Аудиториялық жұмысты бағалау критерийлері
90-100
|
Практикалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 90% - ның болуы (жазбаша немесе электронды түрде)
|
Оқытушы мен басқа студенттердің сұрақтарына толық және дұрыс жауап бере алуы, арнайы терминологияны білуі, студент материалды қорытындылай алады, өз тұжырымдарын жасай алады, мысалдар келтіре алады, өз пікірін айта алады.
|
70-89
|
Практикалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 70% - ның болуы (жазбаша немесе электронды түрде)
|
Сабақ барысында студент дұрыс, бірақ толық емес жауап береді, мысалдар келтіруде қиналады, студенттің жалпылама пікірі нақты айтылмайды.
|
50-69
|
Практикалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 50% - ның болуы (жазбаша немесе электронды түрде)
|
Студент ішінара дұрыс жауаптар береді, иллюстрациялық мысалдар келтірмейді, зерттеліп отырған мәселе бойынша өз пікірін қалыптастыра алмайды, қателіктер жібереді немесе толық жауап бере алмайды.
|
0-49
|
Практикалық жұмыстар жөнінде есептің болмауы немесе сапасының төмен болуы.
|
Сабақ барысында студент сұрақтарға жауап бермейді немесе оның жауаптарында қателіктер бар.
|
Өзіндік жұмыс бойынша бағалау критерийлері
90-100
|
Берілген тапсырмалардың 90% - дан кем емес орындалуы.
|
Жұмыстың стандартқа сай рәсімделуі.
|
Дәлелді тұжырымдар, олардың дұрыс және толық түсіндірілуі. Студент өзінің көзқарасын дәлелді түрде орындайды. Орындалған жұмысты қорғау кезінде сұрақтарға сенімді және дұрыс жауап береді.
|
70-89
|
Берілген тапсырмалардың 70% - дан кем емес орындалуы, жалпы бағыты дұрыс.
|
Жұмысты рәсімдеуде аздаған қателіктердің кездесуі.
|
Қорытындыларды дұрыс, бірақ толық емес түсіндіру. Қорғау кезінде студент дұрыс, бірақ толық емес жауаптар береді, қорытындылар нақты жеткізілмейді.
|
50-69
|
Берілген тапсырмалардың 50% - дан кем емес орындалуы, жалпы бағыты дұрыс бірақ қателіктер бар.
|
Жұмысты рәсімдеуде маңызды қателіктердің кездесуі.
|
Қорытындыларды толық емес түсіндіреді, жұмысты қорғау кезінде студент әрдайым дұрыс жауап бере бермейді.
|
0-49
|
Берілген тапсырмалардың 50% - дан кем орындалуы, жұмыста өрескел қателіктердің кездесуі.
|
Жұмыстың дұрыс орындалмауы, жазбаша жұмыс рәсімдеу стандарттарының сақталмауы.
|
Қорытындыларды интерпретациялаудың дұрыс еместігі немесе олардың жоқтығы. Жұмысты қорғау кезінде студент дұрыс түсінік бере алмайды, қате жауаптар береді, жұмыс бойынша қорытынды жасай алмайды.
|
Достарыңызбен бөлісу: |