Білім беру бағдарламасы 6В01406 Көркем еңбек және мектептегі дизайн Құрастырған: Б. А. Молдашева Бейнелеу өнері және дизайн


Тақырып: Күрделі тіліктер. Екі және одан да көп қиюшы жазықтықтар арқылы орындалған тіліктер. Сатылы тілік. Сынық тілік. Тақырып мақсаты



бет19/26
Дата16.10.2023
өлшемі466 Kb.
#115946
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26
Байланысты:
Инженерлік графика ХТиДШ-11

Тақырып: Күрделі тіліктер.
Екі және одан да көп қиюшы жазықтықтар арқылы орындалған тіліктер. Сатылы тілік. Сынық тілік.
Тақырып мақсаты: ЕСКД стандарттарына сай негізделген сызбаны дайындау, күрделі тіліктерді орындауда кездесетін шарттылықтарды білуге дағдыландыру.
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:
Тақырып бойынша теориялық материалдарды оқып, түсінігі бойынша конспект жасау. Р.С.Миронова, Б.Г.Миронов. Сборник заданий по черчению. №45 жаттығу. 166-175-беттер. Сатылы және сынық тіліктерді орындап, өлшемдер түсіру.
Әдістемелік нұсқаулықтар:
Графикалық тапсырма тетікбөлшектің берілген екі көрінісін көшіріп, көрсетілген күрделі тіліктерді орындауға арналған.
Өткізу формасы: практикалық жұмыс
Бағалау критерийлері: тақырып бойынша берілген тапсырмаларды мектепте алған біліміне сүйене отырып, кеңістіктік ойлау қабілеті мен композициялық ойын, зейінін, графикалық орындау шеберлігі мен сызбаны сауатты орындау қабілеттілігі ескеріледі.
Әдебиеттер: 1,2,3,4 (негізгі), 2,3,4 (қосымша)
14-практикалық сабақ
2 академиялық сағат
Тақырып: Аксонометриялық проекциялар. Тікбұрышты изометриялық проекция. Тікбұрышты диметриялық проекция.
Тақырып мақсаты: Аксонометриялық проекциялардың ережелерін пайдалана отырып, заттың көрнекі кескінін салудың практикалық тәсілдерін меңгерту.
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:
Тақырып бойынша теориялық материалдарды оқып, түсінігі бойынша конспект жасау. Р.С.Миронова, Б.Г.Миронов. Сборник заданий по черчению. №10 графикалық жұмыс. 126-130-беттер. Берілген екі көрінісі бойынша тетікбөлшектің үшінші көрінісін орындау. Қажетті тіліктерді орындап, өлшемдер түсіру. Тетікбөлшектің көрнекі кескінінің төрттен бір бөлігін қиып, тік бұрышты изометрияда бейнелеу.
Әдістемелік нұсқаулықтар:
Тетікбөлшектің пішінін айқын көрсету үшін, кешенді сызбаға қосымша аксонометриялық сызбалар орындау қажет болады. Аксонометриялық проекциялар түрлерімен, олардың остерін және остер бойынша сызықтық өлшемдердің бұрмалану көрсеткіштерімен танысу. Графикалық тапсырма тетікбөлшектің берілген екі көрінісі бойынша тетікбөлшектің үшінші көрінісін орындап, көрнекі кескінін орындауға арналған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет