Берілген тапсырмалардың толық орындалуы.
Теория кезінде дәлелді тұжырымдар, олардың дұрыс және толық түсіндірілуі. Теорияның практикада қолданылуы
70-89
Берілген тапсырмалардың жартысынан көбінің орындалуы, жалпы бағыты дұрыс.
Теория кезінде дәлелді тұжырымдар, олардың дұрыс, бірақ толық емес түсіндірілуі. Теорияның практикада қолданылуы
50-69
Берілген тапсырмалардың орындалуы толық емес, жалпы бағыты дұрыс бірақ қателіктер бар.
Теория кезінде дәлелді тұжырымдар келтірмеу, олардың дұрыс болмауы, толық емес түсіндірілуі. Теорияның практикада қолданылу төмендігі
0-49
Берілген тапсырмаларда өрескел қателіктердің кездесуі.
Теория кезінде дәлелді тұжырымдар келтіре алмау. Теорияны практикада қолдана алмау
Қорытынды бағалау критерийлері
95-100
Астрономия ұғымдары бойынша қойылған сұрақтарға толық, жан-жақты жауап беріледі, студент астрономиялық терминдермен еркін жұмыс жасай алады. Ғылыми астрономияны халықтық астрономиямен байланыстыра алады. Аспан механикасы, сферасы, Күн жүйесі, планеталар, жұлдыздар, аспан денелері, галактикалар туралы білімдері жүйеленген, тұжырымдалған, физикалық қасиеттері сипаттай алады, олар туралы жеке көзқарастары, қосымша білімдері бар. Астрономияның соңғы жаңалықтарынан хабардар.
90-94
Астрономия ұғымдары бойынша қойылған сұраққа толық, жан-жақты жауап беріледі, астрономия туралы саналы білім жиынтығы көрсетілді, астрономияның негізгі ережелері дәлелді түрде ашылды. Астрономия туралы білімі осы ғылым мен пәнаралық байланыстар жүйесінде оны түсіну аясында көрсетіледі. Студент жауап беру барысында жіберілген қателіктерді өз бетінше түзетуі мүмкін.
85-89
Астрономия ғылымы бойынша қойылған сұраққа толық, жан-жақты жауап беріледі, ғарыштық құбылыстар дәлелді түрде ашылды; жауап құрылымы нақтыланған, логикалық дәйекті. Пән бойынша алған білімдері мен зертханалық дағдыларында студенттің оқытушының көмегімен түзеткен кемшіліктері бар.
80-84
Негізгі астрономия ұғымдары бойынша қойылған сұраққа толық, жан-жақты жауап берілді, аспан сферасы мен механикасын бойынша ішінара аздаған шатастыру бар, бірақ оқытушының көмегімен студент түзеткен кемшіліктер немесе елеусіз қателіктер жіберілуі мүмкін.
75-79
Негізгі астрономия ұғымдары бойынша қойылған сұраққа толық жауап берілді, аспан сферасы мен механикасын бойынша ішінара аздаған шатастыру бар. Жауап анық құрылымдалған, қисынды, ғылым терминдерінде жазылған. Алайда, "жетекші сұрақтар" көмегімен студент түзеткен елеусіз қателер немесе кемшіліктер жіберілген.
70-74
Негізгі астрономия ұғымдары бойынша қойылған сұраққа дәйекті жауап жеткіліксіз берілген, бірақ аспан денелері, Күн жүйесі, жұлдыздар, галактикалар туралы негізгі түсініктерді көрсете білген. Жауап қисынды және терминдермен жазылған. Студент өз бетінше түзеуге қиын болатын негізгі ұғымдарды анықтауда қателіктер жіберілген.
65-69
Негізгі астрономия ұғымдары бойынша толық және жан-жақты жауап берілмеді. Жалпы аспан денелері, Күн жүйесі, жұлдыздар, галактикалар туралы негізгі түсініктерді қолдануда қателіктер жіберілген. Аспан сферасы мен механикасы бойынша кейбір түсініктерді өз бетінше ажырата алмайды. Студент жалпылама білімді нақтылай алады, мысалдарда олардың негізгі ережелерін тек оқытушының көмегімен ғана дәлелдейді.
60-64
Негізгі астрономия ұғымдары бойынша анықтамалардағы маңызды қателері бар толық емес жауап берілді. Студент осы ұғымның, теорияның, құбылыстың физикалық құбылыстармен байланысын түсінбейді. Тұжырымдар, нақтылау және баяндаудың дәлелдемелері жоқ. Сөздік қоры өте аз.
55-59
Астрономияның негізгі ұғымдарына толық жауап берілмеді. Студент дәлелдер келтіруге қиналады. Астрономиялық терминдердің, ұғымдардың анықтамаларындағы, фактілердің, физикалық құбылыстардың сипаттамаларында көптеген маңызды қателіктер бар. Жауап нақты емес, сөздік қоры аз.
50-54
Астрономиялық ұғымның, теорияның, құбылыстың пәннің басқа объектілерімен байланысын түсінбейді. Жауаптарында дәлелдемелері жоқ. Сөздік қоры өте аз, ойын жеткізуге қиналады. Жауап қисынсыз. Студент астрономиялық ұғымның, теорияның, құбылыстың пәннің басқа объектілерімен байланысын түсінбейді.
0-49
Астрономия пәнінің негізгі сұрақтары бойынша жауаптар алынбаған.