Әдебиет: 5,13,20,32,40 № 5 семинар тақырыбы:Әліпбидегі әріп пен тілдегі фонема қатынасы Негізгі сұрақтар, тапсырмалар: Қазақ әліпбиіндегі ең көп дыбысты таңбалайтын әріптер қайсы?
2. Қазақ әліпбиінде қанша төл фонеманы таңбалайтын әріп, қанша кірме әріп және қанша дыбыс тіркесін таңбалайтын әріп бар?
3. Дыбыс – фонема – графема – әріп қатынасын нақты әріпті мысалға ала отырып, қалай көрсете аламыз? Қазіргі қазақ графикасындағы әріптерді дыбысталған сөз – фонема – графема қатынасында алғаш рет талдап көрсеткен ғалым Н.Уәлиұлы болды. Зерттеуші дыбысталған сөзді жазу да, жазылған сөзді оқу да фонема арқылы жүзеге асатынын анықтай отырып, қазақ жазуы теорииясының негізін айқындады.
Н.Уәлиұлының сөз болған еңбегінен басқа қазақ тіл білімінде графикадағы әріп – дыбыс қатынасын көрсететін зерттеу жоқ екеін ескере отырып, біз қазіргі жазуымыздағы әріптерді графема – фонема – дыбыс қатынасында сааралауды мақсат етеміз.
Қазақ тілі фонемаларының дыбыс қорын түгендеген профессорлар Ә.Жүнісбек пен М.Жүсіповтің, Н.Уәлиұлының, зерттеуші З.Бадамбекқызының зерттеулерінен ауызша тіл бірлігі – дыбыс пен жазба тіл бірлігі әріп күрделі қатынаста екеніне көз жеткіземіз. Ол күрделілік әліпбиде бір фонеманың реңктерін білдіретін әріп немесе басқа бір белгі болуы мүмкін бе, бір әріппен әртүрлі фонеманы таңбалауға бола ма, фонема тіркесін бір әріппен белгілеуге бола ма, бір фонеманы екі немесе одан да көп әріппен таңбалауға бола ма деген мәселелерден тұрады.
Негізінен осы мәселелерді назарға алу, қазақ жазба тіл мен ауызша тілдегі әріп – фонема – дыбыс қатынасы қазіргі қазақ жазуының мәртебесін, емле қиындықтарын, әліпби кемшілігін, орфографияны жетілдіру қажеттілігін саралауға көмегін тигізеді.
Талдау әріп(графема) – фонема – дыбыс қатынасында жүреді. Өйткені жазу теориясы тұрғысынан әріп – фонеманы таңбалаушы, графеманың тұрпат межесі болып табылады. Қазақ графикасында 312 әріп қоры(164 кіші баспа және жазу, 148бас баспа және жазу) бар. Оның һ, ң, ь, ъәріптерінің бас әрпі жоқ, ә, б, в, г, ғ, д, е, е, ж, з, и әріптерінің бас әрпі мен кіші әрпі өзара сәйкес келеді, ал а, б әрпінің баспа бас әрпі мен кіші әрпі екі түрлі. А, б, в, г, ғ, д, һ, р, тәріптерінің бас әрпі мен кіші әрпі жазба түрінде ұқсамайды. Қазақ тілінің өзіне тән фонемаларын белгілейтін – /ә/-/е/-нің төңкерілген түрі, /ө/, /қ/, /ң/, /ғ/ орыс графикасындағы о, к, н, г – әріптеріне қосымша белгі салынған түрі, ал /ү/, /ұ/ у әрпінің өзгертіілген түрі.
Біз зерттеу нысанына әріп қорын түгел алмай, ортақ абстракті бірлік – графема арқылы әліпбидегі әріптердің мазмұн межесін және фонеманың дыбыс қорын көрсетеміз (2-кесте). Қазақ жазба тілінде 9 әріп дауысты фонеманы, 19 әріп дауыссыз фонеманы таңбалайды. Э, ь, ъ, в, ц, чәріптері тек кірме сөздерде жазылғандықтан талдау нысанына алынбайды. Немесе бұл әріптердің орыс тіліндегі дыбыс қорын бір бөлек және қазақ тілінің ауызша әдеби тілі мен қарапайым сөйлеу тіліндегі(игерілгендігі) дыбыс қорын бір бөлек беру керек.
Сонымен, 9 дауысты фонемаға қазақ әліпбиінде 9 әріп арналған. Олардың ішінде көпмәнді әріпке е (10), ы (7), і (7), а (6), о (3) жатады. Ө (2), ә (2) графемалары бір және екі мәнді. Мұндағы [Ш] белгісі графема сөйлеуде нөлмен алмасады дегенді, ал [үШ], [ұШ] белгілері– графема [ұ],[ү] реңкінде редукцияға ұшырайды дегенді білдіреді. [yӨ],[yо],[jе] таңбалары дифтонгтік сипатты және алдынан қосылған дауыссыз әнтек естіледі дегенді білдіреді. Келесі бір таңбалар жүйесу жуан – жіңішке, ерін – езулік варианттың аралығында өтпелі дыбыс реңкі бар дегенді білдіруге арналған. Мысалы [а] мен [ә] варианттарның арасында [а], не [ә] емес, екі дыбыс аралығындағы [д] вариациясы бар. Сол сияқты үш буынға дейін еріндік буын езулік буынға өзгеше реңпен алмасады. Сондықтан ерін дауыстылар мен езу дауыстылар аралығында еріндік реңкін де езулік реңкін де алып отыратын вариациялар ([еэ],[о],[ы]) бар. Кестеде қазақ орфаграфиясы үшін қиындық тудырып отырған а, е, ы, і әріптерінің гиперфонеманы беретін позициялары да көрсетілген.
Енді қазақ әліпбиіндегі б, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, ф, х, һ, ш (21) дауыссыз дыбыс әріптерінің және я, ю, и, у, щ таңбаларының фонема – дыбыс қатынасын көрсетейік (3-кесте).