Білім беру бағдарламасы 6В01406 Көркем еңбек және мектептегі дизайн Құрастырған: Б. А. Молдашева Бейнелеу өнері және дизайн



бет16/26
Дата16.10.2023
өлшемі466 Kb.
#115946
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26
Өткізу формасы: практикалық жұмыс
Бағалау критерийлері: тақырып бойынша берілген тапсырмаларды мектепте алған біліміне сүйене отырып, кеңістіктік ойлау қабілеті мен композициялық ойын, зейінін, графикалық орындау шеберлігі мен сызбаны сауатты орындау қабілеттілігі ескеріледі.
Әдебиеттер: 1,2,3,4 (негізгі), 2,3,4 (қосымша)
9-практикалық сабақ
2 академиялық сағат
Тақырып: Көріністер. Көріністер туралы жалпы түсінік. Басты көріністі таңдау. Қосымша және жергілікті көріністер.
Тақырып мақсаты: Негізгі көріністер саны, негізгі жазықтықтар ретінде кубтың алты қырын алуды, сызбаларды орындауда тік бұрышты проекциялар жүйесін пайдалануды, көріністерді орындауда кездесетін шарттылықтарды білуге үйрету.
Негізгі сұрақтар, тапсырмалар:
Тақырып бойынша теориялық материалдарды оқып, түсінігі бойынша конспект жасау. Е.А.Василенко. Практикум по черчению. №8 тапсырма. 41-46-беттер. Берілген көрнекі кескіндері бойынша тетікбөлшектің алты көрінісінен тұратын сызбасын орындау.
Әдістемелік нұсқаулықтар:
Графикалық тапсырма аксонометриялық проекциялары бойынша тік бұрыштап проекциялау жүйесінде тетікбөлшектердің сызбаларын тұрғызуға арналған жаттығулардан тұрады. Бір ғана көрнекі кескіні бойынша тетікбөлшектің пішіні түсініксіздеу болатындықтан, әр вариантта бір детальды екі бағытта берген. Тапсырманы орындау үлгісі 3-суретте берілген.
Өткізу формасы: практикалық жұмыс
Бағалау критерийлері: тақырып бойынша берілген тапсырмаларды мектепте алған біліміне сүйене отырып, кеңістіктік ойлау қабілеті мен композициялық ойын, зейінін, графикалық орындау шеберлігі мен сызбаны сауатты орындау қабілеттілігі ескеріледі.
Әдебиеттер: 1,2,3,4 (негізгі), 2,3,4 (қосымша)
10-практикалық сабақ
2 академиялық сағат
Тақырып: Берілген екі проекциясы бойынша сызбаның үшінші көрінісін тұрғызу. Басты көріністі таңдау.
Тақырып мақсаты: Сызбаларды орындауда тік бұрышты проекциялар жүйесін пайдалануды, көріністерді орындауда кездесетін шарттылықтарды білуге үйрету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет