Сабақтың тақырыбы: Ғылыми техникалық революция Оқу мақсаты: 9.5.2.1 ғылыми-техникалық революция үдерісін, даму бағыттарын талдайды. Миға шабуыл -Күнделікті өмірде ҒТР-дың қандай жетістіктерін қолданасыздар?
-ҒТР мен ҒТП-ның айырмашылығы неде? Қазақстанға қайсысы көбірек тән? Ғылыми-техникалық революция (ҒТР) – ғылым мен техниканың дамуындағы сапалық жаңғыру кезеңі, ол қоғамның өндіргіш күштерінің түбегейлі өзгеруіне алып келеді, соның нәтижесінде индустриалды қоғам постиндустриалды қоғамға түрленеді. ҒТР жағдайында өндірістің негізгі даму бағыттары: 1. Электрондандыру – 2. Кешенді автоматтандыру – 3. Энергетикалық шаруашылықты қайта құру 4. Жаңа материалдарды өндіру 5. Биотехнологияның қарқынды дамуы 6. Ғарыштандыру Адам әрекетінің барлық салаларының электронды есептеу техникасы құралдарымен (ЭЕМ) қанығуы. Оның арқасында көптеген өндіріс үрдістерінің технологиялары түбегейлі өзгерді. Электрондану білім, денсаулық сақтау, мәдениет салаларымен қатар адамның тұрмысына тереңдеп еніп барады. ЭЕМ паркі ең ірі елдер: АҚШ, ГФР, Жапония, Оңтүстік Корея Кешенді автоматтандыру ЭЕМ пайда болуына байланысты мүмкін болды. Автоматтандырудың ең басты бағыттарының бірі өнеркәсіптік роботтарды – адамның әрекетін қайталайтын машиналдарды жасау болып табылады. Өнеркәсіптік роботтардың паркі ең ірі елдер: Жапония, АҚШ, ГФР, Италия, Франция, Оңтүстік Корея Энергияны үнемдеу, отын-энергетикалық теңгерімнің құрылымын жетілдіру, энергияның жаңа көздерін (күн, жел, толысу-қайту, Жер қойнауының қуаты, атом қуатын т.б.) неғұрлым кең қолдану негізінде жүзеге асуда. (Бұл сала АҚШ, Франция, жапония, ГФР, Ресейде ең көп дамыған) Ескі конструкциялық материалдарға талаптың күшеюі, сонымен қатар қызуға төзімділік, үйкелуге төзімділік, биологиялық ыдырау сияқты қасиеттері алдын ала берілген жаңа материалдардың пайда болуы. 20 ғ металдарының пайда болуы (берилий, литий, титан) Титан – аэроғарыштық өнеркәсіпте пайдаланылады. БИОТЕХНОЛОГИЯ, өнеркәсіптік өндірісте тірі ағзаларды және биологиялық үрдістерді пайдалану. Ферменттерді, дәрумендерді, аминқышқылдарды, антибиотиктерді т.б. микробиологиялық синтездеу. Болашақта басқа да гендік инженерия мен жануарлардың және өсімдік материалдарының көмегімен биологиялық белсенді заттарды (гормоналдық препараттарды, иммунитетті ынталандыратын қосылыстарды т.б.) өнеркәсіптік жолмен алу мүмкін. Тағы бір ғылымды көп қажет ететін саланың - аэроғарыштық өнеркәсіптің дамуына алып келді. Осымен байланысты жаңа материалдар, аспаптар, металл қоспалары пайда болды. Олардың кейбірі қазір ғарышпен байланысы жоқ салаларда пайдаланылуда.
ҒТР-ның басты белгілері мен құрамдас бөліктерін анықтау үшін кестені толтырыңыз.