Білім беру бағдарламасы: 6В01303 «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі»



бет4/5
Дата21.04.2023
өлшемі103,26 Kb.
#85126
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5
5.– Қажылық
Қажылық құлшылығы тікелей Ибраһим (а.с.) пайғамбармен байланысты. Екеуін ажыратып қарауға болмайды. Қасиетті Қағбаның өзін Ибраһим (а.с.) ұлы Исмайл екеуі салғаны белгілі. Бұған қоса, қажылықта жасайтын діни жоралғылардың барлығы оған қатысты. Мәселен, Қағбаның жанындағы «Ибраһим мақамын»-да намаз оқу, бұл жайында: «وَإِذْ جَعَلْنَا الْبَيْتَ مَثَابَةً لِلنَّاسِ وَأَمْنًا وَاتَّخِذُوا مِنْ مَقَامِ إِبْرَاهِيمَ مُصَلًّى» – «Қағбаны адам баласы үшін орталық әрі бейбітшілік орны етіп жасадық және Ибраһимның (а.с.) орнын намаз оқитын жер етіп алыңдар», делінген. Бұған қоса «сафа мен маруа» арасын жүгіріп өту тарихы да Ибраһим (а.с.) пайғамбардың отбасына тиесілі. Бұл жайында: «إِنَّ الصَّفَا وَالْمَرْوَةَ مِنْ شَعَائِرِ اللَّهِ فَمَنْ حَجَّ الْبَيْتَ أَوِ اعْتَمَرَ فَلَا جُنَاحَ عَلَيْهِ أَنْ يَطَّوَّفَ» – «Әсілінде, сафа мен маруа Алланың қасиетті белгілерінен. Кімде кім қажылық амалын орындайтын болса ол екеуін тауап етсін», делінген. Сондай-ақ, қажылықта құрбандық шалу рәсімі де Ибраһим (а.с.) өз ұлын бауыздамақ болған тарихи негізіне қайтады. Бір сөзбен айтқанда, қажылық амалының барлығы дерлік тікелей Ибраһиммен (а.с.) тығыз байланысты. Мұхаммед (с.а.у.) пен Ибраһим (а.с.) арасындағы байланыс Алла Тағала қасиетті Құранда Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбарға Ибраһим (а.с.) пайғамбардың жолымен жүруге бұйырған. Бұл жайында «Әл Имран» сүресінде: «فَاتَّبِعُوا مِلَّةَ إِبْرَاهِيمَ حَنِيفًا» – «Ибраһимның (а.с.) жолына еріңдер», деген. Мұндай бұйрық басқа ешбір пайғамбарларға айтылмаған. Себебі, Ибраһимның (а.с.) өмір тарихы Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбармен тікелей байланысты. Мәселен, Құрайш тайпасы да пұтқа табынып, Алладан келген елшіге көптеген қиыншылықтар көрсеткен. Мұндай көрініс Ибраһим (а.с.) пайғамбардың өмірінде де кездеседі. Бұған қоса Мұхаммедтің (с.а.у.) нәсілі Ибраһимның (а.с.) үлкен ұлы Исмайл (а.с.) пайғамбардан тікелей тарағанын ескермей кетпесе болмас. Сонымен қатар, Алланың елшісі (с.а.у.) өз хадисінде: «Мен Ибраһимның (а.с.) дағуатын (жолын) жалғаушымын», деген. Бұдан бөлек, Мұхаммед (с.а.у.) айт мерекесінде құрбандық шалу рәсімін өз сахабаларына: «Бұл Ибраһим (а.с.) пайғамбардың сүннеті», деп түсіндірген болатын. Сондай-ақ, Тирмизидің хадис жинағынан келгендей: «Бірде Мұхаммед (с.а.у.) саялап отырған шағында жанына бір кісі келіп: «Ей, көркем жаратылыс иесі!», дейді. Сонда Алланың елшісі әлгі кісіге қарап: «Көркем жаратылыс иесі ол менің атам Ибраһим (а.с.)», деген екен. Және де баршамызға белгілі көкке көтерілген Исра түні Мұхаммед (с.а.у.) көптеген пайғамбарлармен жолығып, олармен жай ғана сәлемдескен болатын. Ал, Ибраһим (а.с.) пайғамбарға келгенде ол: «Үмметіңе менен сәлем айт! Расында жәннәт деген көркем жер, оның су тұщы, жемістері тәтті», деп өсиетін айтқан болатын. Мұндай тығыз байланыс тек Ибраһхим (а.с.) мен Мұхаммед (с.а.у.) арасында ғана кездеседі. Себебі, Мұхаммед (с.а.у.) атасы Ибраһимның (а.с.) жолын жалғастырушы болып саналады. Сол үшін Алла Тағала бүкіл пайғамбарлардың ішінен Ибраһимды (а.с.) дос тұтса, Мұхаммедті (с.а.у.) сүйіктісі етіп таңдағаны бекер емес екен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет