2. Оқытушы туралы мәлімет, байланыс ақпараттары:
Молдашева Бақытгүл Әбділхайырқызы. Телефон: 87752351669, muldaw_1124@mail.ru
3. Курстың саясаты:
Студент сабақтан кешікпеуі және қалмауы, жауапты және ұқыпты болуы қажет. Студент практикалық сабақтарға дайын болып келуі керек. Практикалық жұмыстарды уақытында тапсыруы, жұмыстың барлық түрлерін (практикалық және өзіндік) толық орындау және уақытында қорғау талап етіледі. Уақытылы тапсырылмаған жұмыс үшін максималды балды 10% төмендету көзделген. Егер студент белгілі себептермен аралық бақылауды өткізіп жіберуге мәжбүр болса, онда ол бұл туралы оқытушыға алдын ала ескертіп, ертерек тапсыру мүмкіндігін алуға болады. Емтиханды себепсіз жіберіп алу оны қайта тапсыру құқығыңыздан айырады. Егер студент емтиханды дәлелді себептермен жіберіп алса, қайта тапсыруға арнайы рұқсат беріліп, емтиханның күні, уақыты мен орны белгіленеді.
Басқа адамдардың пікірін құрметтеу, төзімді болу. Қарсы пікіруді дұрыс қалыпта білдіру. Плагиатқа және адал емес жұмыстың басқа түрлеріне жол берілмейді. Басқа студенттер үшін емтихан тапсыруға, өзгеден көшіруге, айла қолдануға жол берілмейді. Курстың кез-келген ақпаратын бұрмалап отырған студент «F» қорытынды бағасын алады. Практикалық сабақтардағы белсенділік студенттің қорытынды балл/баға алуына тікелей байланысты. Сабақ аяқталғанға дейін қандай да бір себептермен екі рет кету немесе кешігу бір жіберілген сабақ ретінде есептеледі. Алайда, тек сабаққа қатысу ұпайдың жоғарылауын білдірмейді. Студент сабақта үнемі белсенді болуы қажет. Курстың міндетті талабы - әр сабаққа дайын болу.
Көмек: Өздік жұмыстарды орындау, оларды тапсыру және қорғау бойынша кеңестер, сондай-ақ өтілген материал туралы және оқылатын курс туралы барлық туындаған сұрақтар туралы қосымша ақпарат алу үшін студент оқытушымен жұмыс уақытында немесе тәулік бойы электронды байланыс құралдары арқылы байланыса алады.
4. Пәннің құрылымы мен мазмұны
Достарыңызбен бөлісу: |