әлемнің қазіргі кезеңдегі ғылыми бейнесі туралы түсінікті қалыптастыру;
космостық объектілерді зерттеудің қазіргі заманғы ғылыми әдістері мен құралдары туралы терең білім беру;
орасан зор кеңістік пен уақыт сиятын өлшемдерді пайдалану, бақылау нәтижелерін талдау және астрофизикалық құбылыстардың күрделі табиғатын түсіну;
көптеген ғалымдардың еңбексүйгіштігі мен ерлігінің, мақсатқа жетудегі табандылығының куәсі болып келетін, тарихи тағылымдарға толы Астрономия ілімін жастарды ғылымға тәрбиелеудің негізгі құралына айналдыру;
студенттің эстетикалық және тәлімдік тәрбиесін жетілдіру;
курсты оқыту студенттерге физика мен астрономияның түпкілікті мәселелерінен терең білім алудың арқауы болуы тиіс.
Астрономия приборлардың жұмыс істеу принцепін біледі.
Түсінеді:
Негізгі астрономиялық заңдылықтарын тұжырымдай алады;
Негізгі астрономиялық заңдылықтардың арасындағы байланыстарды түсінеді;
Табиғаттағы, техникадағы, тұрмыстағы астрономиялық заңдылықтардың пайдалану заңдылықтарын түсінеді.
Қолданады:
Астрономияның негізгі заңдарын практикалық қолана алады;
Кеплердің негізгі теориясын қолданып, есептер шығаруға қолданана алады;
Астрономиялық заңдылықтарына эксперимент жасауға негізгі құрылғыларды қолдана алады;
Талдайды:
Астрономиялық заңдылықтарға талдаулар жасайды;
Астрономиялық құбылыстардың болу себептеріне талдаулар жасай алады;
Жинақтайды:
Астрономия заңдылықтарын жинақтайды.
Бағалау:
Астрономиялық заңдылықтардың табиғаттағы, тұрмыстағы, техникадағы жалпы адамзат өміріндегі маңызын бағалай алады.
. Курс аяқталғаннан кейін студенттер білуі керек:
- негізгі астрономиялық құбылыстарды, олардың табиғатта байқалуын және
техникада қолданылуын, математикалық сипатталуын;
- астрономиялық приборлармен жұмыс істеуді, астрономияның нақты есептерін шығаруды және оны физика заңдарымен байланыстыра білуді;
Курс аяқталғаннан кейін студенттер жасай алуы керек:
-Эксперименттік зерттеулер жүргізе алуы;
-Астрономия заңдылықтарын пайдалана отырып қолдан құралдар жасау білуі керек
Игерілетін дағдылар:
жұлдызды аспанның негізгі шоқ жұлдыздары мен айқын көрінетін жұлдыздарды таба білуі;
жұлдызды аспанның жылжымалы картасымен жұмыс істеу;
өз бетінше астрономиялық бақылаулар жүргізу;
Күннің аспан сферасындағы қозғалыс заңдылығын және Жердің климаттық белдеулерінің астрономиялық себептерін түсіну;
уақытты өлшеудің негізгі принциптерін, сағаттарға (жұлдыздық және күндік) түзету енгізу;
планеталардың конфигурациясын, Айдың фазасын, Кеплер заңдарын толық игеру;
Жердің жасанды серіктері мен зымырандардың қозғалысын есептеу үшін Кеплердің және бүкіләлемдік тартылыс заңдарын қолдана білу;
Күн жүйесінің құрылымы және аспан денелерінің табиғаты туралы нақты түсініктің болуы;
Ғарыштық денелерді зерттеудің соңғы әдістері туралы мағлұматтың болуы;
Жұлдыздық каталогпен атластармен жұмыс істей білу.