Білім беру бағдарламасы 5В011700 Қазақ тілі мен әдебиеті, 050211 Филология: қазақ тілі


Тіл білімінің теориялық және практикалық мәні



бет16/46
Дата20.09.2023
өлшемі122,7 Kb.
#109250
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   46
Байланысты:
ЖТБ Силлабус 2021

Тіл білімінің теориялық және практикалық мәні
Әдетте біз «тіл білімінің теориялық жағынан да, практикалық жағынан да мәні күшті», - деп жатамыз. Теориялық мәні дегеніміз не?
Тіл алдымен ғылыми тұрғыдан зерттелінеді. Соның нәтижесінде тілдің табиғаты, оның даму заңдылықтары айқындалады, ондағы тілдік категориялар сараланады. Ол категориялар мен заңдардың бір-бірімен байланысы, өзара қарым-қатынасы анықталады. Сөйтіп, белгілі бір тіл туралы қорытындылар, топшылаулар жасалынады. Сол қорытындылар мен топшылаулар негізінде грамматикалық , яғни ғылыми немесе нормативті оқулықтар жазылады, түрлі сөздіктер құрастырылады. Міне, тілдің теориялық мәні дегеніміз осы.
Ал тілдің практикалық мәні деп – әлгі заңдылықтарды білуді, ол үшін сол тілді оқуды, үйренуді айтамыз. Белгілі бір тілді оқып білу – ең алдымен, сөйлеу мәдениеті мен жазу мәдениетін арттырады, адамның ой өрісін кеңейтеді. Содан кейін тілді, оның заңдары мен қағидаларын үйретеді.
Университетке,институтқа түсіп оқу, білім алу, әдетте, тілді оқып үйренуден басталады. Дұрыс сөйлеп, дұрыс жаза білу- әрбір мәдениетті, білімді адамның алдына қойылатын басты шарттардың бірі. Ал мұның өзі тілдің орфоэпиясы мен орфографиясын, грамматикасын жақсы білуді қажет етеді. Тілдің стильдік тармақтарын жете білудің де практикада маңызы зор.

10 дәріс тақырыбы: Тілдің өзіндік сипаттары.


Тілдің табиғаты
Тілдің табиғаты деген нәрсе- тіл білімінің маңызды мәселелерінің бірі. Неміс ғалымы Франц Бопп: Тіл- биологиялық құбылыс, оны құдай жаратқан,- деп есептеді. Бұл пікірді А.Шлейхер де қолдады. Ол: «Тіл де биологиялық организм сияқты туады, өседі, өледі»,-дейді.
Бұлай болған күнде тіл атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа тұқым қуалау арқылы беріліп отыруы керек еді. Әрине, бұл пікір дұрыс емес. Тіл- атадан балаға ген арқылы берілетін құбылыс емес, ол бір ұрпақтан екінші ұрпаққа ауысып отыратын, кейінгі ұрпақ алдыңғы ұрпақтан үйреніп отыратын нәрсе.
Олай болатын себебі- жаңа туған бала өз ата-анасының тілінде сөйлеуі де мүмкін, сөйлемеуі де мүмкін. Жаңа туған баланың өскен ортасы өз ата-анасының тілінен басқа орта болса, ол сол ортаның тілінде сөйлеп кетеді. Оған өмірде мысалдар толып жатыр. Бұл- тілдің биологиялық құбылыс емес екендігін дәлелдейді.
Екінші бір топ ғалымдар (Г.Штейнталь, А.Потебня) тілді психологиялық құбылыс деп біледі. Бұл пікір «тіл құдай жаратқан нәрсе емес, оны жеке адам жасайды, жеке адамның рухы туғызады», «халық тілі деген жоқ, халық тілі деп жүргендеріміз- жеке адамдардың тілдерінің қосындысы»,- деген қате түсініктен туған.
Егер тіл рухтың туындысы болса, әрбір адамның жеке- жеке өз тілі болған болар еді де, бір тұтас халықтың, ұлттың тілі болмас еді. Өмірде олай болмайтынын көпшілік жақсы біледі. Жеке адамның тілі қауымда ғана жасалынады, қауымда ғана дамиды.
Ендеше, адамзат тілі- биологиялық та, психологиялық та құбылыс емес, ол қоғамдық (әлеуметтік) құбылыс, қоғамға қызмет етеді. Себебі, тіл қоғам үшін, қоғам мүшелерінің пікір алысып, өзара түсіну үшін керек, сол үшін жасалған. Пікір алысу, түсінісу қоғам бар жерде ғана болады. Бір- бірімен сөйлесетін адамдар жоқ жерде тіл де жоқ. Қоғам қай жерде, қашан туған болса тіл де сол жерде, сол заманда пайда болған. Қоғамсыз- тіл, тілсіз- қоғам болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет