Дәріс тақырыбы: Оқушылардың ата-аналарымен педагогикалық әрекеттестік технологиясы сағат



Дата20.12.2022
өлшемі15,08 Kb.
#58356

9 дәріс тақырыбы:Оқушылардың ата-аналарымен педагогикалық әрекеттестік технологиясы - 1 сағат
Оқу нәтижелері
Студент:Берілген теориялық материалдарды өмірлік тәжірибеге сәйкес, материалдарды қоғам қажеттілігіне сай жинақтай алады


Дәріс жоспары:
1.Отбасы-сынып оқушыларын тәрбиелеу және дамыту ортасын құраушы
2.Мұғалімдер мен ата-аналардың өзара әрекеттестігінің мәні мен атқаратын қызметтері
3.Ата-аналармен ынтымақтастық формалары
4.Инновациялық тәрбиелік технологиялар негізінде халықаралық балалар ынтымақтастығын дамыту және нығайту


Дәріс тезистері
Отбасы - сынып оқушыларын тәрбиелеу және дамыту ортасын құраушы. Сынып жетекшісі жұмысында оқушы отбасының педагогикалық үдерісі диагностикасының жүйесі.
Мұғалімдер мен ата-аналардың өзара әрекеттестігінің мәні мен атқаратын қызметтері. Мектеп пен сыныптың оқушы отбасымен өзара әрекеттестігі бойынша тәрбие жұмысының ұйымдастыру әдістемесі.
Ата-аналарды мектептегі тәрбиелік жұмысқа қатыстыру құқығын жүзеге асыруда оны қолдау мақсатында ынтымақтастық педагогикасын дамытудың тиімді жүйесі.
Ата-аналармен ынтымақтастық формалары.Педагогтың ата-аналар комитетімен әрекеттестігі.Ата – аналар жиналысы – сынып жетекшісінің ата-аналармен жұмысының негізгі формасы. Сыныптық ата-аналар жиналысының саналуан түрлері.Оларды ұйымдастыруға қойылатвын талаптар.
Сынып жетекшісінің оқушының отбасымен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыстары: педагогикалық білім университеті, конференция, практикум, дәріс, педагогикалық пікірталас, жанұяларға бару, ата-аналармен хат жазысу және т.б.
Балалар бірлестігі-тәрбиелеу мен әлеуметтендіру институты. Балалар бірлестігінің түрлері. «Субмәдениет», «балалардың субмәдениеті» ұғымдары. Балалардың шығармашылық бірлестігі, Балалардың шығармашылық бірлестігінде тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру әдістемесі.Балалар мен жастардың формальді емес бірлестіктері. Балалардың қоғамдық бірлестіктерінің әр түрлі формаларын құруда балалар мен жастардың ынтасын дамыту және қолдау.
Оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың мақсаты мен міндеттері. Оқушылардың бос уақытындағы іс-әрекет формалары. Оқушылардың бос уақыты мен клубтық бірлестіктер жұмысын ұйымдастыру әдістемесі.
Инновациялық тәрбиелік технологиялар негізінде халықаралық балалар ынтымақтастығын дамыту және нығайту.
Негізгі ұғымдар: технология, педагогикалық өзара әрекет, ынтымақтастық, ата-ана, ата-аналар жиналысы, конференция, педагогикалық білім, практикум, дәріс, педагогикалық пікірталас, балалар бірлестігі, балалар-жастар ынтасы, әлеуметтену, субмәдениет, балалар субмәдениеті, шығармашылық бірлестіктер, формальді емес бірлестіктер, педагогикалық қолдау, даму, бос уақыттағы іс-әрекет, клубтық бірлестік.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет