Білім беру бағдарламасы 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



Дата07.01.2022
өлшемі31,41 Kb.
#18059
түріБілім беру бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

«А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ

Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институт

Филология департаменті




Реферат

Тақырыбы:


Көркем шығарма стилінің жалпы сипаттамасы
Мамандық/Білім беру бағдарламасы 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті»

Орындаған: сырттай оқу бөлімі

1 курс студенті

Байшева А.Б.


Тексерген: Есиркепова  К. К.

ф.ғ.к.


Қостанай, 2021

Мазмұны

Кіріспе............................................................................................................................3

Негізгі бөлім

1. Көркем шығарма стилінің жалпы сипаттамасы................................4

2. Көркем әдебиет стилінің ерекшелігі.....................................................................6

Қорытынды.................................................................................................................9

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.............................................................................10

Кіріспе



Көркем шығарма – әсемдік, әдемілік, сұлулық әлемі. Ондағы бүкіл көркемдік айшықтар іштей үйлесім тапқан, соның бәрі жымдасып барып, шығарманы біртұтас бітім еткен. Көркем шығарма бойындағы осы қадір-қасиет, сан адамды баурап әкетеді, жанын нұрландырады, әсемдікті тани білуге баулиды, сүйе білуге үйретеді.

Көркем шығарма тілі – жалпыға ортақ халық тілі болумен қатар, эстетикалық сезімнің, образды ойдың да тілі, сондықтан оған ерекше талғам қажет-ақ. Бұл арада жалпыға бірдей өлшем табу да қиын. Әрбір суреткердің тілдегі сөз байлықтарын игере білу, оның ішкі дүниесіне бойлау дәрежесі түрліше болып келеді: біреу білмеген сөзді біреу біледі, бір сөзді әр ақын-жазушы өзінше «үндеуі», түрлі-түрлі мағыналық орайда қолдануы мүмкін. демек, қандай да бір сөз шеберлері болмасын, олардың әрқайсысы сөз пернесін өздерінше басып, сөз дабылын өздерінше қағады. Соның өзінде жазушы жалпы әдеби тіл нормаларынан жөнсіз ауытқып саяқ кетуге, әдебиет теориясы қағидаларын аяққа басуға тиісті емес. Жазушының әрбір сөйлемі мақсатты ойға сәйкес құралуға тиіс. Мақсатты ойды, оның үстіне, көрікті, көркем етіп жазу үшін керекті сөздерді дәл тауып қиюластырып, грамматикалық ережелерге бағындырып, жалпы халыққа ортақ тілдің басқа да заңдылықтарын сақтап жазу керек болады.

Көркем әдебиет үшін бұлар да жеткіліксіз. Көркем әдебиетке тән әр алуан көріктеу, шеберлік тәсілдері болады. Сөз шебері шыңдап пайдалануға тиіс. Олар: теңеу, эпитет, метафора, метонимия, кейіптеу, синекдоха, символ, аллегория, иорния, әсірлеу т.б.

Көрікті ойдың көркем суретін салуға жұмсалатын амал-әрекеттің әр қилы бедері, көркемдік кескіні, эстетикалық әсері болады. Бұлардың шегі жоқ. Қай тілде жазылған көркем әдебиет болса да, оның еңсесі қаншама биік, тарихы ұзақ болғанымен, тілдің мол мүмкіншіліктерін сарқа пайдаланып тауысуға, біткен жері осы деп отыруға болмайды. Оларды әр жазушы өзінше, түрлі құрамда, әр түрлі ыңғайда, кейде бірін-бірі қайталап та қолдана береді. Соның ішінде тек дарынды, ысылған, қаламы әбден төселген сөз шеберлерінің ғана жазғандары өнебойы гүл шашып тұратын әсем өсімдіктей, өзінің сонылығын, әсемдігін жоймайды. Жасанды сәнқойлық, сірескен «сымбаттылық» ойқастаған нәрсіз ойнақылық, тілдің «табиғи» заңдарынан аулақ кеткен «жаңалық», - бәрі де, біздің дәстүрімізге жат нәрселер. Сөз бояуын қоюлатқан сыртқы сұлу, ішкі қуыс мынандай сөйлемдерден без: «Шынайы ойының түбегейлі тереңіне бойлады». «Алқынған жүрек лепірген көіңлдің ұшар шыңына самғады», бояуы баттиған «әсем» сөйлем құрауға әсіресе жас жазушылар үйір келеді. Бір мысал: «Тыңдаушының аңқау көңіліне сол сәтінде дүниеде жоқ үрей ұрлана кіріп, жанын тұтқындай бастағанда, алыстағы үміт отындай жылылықты әкеп сізге тарту етеді де, манағы бір өзіңіз айырылып қалған жүрегіңіздің қуаныш ұшқынын қайтып беріп сүйіспеншілігіңізге бөленер еді».

1. Көркем шығарма стилінің жалпы сипаттамасы
Көркем әдебиеттің сөздік құрамының негізі жалпы халық тіліндегі сөздер болады. Сөз өнерінің шеберлігі – ақын, жазушы, драматург, очеркист, - бәрі де халық тілінің байлығын пайдаланады. Бірақ олардың бар сөзді білу, пайдалану дәрежесі бірдей емес. Тек ірі суреткер жазушылардың ғана сөз байлығы өзгеден ерекше мол болады. Олар өзіне керекті, тілде бар сөздерді молынан пайдаланып қана қоймайды, сонымен қатар өздерінің шығармашылық әрекетінде жаңа сөз жасауы да, бар сөздерге қосымша стильдік қызмет беріп, олардың икемділіктерін арттырып отыруы да мүмкін.

Жалпы алғанда, көркем әдебиетте қолданылмайтын сөздер кемде-кем. Кейде, ретіне қарай, керегінде қарапайым сөздер де, диалектизмдер де, белгілі кәсіппен, ғылым, техникамен байланысты сөздер де көркем әдебиетте қолданыла береді.

  «Көркем әдебиет тілі шығармаларда бейнеленуге тиіс сан оқиғаларды, адамдардв, олардың қақтығыстары мен мінез иірімдерін көрсетуді мақст еткендіктен, қазақ тілінің байлығын мүмкіндігінше айқын да еркін пайдалануы қажет. Міне, сондықтан да көркем әдебиет тілі (стилі) функционалдық стильдердің басқа түрлерінен өзінің құрамы жағынан ерекшеленеді.Сөйтіп, құрамының барынша бай болуы көркем әдебиет тілінің басты ерекшелігі болып табылады»- демекші көркем әдебиет тілі – жүйелі болғанмен, нақтылықты талап етпейді. Бұл тек автордың өз субъективті ойына және қиялдаған қиялына ғана тиесілі. Себебі, көркем шығармаға қойылған бірдей талап немесе шек жоқ. Адамның қиялымен астасып жататын, тілге бай көркем туынды.

   М. Серғалиев көркем әдебиет стилінің тағы бір ерекшелігін көрсетеді. Ол коммуникативтік -  хабар, дерек беру арқылы өзара қарым-қатынас жасаушылық. «Көркем әдебиет тілі бір ғана қырымен ерекшеленіп қалмайды. Оған тән бұдан басқа ерекшеліктерді де атауға болады. Ондай ерекшеліктердің бірі – коммуникативтік, былайша айтқанда, хабар, дерек берушілік немесе өзара қарым-қатынас жасаушылық және эстетикалық, яғни әсемдік әсер берушілік қызметтерінің бірлігі». Осы айтылған ерекшеліктен стильдің өзінше бір белгісін байқаймыз.

        Сонымен қатар көркем әдебиет стилінде эстетикалық қызмет бар. Себебі, автор кейіпкелердің арасынадағы қарым-қатынасты әсерлі бейнелеуде, оларды қуаныш және күйініш сәтін баяндағанда сөздердің эстетикалық мәніне аса мән береді.

        Академик М. Серғалиев бұл стильдің- көп стильділігін ерекше белгісі деп атап өтеді. « ...көркем әдебиет тілінде басқа функционадық стильдердің элементтері кездесіп отырады деген сөз. Көркем туындының, әсіресе, прозаның көп кейіпкерлерден, оқиғалардан тұратынын ескерсек, тілдік құралдардың көр түрлерінің пайдаланатыны ескеріледі. Айталық, шығарма кейіпкерлерінің сөйлесіп, тіл қатысуы көп жағдайда ауызекі сөйлеу стилін еске салады. Сондай-ақ оқиғаға қатысушы адамдардың әртүрлі қызмет бабында болуына қарай әр алуан іс қағаздары мен ресми құжаттардың стиліне ұқсас сөздер мен сөйлемдердің ұшырасуы да мүмкін...» Яғни көркем әдебиет стилінің бір ғана ерекшлікпен тоқталып қалмайтынын, басқа барлық стильдердің ерекшелігін өзіне арқау ететін ерекше стильдің түрі.

        

2. Көркем әдебиет стилінің ерекшелігі
Көркем әдебиет стилі – әдеби шығармалар арқылы бізге өте таныс стиль. Біз өзімізді еліктіріп әкеткен қызық кітаптардың жан дүниемізге қалай әсер еткенін еске түсірейікші. Кейіпкермен бірге қуанып немесе мұңайып, жылап та қалған кезіміз болды емес пе? Жазушы шығарманы әсерлі, көркем көріністер, бейнелер арқылы жандандыра отырып, оқырман жанына әсер етеді. Әр жазушы бірін-бірі қайталамайды.

Әрқайсысының өзіндік сөз саптауы, бөлек стилі болады. Көркем әдебиет тілі эмоционалды-экспрессивті болып келеді.
 Көркем әдебиет стилі басқа стильденден өзіндік айрықша ерекшелігімен бөлініп тұратың стильдің бірі.        Қазақ тілінің қазіргі дәрежеге жетуіне көркем әдебиет стилінің алатын орны зор.
1. Мақсаты: шынайы өмір шындығын суреттеу, зат, құбылыстарды бейнелеу арқылы оқырман сезіміне әсер ету, ой тудыру.
2. Қолданылу аясы: әдеби туындыларда қолданылады.
3. Стильдік сипаты: образды мәндегі қолданыс, эмоционалды-экспрессивті
4. Тілдік амал-тәсілдері: Сөздердің әртүрлі ауыспалы мағынада қолданылуы, көркемдегіш, бейнелеуіш, суреттеме (теңеу, метафора, метонимия, антитеза, т.б.) құралдары еркін қолданылады. Шығарманы шынайы беру мақсатында диалект, кәсіби, ауыспалы мағынадағы бейнелі сөздер мен сөйлеу тілін де қолданады. Көп жанрлы (проза, драма, поэзия, т.б.). Әр жазушының өзіндік стилі болады. Ол әр суреткердің тілдік амал-тәсілдеріне қарай танылады.
5. Ерекшелігі: көрем әдебиет стилі образды ой тудыру, әсерлі суреттемелер, зат пен құбылысты шебер бейнелейтін сөздерді қолдану. Көркем шығарма қоғамдық-тарихи оқиғалар мен мәселелерді қозғауға, бағалауға үлес қосады. Көркем шығарма тілі ақын-жазушы шеберлігімен, стильдік ерекшелігімен астасып жатады. Түрлі образдар, табиғат көрінісі, әр кезеңдегі іс-әрекетті сипаттау үшін автор қажетті сөздерді талғап, ойды беру мақсатына қарай сұрыптап қана қоймай, сөздерді қолдану барысында жаңа мағына, қосымша рең, тың бояу үстейтіні шындық.

Көркем әдебиет стилінде көркемдеу-бейнелеу құралдарының  жиі қолданылуы, тілінің бай екендігінің басты дәлелі. Бір сөздін қасиетін қанша қырынан мәнерлеп, әсерлеп көрсеткен туынды  - көркем туынды болады. « Тіліміздегі троптардың, фигуралардың еркін де жан-жақты қолданылуы, әсіресе, көркем әдебиетте жүзеге асады. Кейіпкерлердің рухани дәрежесіне, қоғамда алатын орнына, тартыстың сипатына байланысты сөздің алуан жарқылын орнымен пайдалану сәттері жазушы шеберлігін айқын танытады». Осылай сөздің қасиетіне түбірінен қарайтын және асыл сөздің қасиетін білетін стиль – көркем әдебиет стилі.

        Сонымен қатар, автордың шығармашылық даралығы да кездеседі. Бұл әр туындыда көрініс табады. Себебі, автор бір оқиғаны өрбітіп отырып, өзінің қолданысындағы тілдік бірліктерді қолдануы әбден мүмкін. Олардың сөз саптауында ешкімде таптырмайтын, басқа авторлардан ерекшелеп тұратын басты қасиет болуы тиіс.

        «Бұл арада әңгіме тек тілге қатысыты екенін баса айту қажет, өйткені жазушыға қойылатын бұл талап тақырып таңдау, оқиғаны бастап, дамытып, өрбіту сияқты тілден біршама алыстау көрінетін жайларға да байланысыты. Сонымен, жазушылардың қай-қайсысына қойылатын ең басты міндеттердің бірі – сөз саптау тұрғысынан өзгеге ұқсамайтын ерекшелігінің болуы. Әрине, жазушы қандай ұлы тұлға болғанымен, бір автордың тілі халық тілін жасай алмақ емес. Солай бола тұра, халық тілін байытуға классиктер ғана емес, жазушылықты мұрат еткен адамның қайсысы болса да үлес қосуға міндетті». Бұл пікірден шығатын тұжырымдама – әр ақын, жазушы өз халық тілін байытуға міндетті. Себебі, бір автор халық тілін жасай алмаса, бір топ автор сол тілдің баюына бірден-бір септігін тигізеді.



Өзіндік ізденісімен сөз қолдану тәсілдері жазушының стиліне жан бітіреді. Жеке жазушылардың шығармасының тілін зерттеп, олардың сөздерді сұрыптап қолдану тәсілдерін, тыңнан қосқан қолданыс үлгілерін айқындап, жан-жақты талдау жасай білген жөн.

Көркем әдебиет стилінде (ауызекі сөйлеу стилі де) фразеологизмдер, мақал-мәтелдер кеңінен қолданылып, ойды жандандырып, тіліміздегі қолданыстардың ұлтымызға тән сипатын айқындай түседі. Тұрақты сөз тіркестері (қанатты сөз, мақал-мәтелдер, идиомалар) аз сөзбен көп мағына беретін ықшамдылығымен, жинақылығымен тілдің стильдік сапасын арттыра түседі. Мақал-мәтелдерде астарлы, айшықты, кестелі, бейнелі, қорытылған ой-тұжырым көріністері басым. Көп сөз – көмір, аз сөз алтын. Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі т.б.

Сөздерді қалай болса – солай жұмсай бермей, саралап, талғап жұмсау, жаңа сөздерді жазушының талғампаздық ой елегінен өткізіп орынды жұмсау – ақын-жазушының шеберлігімен байланысты. Мысалы, М.Әуезов «Абай жолында» бұрын бізге әдебиетте кездеспеген «қыжыртпа» (шамасы «жақтырмай» деген мағынада болу керек); «қыжылданған» (шамасы «ызаланған» деген болу керек) сөздерін қолданыпты. Абайды Жұман ішінен қыжыратып отыр.

Көркем әдебиетте аздап болса да, жаңа сөз жасау үдерісі жүріп жатады. Олар қазақ тілінің «материалы» негізінде сәтті жасалған болса, әдеби тіл қабылдайды да, жасанды тұрпайыларын қабылдамайды. Ысылған сөз шеберлері тіл стихиясында құл болмайды, өздерінің оған тигізетін игілікті әсері болады, жаңғырған сөз, соңы сөз тіркестерін жасайды.

Тұрақты тіркесудің қолданылуы. Тілдің әрі ұғымды, әрі сымбатты байлықтарының біразы – тұрақты тіркестер: мақал-мәтелдер, фразеологиялық тізбектер, қанатты сөздер.

Бұларды әсіресе көркем әдебиетте, публицистикалық әдебиетте, көпшілікке арналған лекция, әңгімелерде мол пайдаланады. «Жел үп етсе болғаны, қалың қамыстай тары сыбдыр қағып, сыбырласа жөнеледі» (Ғ.Мұстафин) тәрізділер көркем әдебиет стиліне тән. Шаруаларға тары өндіру туралы жасаған баяндамада солай сөйлеу ерсі болар еді. Бірақ, баяндама, лекция, әңгіме тілін жандандыру үшін әдеби тілде бар кестелі сөздерді пайдаланудың ешқандай ерсілігі жоқ, қайта олар ұтымды сөздің аса керекті элементтері болады. Олар мыналар:

Мақал-мәтелдер – халық даналығының айнасы, оларды тудырған халықтың тіл байлығының алтын қазынасы. Мақал-мәтелдердің көбі өмір шындығының қорытындысы, іс-әрекеттің ережесі болып келеді. Олардың «бәрі заңның, өсиеттің, ереженің күшіндей күші бар қысқа-қысқа нақыл сөзге айналып, тілде сақталып қалады».

Мақал-мәтелдер аз сөзді, терең мағыналы әрі ұтымды болатындықтан, сөйлеген сөзде пайдалана білу керек –ақ. «Сөздің көркі – мақал, жүздің көркі –сақал» дегендей, мақал-мәтел сөзіне әр береді.

Қазақ мақал-мәтелдерінің бәрі бірдей ұстамды емес: біздің қазіргі идеологиямызға жанасымды, тәрбиелік мәні зор өнегелілері бар да, ескі өмірдің кертартпарлары шығарған ұстамсыздарды да бар. Оларды таңдап, талғап орынды жерінде пайдалану керек. Осы талаптар тұрғысынан кейбір өткір нақылдарды керсінше, не аздап өзгеріс енгізіп, қазіргі өмірге жанасымды етіп пайдалануға да болады.

Фразеологиялық тіркес – кісінің ойын мәнерлі түрде айту үшін жұмсалатын сөздер тобы. Ондай тіркестер әдетте тұрақты болады. Олар «идиомалық тіркес», «фразалық тіркес» деп екіге бөлінеді. Идиомалардың білдіретін мағыналарына олардың құрамындағы сөздердің мағыналары қатыспайды, мүлде басқа мағынада, сол тұрақты қалпында ойды әсерлі, көрікті етіп айту үшін жұмсалады; олар мынандай тіркестер: қара қылды қақ жару, қой үстіне боз торғай жұмыртқалау, жүрегі шайылу, қас пен көздің арасында, қой аузынан шөп алмау, тіс қаққан, сіркесі су көтермеу, аузымен орақ ору.

Фразалық тұрақты тіркестер де ауыспалы мағынада жұмсалады. Олардың идиомалық тіркестерден айырмашылығы – құрамындағы сөздердің әдепкі мағынасы айтылған ойға қатысты болады. Мысалы,: тіл алмау, көз қырын салу, жаны ашу, түймедейді түйедей ету, басына әңгір таяқ ойнату, үрейін ұшыру, тасы өрге домалау, жар құлағы жастыққа тимеу, тырнақ астынан кір іздеу. Бұл топқа мынандай тіркестер де енеді: аузынан тастамау, қайратқа міну, күш жұмсау, қолқабыс ету, шамасы келмеу, қолынан келмеу, көзі түсу, басы қату, ойын бөлу.

Фразеологиялық тіркестердің қолдана білу – тіл білудің бір белгісі. Халық тілін жақсы білетін кісі тілдің осы байлығын да молынан, дұрыс қолдану арқылы ой өрнегін түрлендіріп, ұтымды, түсінікті, ықшамды етіп салады. Сондықтан әрбір мәдениеттің, сауатты кісі, тілге шешен болғысы келген оқушы, студент халық тіліндегі тұрақты тіркестерді көңілге тоқи жүріп пайдалануы тиіс.

Идиома, фразалық тіркестердің бір тілде қалыптасқан құрамын, жөн-жорығы жоқ, өзгертіп айтып, жазуға болмайды. Мысалы, «табан астында» дегенді «Табан аузында», «Қаға берісте қалып қойды» дегенді «Қаға беріске қарай айнала берді» (С.Шаймерденов) тәрізділер кездеседі.

Бір тілде бар идиомалық тіркестерді екінші тілде сөзбе-сөз аударуға болмайды. Өйткені олардың білдіретін мағыналары құрамындағы сөздердің мағыналарынан құрылмайды, мүлде басқа ауыспалы мағынаны білдіреді.

Соңғы жылдары аударма арқылы қазақ тілінде «Ештен кеш жақсы», «Талабы зор-ақ, тағдыры дозақ», «Балық та емес, ет те емес», «Қасқыр да тоқ, қой да аман», «Ауыр жүкке жегілме, жегіле қалсаң, егілме» тәрізділер аударма арқылы еніп жүр. Енгені жақсы.

Фразеологиялық тіркестерді қолданудағы бірқатар қателер олардың құрамындағы сөздердің тұлғасын өзгертіп айтудан болып жүр: мысалы, «сіркем су көтермей тұр» дегенді «сіркесі су көтереді» деу т.б. дұрыс болмайды.

Көркем әдебиет шеберлерінің жазғандарында тұрақты тіркестер құрамын әдейі өзгертіп, не араларына басқа сөздерді қосып айту кездеседі, бірақ олардың көбінде ерекше стильдік өң болады. Мысалы, «Көзімнің жасы көл болды» дегенді күшейтіп айту үшін С.Торайғыров: «Көз жасым көктен құйған жауын болды» деп жазады.

Қанатты сөз - ұшқыр ойдың қанаты. Оны көп біліп, сөзде, жазуда жұмсау білу – үлкен өнер. Қазақ жазушыларының қанатты сөздерді халық тілінен өзгеден алып, өздері жасап қолдануы тегін емес. Онда үлкен шеберлік қасиет бар. Сондықтан, мысалы, Ғ.Мұстафин «Біткен іске сыншы көп, піскен асқа жеуші көп», «Нөсер алдында нажағай ойнайды», «Қызыл темір суға салса, шыжылар да шынығар» тәрізді ел аузында барды өз орнына орынды пайдаланумен қатар, өзі де солардың үлгісімен: «Сыншының бәрі бірдей мінші ме?...» «Көп алдында көсем пікір ойнайды», «Қызба жүрек суық сөзден дір етер де суынар» тәрізді қанатты сөздер жасалған. Мұндайды шеберлік демеске болмайды.

Қорытынды


Көркем әдебиет  стилі - проза, поэзия, драматургия салаларында жазылған көркем шығармалардың стилі (тілі). Көркем әдебиет стиліне тән бірнеше ерекшеліктер бар. Солардың бірі - тіл байлығы. Көркем шығармапарда қолданылмайтын сөздер мен сөз тіркестері, фразеологизмдер аз. Кез келген шығарма тек қана авторлық баяндаудан ғана емес, кейіпкер тілінен де турады. Ал кейіпкерлер әр жастағы, әр мамандықтағы, әр дәрежедегі білімді адамдар болып келетіндігі белгілі. Сондықтан да көркем шығармада кәсіби сөздер де, жергілікті тіл ерекшеліктері де, жаргондық сөздер де ұшырасып отырады. Көркем әдебиет стилінің екінші ерекшілігі - оның көп стильді болып келетіндігі. Мұның мәнісі қай жанрда жазылған шығарма болса да, онда тіл арқылы қарым-қатынас құралдарының барлық түрінің қолданылуында, яғни ауызекі сөйлеу тіліне қоса, публицистикалық, ғылым, ресми стильдердің элементтері осы стильде әр түрлі ыңғайда ұшырасып отырады.

Көркем әдебиет стилінің тағы бір ерекшілігі бұл стильде орындалатын еңбектердің басты міндеті эстетикалық тәрбие беретіндігімен тығыз байланысты болып келеді. Екінші сөзбен айтқанда, көркем шығармада сөздің эстетикалық қуаты, сөздің бейнелілігі алғашқы орынды алады. Сондықтан да троптардың және фигуралардың барлық түрлері басқа стильдерге қарағанда Көркем әдебиет стилінде барынша мол жұмсалады. Көркем әдебиет стилінің функциональдық стильдер жүйесінде апатын орнына қатысты әр қилы пікірлер айтылып жүр.

Көркем әдебиеттің сөздік құрамының негізі жалпы халық тіліндегі сөздер болады. Сөз өнерінің шеберлігі – ақын, жазушы, драматург, очеркист, - бәрі де халық тілінің байлығын пайдаланады. Бірақ олардың бар сөзді білу, пайдалану дәрежесі бірдей емес. Тек ірі суреткер жазушылардың ғана сөз байлығы өзгеден ерекше мол болады. Олар өзіне керекті, тілде бар сөздерді молынан пайдаланып қана қоймайды, сонымен қатар өздерінің шығармашылық әрекетінде жаңа сөз жасауы да, бар сөздерге қосымша стильдік қызмет беріп, олардың икемділіктерін арттырып отыруы да мүмкін.

Жалпы алғанда, көркем әдебиетте қолданылмайтын сөздер кемде-кем. Кейде, ретіне қарай, керегінде қарапайым сөздер де, диалектизмдер де, белгілі кәсіппен, ғылым, техникамен байланысты сөздер де көркем әдебиетте қолданыла береді.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б.Қазақ тілінің стилистикасы. А., 2005.

  2. Шалабай Б. Көркем проза тілі. А., 1994

  3. Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді. А., 1976

  4. Уәлиев Н. Сөз мәдениеті. А., 1985

  5. Шалабай Б. Көркем әдебиет стилистикасы. А., 2000




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет