Білім беру бағдарламасы 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В020500 «Филология: қазақ тілі»


Ч әрпі өзге графикадан алынғандықтан ш



бет30/78
Дата01.10.2023
өлшемі310,56 Kb.
#112134
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   78
Ч әрпі өзге графикадан алынғандықтан ш графемасынан дифференцияланбай, екі әріп таңбалары бірінің орнына бірі қолданыла берген, ч әрпі қатаңмен іргелес келгенде де, дауысты, үндімен іргелес келгенде де таңбаланған кездері аз емес: айтчы, елчі.
Орыс тіліндегі <в> фонемасы 3 түрлі дыбысталуына сай біресе у, біресе б таңбасымен (чинобник, бистафка), біресе ф әрпімен берілді (Жапаноф, Ибаноф).
Араб жазуының емлесіндегі бір ерекшелік ерін үндемесінің басым берілуі, тіпті қосымшаларда да таңбалануы болды: болұс, мүйүз, тұрғұн, ұзұглұқ, үстүнен. Яғни, ерін үндесімі позициялық өзгерісті бейнелеген фонетикалық принциптен де шықты, сонымен бірге оғыз-қарлұқ архаикалық элементінің де дәстүрін сақтады, мысалы: оқұб, бірақ барұб, келүб.
Проф. Р.Сыздық Қ. Жалайырдың еңбегінде лабиалды үндесім тұрақты таңбаланбайтынын, ал қосымшалардың еріндік варианты мүлде кездеспейтінін айтады. Бұл тенденцияны орта түркі шағатай тілінің орфографиялық нормасынан қазақ тілінің өз емле ормасы бөлініп шыға бастағаны деп түсіндіруге болады.
Қосымшалардың түбірге үйлесімсіз бірыңғай ұяң вариантпен жазылуын Г. Мамырбекова инвариант-вариант принципі бойынша ұяң нұсқасы инвариант болып табылған да, ауызша тілде үйлесім варианттарымен дыбысталғаны деп көрсетеді.
Жалпы мұнда қосымшалардың мазмұн межесі (мысалы, көптік жалғауыынң қазақ сөйлеу тілінде 9 варианты бар) бір тұрпат межесіне сай келген қосымшаның таңбалық сипатын көруге болады: 9 <лар, лер, лөр, дар, дер, дөр, тар, тер, төр> /1 <лар>.
Сөз болып отырған жазу емлесі морфологиялық ұстанымға негізделеді. Дегенмен, ерін үндестігінің позициялық түрленімінің таңбалануы, орнына, халқыңыз, көңлүме сияқты сөздерде қысаң езуліктердің айтылуы бойынша түсіріліп жазылуы, интервокал позициядағы <қ> фонемасының /х/ әрпімен (йахшы, йарылханыб, ахыры, ахшар) берілуі, /қ/, /ғ/ әріптерінің жуан дауыстылармен іргелес жазылуы араб жазу дәстүрінен қазақ тілінің өзіне тән жазу жүйесі түзіліп келе жатқанынан хабар берді.
Бұл кездегі емле дәстүрі, негізінен, мыналар дейді Г.Мамырбекова:

  1. Араб, парсы тілдерінен енген сөздер сол тілдердегі негізгі тұлғаларын сақтап қолданылған.



  2. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет