 1926ж. құрылды. Оны қалыптастырушы – чех ғалымы, профессор В. Матезиус (1882-1945). Үйірменің құрамында Р.Якобсон, Н.Трубецкойлар болды.
Прага мектебінің өкілдері тілдік элементтерінің функциялық жағына ерекше мән берді. Олар: «Әрбір элемент өзінің тілдік жүйеде атқаратын қызметіне қарай бағалану керек. Тіл дегеніміз – функцианалды жүйе. Тіл білімінің міндеті осы жүйені тілдің барлық қабаттарынан – фонологиядан да, морфологиядан да, синтаксистен де, лексикадан да табу және олардың әрқайсысының өзіндік сипаттарын айқындау», - деп санайды. Тілдік элементтердің қызметін бірінші орынға қоятындарына қарап, бұл бағытты функцианалды лингвистика деп те атайды.
Функцианалды лингвистика өкілдерінің жақсы зерттеп, айтарлықтай табысқа жеткен саласы – фонология. Бұл мәселеде олар Бодуэн де Куртенэнің фонема туралы ілімін басшылыққа алып, оны ілгері дамытты. Бұл салада әсіресе Н. С. Трубецкойдің (1890-1938) атқарған рөлі, ғылыми табысы ерекше болды. Ол өзінің «Фонологияның негізі» (1939) деген еңбегінде фонетика мен фонологияны екі бөліп қарайды да, бұлардың ішіндегі таза лингвистикалық пән болатыны – фонология, - дейді. Бұл кітап 1960 жылы орыс тіліне аударылды.
Н.С.Трубецкой : «Фонология тіл дыбыстарының мағына ажыратқыштық (функцияналдық) жағымен шұғылданады» , - деп санайды. Оның пікірінше , фонамалардың сөз мағынасын түрлендіру , сөз өзгерту функциясы – фонологияның ең негізгі мәселесі.
Трубецкой фонологияның рөлін тым асыра бағалады.Сондықтан да , ол «тіл білімінің басты міндеті – тілдің фонологиялық жүйесін айқындау» , - деп біледі.
Прага мектебінің өкілдері синхрониялық зерттедің мәнділігін айта отыра , синхрония мен диахрония арасында жақындаспайтын алшақтық , бітіспейтін қайшылық жоқ,- деп қарайды.Олар: «Тіл – жүйе.Жүйе де үнемі өзгеріп отырады», - дегенді айтады.Мұның өзі Прага мектебінің басқа структурализм мектептеріне қарағанда көп мәселені дұрыс шешкендігін көрсетеді.
Копенгаген мектебі
Бұл мектеп гректің глосса(гр.glossa - тіл) деген сөзі негізінде глоссематика деп те аталады.Ол ХХ ғасырдың 30 жылдарында қалыптасты.Оның басшысы – Дания лингисі Луи Ельмслев(1899-1965).Ельмслевтің «Жалпы грамматиканың негіздері» (1928) , «Тіл теориясына кіріспе» (1943) деген кітаптары бар.Онда глоссемантиканың негізгі принциптері баяндалған.
Ельмслев: « Тіл – таным құралы», - дейді.Глоссемантистер тіл құрылымы дегенді мағынаға қатысы жоқ тілдік элементтерінің , формалардың жиынтығы деп санап , оның мағыналық , дыбыстық жағын ескермеді.Олар: « Тіл білімінің міндеті – тілдік элементттердің арасындағы қарым – қатынасты ғана зерттеу. Өйткені тілдегі шешуші нәрсе – қарым-қатынастың өзі ғана», - дейді.
Тілдік байланысты шектен тыс дәріптеп, абсолюттендіру өзгелерден гөрі Л.Ельмслев еңбектерінде тым анық көрінеді. Ол лингвистерді тілдің дыбысталу, мағыналық жақтарына мән бермеуге, бар назарды тілдік қатынасқа аударуға шақырады.
Сондай – ақ , Копенгаген мектебі Соссюрдің ізімен: « Тілдің жүйелік қасиеті тек синхрондық зерттеу арқылы ғана ашылады. Ал диахронияда ол қасиет бұзылады.Сондықтан тілдің ішкі сырын ашатын ашатын – синхрондық зерттеулер ғана», -деп санайды.
Копенгаген мектебінің өкілдеріне субъективизм тән.
Дескриптивтік мектеп
Бұл мектеп ХХғасырдың 30-50 жылдарында Америкада қалыптасты.Ол – структурализмнің бір тармағы болып табылады.Бірақ бұлар Ф. де Соссюрдің концепсиясына сүйенген жоқ.Дескриптивтік мектепті қалыптастырушылар – Леонард Блумфильд (1887-1949) , ЭдуардСепир (1884-1939) , Ф.Боас (1858-1942), З.Харрис.
Америка структурализмі кейде дескриптивтік мектеп немесе дескриптивтік(сипаттамалы)әдіс деп те аталады. Дескриптивтік әдіс бойынша тілдің белгілі бір дәуірдегі күйі , статикалық қалпы сипатталады. Тілдегі өзгерістер , даму дегендер онда ескерілмейді.
Л.Блумфильд – Америка лингвистерінің ең көрнекті қайраткерлерінің бірі. Оның негізгі еңбектері – «Тілді зерттеуге кіріспе» (1914), «Тіл» (1933) деп аталады (соңғы кітап 1968 ж. Орыс тіліне аударылды).Бұл кітаптарында ол тілді санадан бөліп қарайды. Тіл – сигналдар жүйесі. Әр дыбыс әр мағынаны білдіреді, - деген пікірлерді баса айтады. Л.Блумфильд тілдің коммуникативтік қызметін мойындағанымен , оның іске асуын механикалық жолмен түсіндірді. Ал тілдің екінші, яғни ойды қалыптастырушылық қызметін ол тіпті жоққа шығарады.
Л.Блумфильдтің көрнекті шәкірттерінің бірі – З.Харрис. Ол 1951 жылы «Структуралық лингвистиканың әдістері» деген , 1961 жылы «Структуралды лингвистика» деген монографиялар жазды. Бұл еңбектер Америка структуралистері зерттеулерінің ж инақталған қорытындысы іспеттес. Оларда дескриптивтік әдістің ең түйінді , өзекті мәселелері жан – жақты талданылады.
Америка структуралистері зерттеудің негізгі негізгі әдісі ретінде дистрибуцияны алады.Латын тілінен алынған бұл терминнің бастапқы мағынасы – жайылу , таралу дегенді меңзейді. Қазіргі тіл біліміндегі дистрибуция дегеннің мәні белгілі бір тілдік элементтердің сөйлеу процесінде қолданылатын орны , мәтіні дегенді білдіреді.Зерттеу әдісі ретінде олар көбінесе мәтінге көп көңіл бөлді.Олардың айтуынша , фонема үшін мәтін – алды–артына келетін фонемалар болса , морфема үшін мәтін – оның айналасындағы морфемалар.
Дистрибутивтік талдаудың нысаны - сөйлеу тілі , сөйлеу процесіндегі тілдік элементтер , яғни фонемалық , морфологиялық элементттер.Ал түпкі мақсаты – сол элементтерді талдау арқылы тілдің құрылымдық сипатын айқындау.Бұл мақсатқа жету үшін , алдымен әр қабаттың (деңгейдің) элементтері жеке – жеке айқындалу керек, содан кейін ол элементтердің дистрибуциялары (қолданылатын орны) саралану керек.
Дескриптивистердің ойынша , әрбір тілдік қабаттың өзіне тән ең кіші элементтері болады. Мысалы , фонология қабатінікі – фонема , морфология қабатінікі – морфема т.б. Фонема – фонологияның , морфема – морфологияның нысаны (объектісі). Ал фонология мен морфологияға бірдей тән пәннің аты – морфонология. Мұның міндеті – морфемалардың фонемалар Н.С.Трубецкой : «Фонология тіл дыбыстарының мағына ажыратқыштық (функцияналдық) жағымен шұғылданады» , - деп санайды. Оның пікірінше , фонамалардың сөз мағынасын түрлендіру , сөз өзгерту функциясы – фонологияның ең негізгі мәселесі.
Трубецкой фонологияның рөлін тым асыра бағалады.Сондықтан да , ол «тіл білімінің басты міндеті – тілдің фонологиялық жүйесін айқындау» , - деп біледі.
Прага мектебінің өкілдері синхрониялық зерттедің мәнділігін айта отыра , синхрония мен диахрония арасында жақындаспайтын алшақтық , бітіспейтін қайшылық жоқ,- деп қарайды.Олар: «Тіл – жүйе.Жүйе де үнемі өзгеріп отырады», - дегенді айтады.Мұның өзі Прага мектебінің басқа структурализм мектептеріне қарағанда көп мәселені дұрыс шешкендігін көрсетеді.
Л.Блумфильдтің көрнекті шәкірттерінің бірі – З.Харрис. Ол 1951 жылы «Структуралық лингвистиканың әдістері» деген , 1961 жылы «Структуралды лингвистика» деген монографиялар жазды. Бұл еңбектер Америка структуралистері зерттеулерінің ж инақталған қорытындысы іспеттес. Оларда дескриптивтік әдістің ең түйінді , өзекті мәселелері жан – жақты талданылады.
Америка структуралистері зерттеудің негізгі негізгі әдісі ретінде дистрибуцияны алады.Латын тілінен алынған бұл терминнің бастапқы мағынасы – жайылу , таралу дегенді меңзейді. Қазіргі тіл біліміндегі дистрибуция дегеннің мәні белгілі бір тілдік элементтердің сөйлеу процесінде қолданылатын орны , мәтіні дегенді білдіреді.Зерттеу әдісі ретінде олар көбінесе мәтінге көп көңіл бөлді.Олардың айтуынша , фонема үшін мәтін – алды–артына келетін фонемалар болса , морфема үшін мәтін – оның айналасындағы морфемалар.
Дистрибутивтік талдаудың нысаны - сөйлеу тілі , сөйлеу процесіндегі тілдік элементтер , яғни фонемалық , морфологиялық элементттер.Ал түпкі мақсаты – сол элементтерді талдау арқылы тілдің құрылымдық сипатын айқындау.Бұл мақсатқа жету үшін , алдымен әр қабаттың (деңгейдің) элементтері жеке – жеке айқындалу керек, содан кейін ол элементтердің дистрибуциялары (қолданылатын орны) саралану керек.
Дескриптивистердің ойынша , әрбір тілдік қабаттың өзіне тән ең кіші элементтері болады. Мысалы , фонология қабатінікі – фонема , морфология қабатінікі – морфема т.б. Фонема – фонологияның , морфема – морфологияның нысаны (объектісі).
Ал фонология мен морфологияға бірдей тән пәннің аты – морфонология. Мұның міндеті – морфемалардың фонемалар
Бірақ солардың ешқайсысына да тіл – билеушілік, басқарушылық, бағыт сілтеушілік қызмет атқармайды. Ой – сананың қалыптасуына, оның жарыққа шығуына тілдің көрсетер көмегі аз емес. Бірақ бұдан «ойлауды, сананы тіл туғызады, тіл басқарады», - деген қорытынды шықпауға тиісті. Тілдің объективті өмірді танып, білудегі рөлі де дәл осындай.
Этнолингвистикалық мектептердің ерекше көңіл бөлген тағы бір мәселесі – тілдердің грамматикалық құрылыстарындағы ерекшеліктер. Бұл мәселеде де этнолингвистер В.Гумбольдттың пікірін басшылыққа алды. Ол дүние жүзіндегі халықтардың әр түрлі тілде сөйлеу себебін рухтан іздеді.
В.Гумбольдт: «Тіл дегеніміз – сол тілді қолданушы халықтың рухы. Әр халықтың рухы әр басқа. Соған сәйкес олардың тілдері де басқа – басқа болады. Тілдердің өзгешеліктері халықтардың дүниеге көзқарастарының өзгешеліктерінде», - деген болатын.
Осы пікірлерге орай этнолингвистикалық мектептер тілдердің грамматикасына да оларға тән емес қызмет жүктеді. Мәселен, олар: «Грамматика – халықтың ақыл – ой парасатын, мінез – құлқын жасаушы. Тіл құрылымдарының әр түрлі болуы – халықтардың ойлау формаларына әртүрлілігінің белгісі»,- дегендерді айтты.
Америка лингвисі Б.Уорф тілдердің грамматикалық құрылымдарындағы өзгешеліктерді халықтардың ойлау формаларындағы, дүниеге көзқарастарындағы, дүние тану қабілеттеріндегі өзгешеліктер, - деп ашық айтады. Уорфтың пікірінше: «Тіл дегеніміз – ұғым, түсінік, мағына(Ол тілдік форманы мойындамайды). Ал ой – сана(ойлау) дүниені бейнелейді(отражает). Яғни дүние(әлем) тілден көрініс табады. Бірақ әлгі дүние әр тілде әртүрлі бейнеленеді. Ол сол халықтың дүниеге көзқарасына, тілдік ойлауына байланысты».
Б.Уорф Америкадағы хопи деп аталатын индеецтер тайпасының тілін ағылшын, француз, неміс тілдеріне салыстыра зерттейді де, европалық тілдерде кездеспейтін кейбір ұғымдар мен грамматикалық категориялардың хопи тілінде ұшыраспайтындығына қарап, хопи тілінің «дүниеге көзқарасы», «тілдік ойлауы» еуропалық тілдерден төмен, нашар, икемсіз,- деген тұжырым жасайды. Мұнысы нағыз шовинистік пиғыл еді.
Рас, американдықтар үшін капитализм– «еркіндік», ал капиталист- «еркін адам» деген ұғым берсе, хопи тайпасының өкілдері үшін, капитализм–«қанаушылар қоғамы», ал капиталист– «қанаушы» деген ұғым береді.
Дамудың жоғарғы сатысында тұрған халықтар мен төменгі сатыда тұрған халықтардың өзін қоршаған дүниеге көзқарасы, түсінігі біркелкі болмайтыны табиғи нәрсе. Бірақ бұл белгілі бір халықтың жаратылысының артықшылығынан немесе төмендігінен(нашарлығынан) болатын нәрсе емес. Олардың бәрі де әр халықтың экономикалық тұрмыс жағдайларына, географиясына(әр түрлі объективтік себептерге) байланысты нәрселер. Тілдердің грамматикалық құрылысындағы өзгешеліктерге де дәл осы тұрғыдан қараған мақұл.
Белгілі бір тілдерде бар ұғым(болмаса грамматикалық категория) екінші бір тілдерде жоқ болса, ол әлгі ұғым(категория) кездесетін тілдердің құрылысының артықшылығы, құдіреттілігі емес. Мысалы, қазақ тілі лексикасында киіз үйге, төрт түлік малға байланысты орыс тілі лексикасында кездеспейтін толып жатқан атаулар бар. Сол сияқты, түркі тілдерінде Еуропалық тілдер грамматикасында кездеспейтін тәуелдік жалғауы категориясы бар. Бұлар қазақ, түрік халықтарының орыс, еуропа халықтарынан артықшылығын, құдіреттілігін білдереді деуге бола ма? Болмаса, керісінше, еуропалық тілдерде бар род, вид категориялары түркі тілдерінде кездеспейтіндігіне қарап, мұны еуропалық тілдер жаратылысының артықшылығы, құдіреттілігі деу жөн бе? Әрине, жөн емес. Ендеше, этнолингвистердің «дүниеге тілдік көзқарас», «тілдік ойлау» дегендерге байланысты тұжырымдары қате.
Қорыталық: Тіл мен халықтың, тіл мен мәдениеттің қарым–қатынасын зерттеу, сөз жоқ, ғылым үшін қажет. Этнолингвистер бұл салада көптеген бағалы материалдар жинады және мәселенің көкейтестілігін(актуалдығын) дәлелдеді.
Соған қарамастан этнолингвистердің кемшіліктері де жоқ емес.
Ол кемшіліктер мыналар:
1)Этнолингвистердің пікірінше, қоғамның рухани жақтары халық психикасына тәуелді. Олардың бәрін халық психикасы белгілейді,- дейді. Ал диалектикалық материализм қоғамның рухани жағы оның материалдық күйіне(экономикасына), өмір сүру жағдайларына тәуелді, соған негізделеді, - деп үйретеді.
2) Этнолингвистердің пікірінше, тіл қоғам өмірінің барлық саласын басқарады, билейді, нұсқаушы рөл атқарады. Қоғам мүшелерінің дүниеге көзқарасын, мінез – құлқын қалыптастырады –мыс.
Тілде мұндай рөлдердің жоғын жоғарыда айттық.
3) Этнолингвистердің пікірінше, тілдердің әр түрлі болуы –халықтардың ойлау дәрежесінің әртүрлілігінен екен. Бұл – мүлде теріс пікір. Тілдердің әр түрлі болуы – халықтардың даму тарихына, таралу аймақтарына, экономикалық, географиялық т.б. жағдайларына байланысты. Бір ғана мысал: Арыстандар – Африкалық савандарда, ақ аю Солтүстік Мұзды мұхитта ғана тіршілік етеді. Ендеше, кең далада өмір сүретін қазақтардың ол аңдар туралы пікірі, ойы арыстандары немесе ақ аюлары бар, оны күнде көріп жүрген елдерден өзгеше болмай, қалай болады?!
Бір ғана мысал: Арыстандар – Африкалық савандарда, ақ аю – Солтүстік мұзды мұхитта ғана тіршілік етеді. Ендеше, кең далада өмір сүретін қазақтардың ол аңдар туралы пікірі, ойы арыстандары немесе ақ аюлары бар, оны күнде көріп жүрген елдерден өзгеше болмай, қалай болады?!

8 дәріс тақырыбы: Кеңес тіл білімі.


Кеңестік тіл білімі ең басты міндеттерінің бірі. Кеңес лингвистері алдында маркстік-лениндік тіл білімін дамыту міндеті тұрды. Бүкіл Кеңес ғылымының, солардың ішінде тіл білімінің де философиялық негізі – маркстік диалектикалық материализм деп жарияланды. 20-30 жылдары совет тіл біліміндегі бірнеше лингвистикалық бағыттар. 20-30 ж. кеңес тіл білімінде бір-бірінің ісіне сын көзімен қарайтын бірнеше лингвистикалық бағыт болды. Ондай лингвистикалық бағыттың бірі – үнді-европалық компаративтік лингвистиканың Россиядағы бір тармағы – салыстырмалы-тарихи тіл білімі болатын.
Кеңестік жаңа тіл білімін қалыптастырудағы академик Н.Я.Мардың рөлі. Компаративтік тіл білімін ығыстырған, жаңа бағыт совет тіл білімі тарихында « Тіл туралы жаңа ілім » немесе « Яфет тіл ғылымы » деп аталады. Оны қалыптастырушылардың басшысы ретінде академик Н.Я.Марр Кеңестік тіл білімі әлеміне көтерілді. Марр тіл туралы жаңа ілімді яфет тілдерін жан-жақты зерттеу, оның басқа семьядағы тілдермен қатынасын айқындау негізінде ғана қалыптастыруға болады деп санады.Кеңес Одағы Коммунистік партиясының орталық органы «Правда» газеті 1950 жылы Кеңес тіл біліміндегі тоқыраушылықты сынап, бұл саладағы ғылыми жұмысқа дұрыс бағыт сілтеу үшін еркін айтыс ұйымдастырды.

9 дәріс тақырыбы:Тіл білімі, оның салалары және ғылымдармен байланыстары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет