Білім беру бағдарламасы 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В020500 «Филология: қазақ тілі»



бет26/78
Дата01.10.2023
өлшемі310,56 Kb.
#112134
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   78
Байланысты:
Қаз жазу тар,2020 сил

Пысықтау сұрақтары:
1. Графика мен орфография ұғымдарының шығу себебі неде?
2. Әліпби мен графика ұғымдарының арасында қандай айырмашылық бар?
3. Әліпбиге қойылатын қандай талаптар бар?
4. Әріп саны фонема санынан аз әліпби жетілген деген пікірге жауабыңыз қандай болады?
5. Қазақ жазуы 1 әріп: 1 фонема қатынасында әліпби құрған ба? Салдары нендей болды? Болашақта қандай қатынастағы әліпби құруға мүмкіндік бар?
6 дәріс тақырыбы: Үндесім заңы және қазақ жазуы.
Қарастырылатын мәселелер:

  1. Үндесім заңының 30-80 жж. Түсіндірілуі

  2. Үндесім заңы туралы қазіргі көзқарастар.

  3. Жалпы тіл біліміндегі үндесім заңының түсіндірілуі.

  4. Екпін мен үндесім

Қазақ тіліндегі үндесім құбылысының әліпбиі , жазу үнемділігі үшін мүмкіндігі бар екендігін А.Байтұрсынұлы әліпбиі, осы аліпбиді жоғары бағалаған Яковлевтің ,Е.Д.Поливановтың мақалалары , Н.Уэлиевтің диссертациялық зерттеуі, Ә.Жүнісбектің, М.Жусіповтың зерттеулері дәлелдеді. Үндесім заңдылығы арқылы санын қысқартуга, орфографиядағы киындықтарды болдырмауға, жазу экономиясын жасауға болады. Үндесім заңдылығына А.Байтұрсынұлы әлiпбиі негізделді, 1929ж. жазу емлесіне сүйенді. 1929 ж. 2-4 маусымы аралығындағы конференциясында Т.Шонанов емленің негізіне бірінші дыбыстардың ілгерінді, кейінді ықпалы, тіл дауысты дыбыстарының және соңында дауысты дыбыстардың үндесімін алдық деген. Яғни төте жазудан латын графикасына ауысу үндесім заңдылығынан тартынуға, аталған құбылысқа басқа қырынан қарауға болды-болмасын итермеледі. Дегенмен 1934 ж. жаңа жазуға өзгерту енгізу керектігі көтерілгенде, бірінші болып, проф. Қ.Жұбанов өзінің әлiпби мен емле жобасын ұсынғанда ондағы ерекше өзгере дәйекше кызметін пайдалануы еді. Ғалым 34 әріптіті дәйекшенің көмегімен 25 әріпке қысқартып, А.Байтұрсынұлының әліпбиін жаңғыртады. Бірақ аталған жоба қабылданбады. Оған, бір жағынан, К.Жұбановтың өзіндік ұстанымдары да себеп болган сияқты. Мысалы, ғалым С. Аманжоловтың мақаласына жазған сынында сингармонизм заңы "вполне реальный и вовсе не от- живший, а реально действующий, следовательно, он нисколько не реакционен в том виде, в каком имеет силу в современном казахском языке" десе, енді бірде "сингармонизм казак тілінде әбден турақты категория емес" дейді. Себебі К.Жұбанов сингармонизмді В.В.Радлов, Боду эн де Куртенэ, Бетлинг, Штейндаль aйтқан пікірде, түбір қызметінде ғана түсінемін; бұл заңға қарсы шыққандар орал-алтай тілінің жалғамалык құрылысына қарсы шыққанмен бірдей, ол латын, орыс тілдеріндегі кейінді ықпалмен тең деді. Автор қазақ тілі буыншыл тіл дегенді көбірек айтқан. Осы арқылы жуан-жінішкелік бүтін сөзге емес, бір бынға тарайды деген пiкipі басым.
Ғалым А.Байтұрсынұлы мен Х.Досмұхамедұлы айтқан түбір сингармонизмі бұзылды, өткенде қалды, мысалы, қайтемін, бірак, әпербақан сөздерін қараңыз деді. Сонда қазақ тіліндегі үндесім заңының бұзылуына сездердің бірігy таcілі негіз болған, ал кейбіреулер (К.Юдахин) оны кірме сездердің әсері дейді деген.
Автор қазақ тіліндегі түбірлердің дені бір буынды, балкім, осы ерекшелік дыбыс үндесімін көрсеткендей шығар дейді, бipақ cөз iшіндегі буындардың біpі жуан, бірі жінішке бола беpyi мүмкін дейді: көгал, корен.
Жалпы ғалымның мұндай көзқарасқа келуіне, озiнің халықаралық терминдерді қазақ тілінің фонетикалық принципне салып, "бұзып " жазуға қарсылығынан туындаса керек. Сингармонизм занңын бетке ұстап, кірме атауларды игерiп жазудың қажеті жоқ, халықаралық терминдердің жазылуы бұл заңды бұза алады деген ойын автор ашық айтқан. Сонда автордың пікіpінше, кірме сөздің түбіріне жалғанатын қосымша ғана үндесімге бағыну керек болып шығады. Автор зерттеулерінен үндесім кұбылысын түсіндіргенде түбірдің соңғы буыны қандай болса, қосымша да соған үндес жалғанады деген ой кайталанып отырады. Сөйтiп, ғалым сингармонизм занына мынадай анықтама береді: "сөз мүшелерін матастырып ұстайтын арқанның ен күштісі түбір мен қосымша мүшелерінің үндесуі.
Енді ғалым үндесім құбылысы тек бір буын шегіне ғана тарайды деп түсіндірген соң, сонда сөзді бір бүтін етіп турған просодика қызметін не нәрсе атқарады деген сауалға жауап іздеген. Сейтіп, тізбекті мәтін ішіндегі сөздін жігін екпін айырады деп тоқтайды. Мысалы: [жас ат], [сен жасат]. "Сез-сөздің жігі- не дауыс тоқтай бермейді. Біp сөздің буындары бір-ақ екпінге қарайды, мысалы: суалмаған, су алмаған, су ал, маған дегенде соңғысында ғана дауыс үзіледі дейдi ғалым. "Сөздің эр буыны жуан да жіңішке де бола алатыны сияқты, кушті де, әлсіз де больп айтылады, мысалы, мектеп, мектептер, мектеn- тер". "Дәйек қосалқылардың бәрінде де да, дайек қосалқысы бар түбір азайып, көбіне мүлде жоғалып кетеді: тым жақсы, кып-қызыл. Аяқ қосалқыларда екпін болмайды: жазғанмен. Жаза ғой, сияқты, секілді-лерге қосымша косылса, екпін пайда болады (сияқтылар). Кайсыбір қосымшалар екпінді өзіне жолатпайды да, сонан екпін аяққа бара алмай тоқтап қалады (мың, сың)".
Бұдан жаңа латын жазуымен бірге акцентті-фонологиялық бағыттың жазуда бір фонема бір әріппен таңбаланады, сөз екпін aрқылы айырылады деген фонематикалық принциптің қазақ жазуындағы ipгетасын К.Жұбанов қалағанын аңғарамыз.
Іpiтеоретиктердің көзкарастары кейінгі буын зерттеушілердің пiкiрлеріне әсерін тигізбей қойған жоқ. Мысалы, 1940 ж. М.Балақаев: "Түркі системасындағы басқа тілдердің, қазақ тілінің фактілеріне қарағанда дауысты дыбыстардың үндесуі бiртіндеп кұрып барады. Сөйтіп, үндестік заңын тежеген боламыз" деп, орыс тілінен енген сөздерді өзгертпей жазайық, орыс oрфографиясына жақындатып я, ю әріптеpін алайқ, э дыбысын cоңғы буынға жазбайық дейді. Кейін 1951 ж. "Қазақ тілі сингармонизм заңы кұрып барады деген пікірлер көбейді"дейді.
Cонымен, К Жұбанов зерттеулерінен бастап, қазақ тіліндегі үндесім заңы негізінен тек бір буынға тарайтын, ал дені түбір мен қосымша арасын бір бүтін етіп ұстап тұратын құрсау мағынасында игерілді. 1929 ж. латын жазуы емлесі ережесінде де, 1940 ж. орыс графикасына негізделген қазақ жазуының емлесінде де түбір сөздің басқы буыны жуан болса, сөз деп емес, тубірдің соңғы буыны жуан болса, қосымша жуан да, жінішкеде болса, қосымша да жіңішке болады деп кодификацияланды. Тек бұл заңға бағынбайтын нікі, қой, кер, паз және кемектес септігі жалғаулары болып саналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет