Білім беру бағдарламасы: 6В01301 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі Құрастырғандар: Ерболат Б. Е. оқытушы, магистр



бет10/56
Дата03.06.2023
өлшемі1,15 Mb.
#98537
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   56
Байланысты:
Дүниетану Силлабус

Өз-өзін бақылау сұрақтары:
1. «Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі» пәні қандай ғылымдармен байланысады және не үшін екенін түсінідіріңіз?
2. «Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі» пәнінің теориялық негізін түсінідіріңіз?
3. «Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі» пәнінің мақсаты мен міндеттері қандай?
4. «Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі» пәнінің зерттеу әдістерін атаңыз және оларға сипаттама беріңіз


3-4 дәріс тақырыбы: Дүниетану пәнін оқыту әдістемесінің даму тарихы
Жоспары:
1. Дүниетану пәнін оқыту әдістемесінің революцияға дейінгі кезеңдегі дамуы
2. Дүниетану пәнін оқыту әдістемесінің қазіргі кездегі дамуы
3. Дүниетану пәнін оқыту әдістемесінің дамуына Қазақстандық әдіскерлердің қосқан үлесі


1. Дүниетану пәнін оқыту әдістемесінің революцияға дейінгі кезеңдегі дамуы. Мектепте Дүниетану пәнін пәнінің енгізілуі және оның дамуын 3 кезеңге бөлуге болады. Айталық; 1-революцияға дейінгі кезең болып саналады. Дүниетану пәнін оқу пәні ретінде орыстың жалпы білім беретін мектебіне алғаш рет 1786 ж. енгізілді. Мектептегі білім беруді реформалау кезінде үкімет халық училищелерінің жарғысын жариялады. Ашылған училищелер шағын және негізгі болып бөлінді. Дүниетану пәнін пәндерінің курсы тек негізгі училищелердің бағдарламасына енгізіліп, олар география, физика, Дүниетану пәнін тарихынан тұрды. Дүниетану пәнін тарихы 4-сыныпта оқытылды. Сол кездегі Халық училищесіне арналып жазылған Дүниетану пәніндан алғашқы оқулық, оның авторы натуралист, саяхатшы, академик Василий Федорович Зуев болды.
В.Ф.Зуевтің бұл кітабы «Жаратылыс тарихының бейнелері» деп аталады. Ол «Қазбалар әлемі», «Өсімдіктер әлемі», «Жануарлар әлемі» делінген үш бөлімнен тұрды. Оқулықтың алғашқы бөлімі жерлерді, тастарды, тұздарды, жанғыш заттарды, металдарды сипаттауға арналған. Өлі табиғатты зерттеу топырақты, сазды және құмды сипаттаудан басталды. Екінші бөлімі өсімдіктердің тіршілігі мен құрылысын зерттеуге арналса, ал үшінші бөлімде зоология материалдары кірістірілген. В.Ф.Зуевтің оқулығы сол мезгілде мектептегі Дүниетану пәнін бойынша бірінші бағдарлама, әрі мұғалімнің алғашқы әдістемелік құралы болды. Мұнда автор заттай көрнекілікті пайдалануды, мүмкін болмаған жағдайда ғана суретін қолдануды насихаттады. Ол жергілікті табиғатты және адамға пайдалы өсімдіктер мен жануарларды зерттеуге көп көңіл бөлді. В.Ф.Зуевтің бұл жетекші әдістемелік құралы ширек ғасыр бойы Дүниетану пәніндың негізгі оқулық ретінде қолданылды.
XÌX ғасырдың басында халыққа білім беру саласында маңызды өзгерістер болды. Дүниетану пәнінды оқыту 1804 жылғы жарлық бойынша айтарлықтай кеңейтілді. Дүниетану пәнін жеке пән болып оқытылмаса да оқушыларға табиғат, ауыл шаруашылығы және адам денсаулығы туралы қысқаша мәліметтер беру ұсынылды. Мұндай оқудың мақсаты табиғат құбылыстары туралы түсінік қалыптастыру еді. Гимназия мектептерінде Дүниетану пәнін пәнін 2 - сынып пен 4 - сыныпта оқытылды. Пәнді ойдағыдай оқыту үшін мұғалімдерге оқушыларды табиғатқа ғана емес, сондай-ақ фабрикалар мен зауыттарға экскурсияға шығару ұсынылды. Жарлық бойынша барлық гимназия мектептерінде табиғаттың барлық үш патшалығы бойынша табиғи көрнекілік ретінде коллекциялары болу тиіс деп талап етілді. Сонымен бірге жергілікті материалды пайдалануға айырықша көңіл бөлінді.
Уақыт өте келе пән мазмұны өзгерді, тіпті 1828 жылы жалпы білім беретін мектептерде Дүниетану пәнін оқу пәні ретінде ширек ғасыр бойы өткізілмей қалды. Бұл декабристер көтерілісінен соң үкіметтің ғылым атаулыға сенбеуінен туындаған реакция еді.
Дүниетану пәнін мектепке ұзақ үзілістен соң, 1852 жылы оралды. Бекітілген бағдарлама бойынша бастауыш мектептің 1- сыныпында пәнді оқытуға 2 сағат бөлінді. Одан кейінгі сыныптарда сәйкесінше биология, география, физика пәндері оқытылды.
Ал 1864 жылғы жаңа мектеп реформасының жарлығына сәйкес реальдық және сыныпсикалық гимназиялардың бағдарламасынан пропедевтикалық курсы алынып тасталды да, биологияны, географияны және физиканы оқыту пәндік түрі сақталды. Осы кезеңде кіші мектеп жасындағыларға Дүниетану пәнінды оқыту әдістемесін дамытуға ерекше үлкен үлес қосқан Ушинский Константин Дмитриевич болды.
Ушинский Константин Дмитриевич (1824-1870) – бастауыш білім беру саласындағы аса ірі педагог-әдіскер. Ол кіші мектеп жасындағылардың логикалық ойы мен тілін дамыту үшін бастауыш мектептерде Дүниетану пәнін және географияны оқып үйренуге үлкен мән берді. Ол көрнекі құралдармен оқытудың қажеттігін дәлелдей келе көрнекілік теориясын талдап жасады.
К.Д.Ушинский табиғат құбылыстарын бақылау және оны қорыту білімнің қайнар көздері болуы керек деп атап көрсетті. «Жаратылыс ғылымдары түгелдей адамның ақыл ойының табиғат құпиясымен осынау мәңгілік күресі болып табылады» - деп жазды. К.Д.Ушинскийдің бастауыш сыныптарда Дүниетану пәнінды оқыту жөніндегі көзқарастары «Ана тілі», «Балалар әлемі» деген кітаптарында, сонымен бірге мұғалімдерге арналған «Ана тілі» кітабында және «Балалар әлемі» оқулығының кіріспесінде ашып көрсетеді. Әдістемелік тұрғыда К.Д.Ушинскийдің кітабы үлкен жетістікке ие және ол ерекше педагогикалық білгірлікпен жазылған деп бағаланаған. Кітап көрнекілік және оқушылардың өздігінен ойлау белсенділігін жүйелі түрде арттыру негізінде құрылған. Кітаптың өн бойындағы материалдар жеңіл, әрі қара пайымнан күрделіге қарай орналастыру принципі сақталынған, әрбір жеке тақырып материалы тұтас кейінгі тақырыптағы материалдармен байланысып отырады.
К.Д.Ушинский балалардың дамуы үшін тікелей табиғаттағы бақылаулардың орасан мәні бар, педагогтың сөзінің онымен бәсекелесуі қиын деп көрсетті. Сондай-ақ, ол «табиғат логикасы балалар үшін ең жеңіл және ең пайдалы логика» деп есептеді.
Осы кезеңде Дүниетану пәнінды оқыту әдістемесін дамытуға және А.Я.Герд (1841-1888) елеулі үлес қосты. А.Я.Герд Дүниетану пәнін оқушыларға дұрыс дүниетаным, оларда белгілі бір көзқарас қалыптастыруы тиіс деп санады. Ол 1877 жылы Дүниетану пәніндың мектептік курсын құру жоспарын жариялады. Осы Жоспары: бойынша 2және 3-сыныпта табиғаттың органикалық емес әлемін оқып үйрену ұсынылды. Мұнда тау жыныстарының, топырақтың, минералдардың қасиеттері сияқты түсініктер, әртүрлі тау жыныстарының шығу тегі, жанартау, жер сілкіну ұғымдары, пайдалы қазбаны пайдалану т.с.с. материалдар кірді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет