Білім беру бағдарламасы «6В01501» Тексерген оқытушы:Қуандықова Э. Ж. Тараз, 2023



Дата27.03.2023
өлшемі83,42 Kb.
#76632
түріБілім беру бағдарламасы



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
«ҰСТАЗ» ИНСТИТУТЫ


СӨЖ


Пән бойынша:Саясаттану,Мәдениеттану
Өткен тақырыптар бойынша глоссарий
Орындаған:Молшылықова А.Ө.
­­­
2 курс студенті


Факультет «Математика мұғалімдерін даярлау»


Білім беру бағдарламасы «6В01501»


Тексерген оқытушы:Қуандықова Э.Ж.
Тараз, 2023


  1. Альтернатива-бірнеше мүмкіндіктің ішінен мәселенің шешімін таңдап, бірін ғана талғап алу.

  2. Альянс-ортақ амақсаттарға жету үшін келісім-шарт негізінде жасаған ұйымдардың одағы, бірлестігі.

  3. Анархизм-жеке адамды мемлекеттік биліктен құтқаруға бағытталған әлеуметтік-саяси ағым.

  4. Апатридтер-ешбір мемлекеттің азаматы болып саналмайтын адамдар.

  5. Ассамблея-халықаралық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысы. Мысалы, БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы.

  6. Ассимиляция- бір халықтың өз тілін, мәдениетін, ұлттық сана-сезімін жоғалтып, екінші халыққа сіңіп кетуі.

  7. Ассоциация- белгілі бір саяси, ғылыми, шаруашылық, мәдени т.б. мақсаттарға жету үшін ұйымдасқан адамдар немесе мекемелер бірлестігі.

  8. Бихевиоризм- жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін талдауға негізделген әдістемелік бағыт.

  9. Буржуазиялық-демократиялық партиялар- ХІХ ғасырда Еуропа мен Солтүстік Америкада бір кезде пайда болды.

  10. Бюрократ-азаматтрадың мүддесіне нұқсан келтіріп өз міндеттерін формалды түрде атқаратын қызмет адамы.

  11. Билль – 1) АҚШ-та Ұлыбританияда және т.б. елдерде парламенттің қарауына ұсынылған заңжобасы; 2) жеке заңдардың аты, мысалы, құқықтар туралы.

  12. Билік – 1) адамдардың іс-әрекетіне, қызметіне, тағдырына белгілі бір адамдардың (бедел, жігер, құқық, зорлық) көмегімен әсер ету мүмкіншілігі; 2) адамдарға саяси билік жүргізу; 3) мемлекеттік органдардың жүйесі; 4) мемлекеттік жәнеәкімшілік өкілеттілігі бар адамдары, органдары.

  13. Биліктің тармақталуы – демократиялық саяси жүйе ойдағыдай өз ісін атқару үшін және биліктің, субъектілеріне қарай мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы, сот билігі етіп үш тармаққа бөлу. Егер биліктің бір тармағы озбырлық етсе, қандай адам болмасые оның екінші тармағына арыз бере алады.

  14. Блокада – өз дегендерін істету үшін қарсы жақтың жерін немесе бір бөлігін қоршауға алып, сырт әлемнен бөліп тастау. Ол саяси, экономикалық, әскери, дипломатиялық және т.с.с. түрінде болуы мүмкін.

  15. Бойкот – 1) өзінің экономикалық немесе саяси талаптарын орындату мақсатында жеке адаммен, ұйыммен, мемлекетпен толық немесе ішінара қатынастарды тоқтату; 2) сол мақсатқа белгілі бір міндеттерді орындаудан бас тарту; 3) өкіметті органдарды сайлауға қатысудан бас тарту; 4) наразылық ретінде біреумен қарым – қатынасты үзу.

  16. Бипатридтер – бір мезгілде екі немесе одан да көп мемлекеттердің азаматы болып есептелуі.

  17. Босқындар – қудалау, әскери іс-әрекеттің немесе ерекше жағдайларға байланысты тұрақты тұрған елін тастап кеткен адамадар.

  18. Брифинг – үкіметтің жеке мәселелер бойынша немесе халықаралық келіссөзге қатысушылардың келісімімен оның барысы туралы хабарлама жасау үшін ресми адамадардың ақпарат құралдары өкілдерімен кездесу.

  19. Волюнтаризм-саяси серкелердің қоғамдық өмір жағдайларымен санаспай, өз бетімен күштеу әдістеріне сүйеніп жүргізген саясаты.

  20. Геноцид-адамдарды шығу тегіне, бір ұлттың, діннің өкілі болуына байланысты әдейі қыру немесе қудалау.

  21. Геосаясат-сыртқы саясатты географиялық факторларға байланысты жүргізетін саясат.

  22. Глобальдылық-бүкіл жер шарын қамтитын, әлемдік мәселелерді шешуге арналған ғылыми бағыт.

  23. Гуманизм-адамзаттың еркін жетілуне негізделген мақсатты әлеуметтік қозғалыс.

  24. Депортация-жеке адамдарды, халықтарды еріксіз, күшпен жер аудару.

  25. Диверсификация-мәселенің әр түрлі, жан-жақты қаралуы, дамуы, саяси қызметтің көп түрлілігі.

  26. Диктатура-қарулы күшке сүйенетін, заңмен шектелмеген шексіз мемлекеттік билік.

  27. Еуропарламент-еуропалық бірлестіктің 12 елін қамтитын мемлекетаралық саяси мекеме.

  28. Егемендік-мемлекеттің, халықтың, ұлттың, адамның саяси тәуелсіздігі.

  29. Идеология-белгілі бір әлеуметтік топтар, таптар, партиялар және т.б. мақсаттары мен мүдделерін бейнелейтін, үстемдік етіп отырған қоғамдық қатынастарды орнықтыруға немесе оларды өзгертуге қызмет ететін тұжырымдардың, пікірлердің, идеялардың жүйесі.

  30. Импичмент-жоғарғы лауазымды адамдарды конституцияны бұзғаны үшін немесе басқа қылмысы үшін жауапкершілікке тартуға және ісін сотта қарауға мүмкіндік беретін ерекше тәртіптің түрі.

  31. Инновация-жаңалық енгізу

  32. Охлократия-қоғамдық өмір жағдайына қанағаттанбай мемлекеттік мекемелерді басып алып, ойран салған, демократияны теріс түсінген тобыр билігі.

  33. Парадигма-жасалатын өзгерістердің нәтижесінде туатын болашақтағы қоғамдық құбылыстың үлгісі, бейнесі.

  34. Прагматизм-алға қойған мақсатқа іс жүзінде жету үшін ұстаған бағыт.

  35. Инагурация -мемлекет басшысының өз қызметіне салтанатты кірісуі

  36. Коалиция -ортақ жауға қарсы немесе мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін бірлескен мақсатты партиялар мен қоғам қайраткерлерінің бірігіуі.

  37. Конституция-мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың негізгі қағидаларын, принциптерін білдіретін негізгі заң.

  38. Көппартиялылық-мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың әр түрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдалана отырып басқару түрі

  39. Легитимдік-халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы.

  40. Можаритарлық жүйе-сайлау нәтижесінде үміткердің округ бойынша көпшілік дауыс алуы.

  41. Маргиналдар-белгілі бір себептерге байланысты қоғамның негізгі әлеуметтік тобына, табына кірмей қалған аралық жағдайдағы адамдар.

  42. Меморандум-дипломатиялық хат жазысудың бір түрі.

  43. Мороторий-ішкі жіне сыртқы міндеттемелерді орындауды уақытша тоқтату, үзіліс жариялау.

  44. Саясаттану –қоғамның саяси дамуының жалпы және ерекше әлеуметтік заңдылықтары туралы ғылым

  45. Саясаттану зерттеуі-қоғамтану зерттеуінің бір түрі, қоғамды саяси-идеологиялық тұтас жүйе ретінде қарастырады.

  46. Саясаттану сауалдамасы-жеке адамдар мен топтарға ауызша және жазбаша түрінде сұрақтар қою жолымен алғашқы саяси- әлеуметтік ақпарат алу тәсілдері

  47. Саяси- әлеуметтік байланыс- адамдардың немесе топтардың тәуелділігін және сәйкестігін көрсететін әлеуметтік әрекет.

  48. Саяси даму-жаңа қоғамдық қатынастардың, институттардың, нормалардың, құндылықтардың қалыптасқан өзгерістері

  49. Саяси- әлеуметтік қауымдастық – ортақ әлеуметтік белгілердің болуымен біріккен, бірлескен, адамдар жиынтығы.

  50. Саяси нормалар – адамдардың іс-әрекетін реттейтін ереже.

  51. Саяси прогресс – қоғамдық дамудың бағыты.

  52. Саяси -әлеуметтік төңкеріс – қоғам дамуындағы сапалық, терең және жоғары прогрессивтісімен алмастыру тәсілі.

  53. Саяси- әлеуметтік заңдар- қоғамның, мемлекеттің т.б. топтардың даму бағытын анықтайтын әлеуметтік және саяси құбылыстар мен процесстердің арасындағы тұрақты өзара байланыстар.

  54. Саяси- әлеуметтік институттар – біршама жоғары ұйымдасқан әлеуметтік саяси түзілім.

  55. Саяси- әлеуметтік коммуникация – тікелей және қарым-қатынастар мен әлеуметтік және саяси субьектілер арасындағы өзара әрекет актісі мен процесі.

  56. Саяси- әлеуметтік конвергенция – түрлі әлеуметтік және саяси жүйелердің біртіндеп жақындасуы.

  57. Саяси- леуметтік қозғалыс – адамдардың әлеуметтік және саяси қолдау мен қарсылық көрсетуге бағытталған ұжымдық әрекетімен байланысқан әлеуметтік және саяси процестердің формасы.

  58. Саяси- әлеуметтік мүдделер – қоғамның, әлеуметтік топтардың, қауымдастықтардың, субьектілердің әлеуметтік-саяси әрекеттерінің себептері, қайнар көздері, талаптары, мотивтерінің қызметі.

  59. Мaжoритарлық жүйе – сайлау нәтижесінде үміткердің округ бойынша көпшілік дауыс алу.

  60. Макиавеллизм – алға қойған мақсатқа жету үшін амал-айланың қандай түрі болмасын пайдалану тәсілі. Оның негізін салған Италияның саясаттанушысы Н.Макиавелли (1469-1527) елдің басын біріктіріп, бірлігін сақтау үшін патшаларға жауыздық жасауға да, күш жұмсауға да кеңес берді.

  61. Манифестация – бір іске, оқиғаға, билеушілердің саясатына тілектестігін не қарсылығын білдіру үшін көпшілік болып қыр көрсету.

  62. Маргиналдар – белгілі бір себептерге байланысты қоғамның негізгі әлеуметтік тобына, табына кірмей қалған аралық жағдайдағы адамдар. Мысалы, ауылдан жұмыс іздеп қалаға келген жастар. Олар бір жағынан ауыл өмірінен қол үзген, екінші жағынан қаланың өмір салтын, мәдениетін игеріп, сіңбеген. Осылайша әредік жағдайға душар болады. Мұндайларды маргиналдар дейді. Олардың көбінің тұрақты тұратын орны жоқ, жұмыс орны да анықталмаған, белсенді саяси өмірге тартылмаған. Сондықтан олар қылмыс не басқа арандатушылық әрекеттерге оңай ілесіп кетеді. Маргиналдарға этникааралық, нәсіларалық некеге түскендер де жатады. Мысалы, метистер.

  63. Марксизм – өзара байланысты философия, саяси экономия, ғылыми коммунизмнен тұратын ілім. Ол социалистік революция нәтижесінде пролетариат диктатурасын, екі кезеңнен (социализм мен коммунизмнен) тұратын коммунистік қоғамды орнатуды мақсат етті.

  64. Мәміле – дау-жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келуі.

  65. Мемлекет – белгілі бір аумақ шеңберінде адамдардың, әлеуметтік топтар, таптар мен бірлестіктердің қатынастары мен қызметтерін ұйымдастыратын, бақылайтын қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементі.

  66. Мемлекеттік билік – барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке-дара құқығы бар, заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі.

  67. Менталитет – 1) ойдың бағыты, жүйесі, ақыл шабыты, құрылымы;

  68. 2) адамның, топтың, таптың, халықтың дүниетанымы, өмірге, саясатқа, билікке қатынасы; 3) рухани өмірдің ерекшелігі.

  69. Меритократия – ерекше қабілетті, құзыретті, таланаттылардың билігі.

  70. Милитаризм – жаппай қарулану, соғысқа әзірлену, ішкі және сыртқы мәселелерді қарулы күшпен шешуге тырысқан саясат.

  71. Модернизация – қазіргі, жаңа жағдайға байланысты жаңару, өзгеру, икемделу. Саясатта саяси жүйенің, әдіс-тәсілдердің, бағдарлама, тұжырымдамалардың өзгеруі.

  72. Монархия – мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрі. Оны хан, патша, император, король, сұлтан, шах және т.б. деп атауы мүмкін. Монархия өз кезегінде абсолюттік (шексіз) және конституциялық болып екіге бөлінеді.

  73. Муниципалитет – 1) кейбір елдерде өзін-өзі басқаратын аумақтық қоғамдастық, жергілікті өзін-өзі басқару органы. Оның өз меншігі, заң шығаратын, салық салатын және т.б. құқықтары бар; 2) кей елдерде кездесетін төменгі әкімшілік-аумақтық бөлік; 3) муниципалитеттің орналасқан үйі.

  74. Нәсіл – шығу тегіне және әр түрлі тұқым қуалайтын ерекшеліктеріне (дене құрылысы, терісіне, көзінің түсіне және т.с.с.) байланысты бірлескен адамдар тобы.

  75. Нигилизм – жалпы қабылданған заңдық ережелер, қоғамдық саяси өмірдің тәртіптерін және т.с.с. жоққа шығару. Саясатта оны жақтаушылар қалыптасқан саяси қазыналарға, партиялар мен саяси қайраткерлердің іс-әрекетіне қарсы болып, қабылдамайды.

  76. Объект – субъектінің танымдық және басқа іс-әрекеті бағытталған зат.Саясаттанудың обьектісіне саясат әлемі жатады.

  77. Оккупация- бір елдің мемлекеттің әскер күшімен уақытша басып алуы.

  78. Олигархия- саяси және экономикалық билік азғантай топтың қолында түрған биліктің түрі немесе сол үстем топтың өзі.

  79. Оппозиция – 1)бір саясатқа ,саяси іс-әрекетке ,қайраткерге қарсылық ету ,кедергі жасау.2)партияның не оның бір бөлігінің билік етуші элитаға, көпшіліктің немесе үстемдік етуші пікірге қарсы тұруы,

  80. Охлократия – қоғамдық өмір жағдайына қанағаттанбай мемлекеттік мекемелерді басып алып , ойран салған ,демократияны теріс түсінген тобыр билігі.

  81. Парадигма- жасалатын өзгерістердің нәтижесінде туатын болашақтағы қоғамдық құбылыстың үлгісі, бейнесі.

  82. Парламент- жоғары сайланбалы өкілдік және заң шығаратын орган.

  83. Парламенттік республика – конституция бойынша жоғарғы билік иесі парламент болып саналатын мемлекеттік құрылыстың түрін айтады.Мұнда үкіметті парламент қалыптастырады,сондықтан оған тәулді болады.Парламент бюджетті бекітеді,салықты белгілейді,соттарды құрады,халықаралық келісім-шарттарды қабылдайды,соғыс аша алады,әскерлерді қамтамасыз етеді және т.с.с.айналысады.Көптеген елдің парламенті екі(жоғарғы және төменгі)палатадан тұрады.

  84. Пацифизм -соғыстың қандай түріне болмасын(мақсатына,сипатына қарамастан)қарсы тұрып ,бейбітшілікті жақтайтын ағым,қозғалыс.

  85. Плебисцит- ерекше маңызды мәселе туралы барлық халықтың пікірін сұрау,анықтау.

  86. Плутократия -1)мемлекеттік билік байларға(плутократтарға )бағынышты болған саяси құрылыс;2)байлардың билігі ,ақшаның үстемдігі.

  87. Полис –ежелгі грек елінде қоғам мен мемлекеттің саяси-экономикалық ұйымы, қала-мемлекет.

  88. Популизм –саясаткердің немесе қоғамдық институттардың саяси қызмет атқару тәсілі.Олар мынадай ерекшеліктермен сипатталады:көпшіліктің тап қазіргі қарапайым талаптарын желеу етіп,құптау;өз басының атын шығару үшін адамдардың үлкен тобының сыншылдық сезімге берілген жағдайын пайдалану;көпшілікке жалпақтап,жағымпаздану,тобыр тіліндегі сөздерді,тіркестерді қолдану,асыра уәде беру,халықтың сауаты аз бөлігіне шағыну және т.с.с.

  89. Прагматизм – алға қойған мақсатқа іс-жүзінде жету үшін ұстаған бағыт.Көбіне адамгершілік қағидаларымен санаспай,нақтылы нәтижеге жетуге тырысады.

  90. Президент –1)республикалық басқару орын алған елдердегі белгілі бір мерзімге сайланған мемлекет басшысы;2)сайлап қойылатын басшы,қоғамдық,ғылыми мекемелердің ,корпорация,компания және т.б. төрағасы.

  91. Президенттік республика –конституция бойынша жоғарғы билікті президент жүргізетін республикалық басқарудың түрі.

  92. Прогресс –алға қарай үдеп,дамуды білдіретін бағыт.

  93. Протекрат –мемлекеттің әлсіз мемлекетті формальды түрде қамқорлыққа алуы.Көбіне мұндай жағдай әлсізді толық жаулап,жерін қосып алудың амалы болып шығады.Мысалы,ХХ-ғасырдың бас кезінде Жапония Кореяны алдымен протекторат етті,кейін оны өзіне қосып алды.

  94. Репрессия –мемлекеттәк құрылымдардың жазалау шарасы,қуғын –сүргінге ұшырату.

  95. Республика – мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер (парламент) арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрі.

  96. Референдум – маңызды заң шығарушы немесе ішкі және сыртқы мәселені түпкілікті шешу мақсатында сайлаушылардың көңілін білдіруі.

  97. Реформа – Қоғамдық құрылысты және оның институттарын жетілдіру үшін билік жүйесіне,саяси қызметтердің түрлі жақтарына өзгерістер енгізу.Ол қоғамның саяси жүйесін түгел немесе оның бір я бірнеше саласын қамтуы мүмкін.

  98. Сайлау жүйесі – белгілі бір билік түрін,мемлекеттік өкілеттік,заң шығаратын,атқару,сот орындарын қалыптастыруға қатысуды қамтамасыз ететін ережелер мен әдістердің жиынтығы.Сайлау жүйесі мажоритарлық,пропорционалдық,азшылықтың өкілдігі болып үшке бөлінеді.

  99. Сайлау құқығы – мемлекеттің өкілеттік органдарына азаматтардың сайлау және сайлану құқықтары.

  100. Сайлаушы –сайлауда ,референдумда және т.с.с. бір үміткер ұшін немесе басқа мәселе бойынша дауыс беруге құқығы бар адам.

  101. Саммит – сыртқы саяси келісімдер жүргізіп,шешімдерге келу үшін мемлекеттердің жоғарғы басшыларының кездесуі.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет