Білім беру бағдарламасы 6В01505 Физика-информатика


Тақырып: №12 зертханалық жұмыс: Галактикалардың спектрі



бет33/46
Дата23.09.2023
өлшемі3,92 Mb.
#109972
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   46
Байланысты:
Сил.Астрономия

Тақырып: №12 зертханалық жұмыс: Галактикалардың спектрі
Мақсаты: галактикалар спектрлерінің классификациясын зерттеу және олардың жарықтылығын анықтау.
Құралдар: «Справочник любителя астрономии» көмекші құралдар, «Астрономический календарь – постоянная часть», Жұлдыздық cпектрлердің гарвардтық классификациясы (48 планшет), жұлдыз спектрограммалары (49-56планшет) логарифмдер таблицасы, логарифмдік сызғыш.
Негізгі сұрақтар: галактикалар, жұлдыздар, спектр, иондалу, Погсон формуласы
Тапсырмалар:
1. Галактикалар спектрлерінің стандарттары бойынша сутегі мен иондалған кальций сызықтары өте анық көрінетін подкластарды табыңыздар.
2. Қуысты спектрографтың түсірген төмендегі жұлдыз спектрлерінің қай класқа жататындығын анықтаңыздар.
1) Бүркіттің δ- сы, Дельфиннің ε –ы, Жетіқарақшының μ, Қарғаның β-сы.
2) Егіздердің μ, Суқұюшының γ, Аққудың ε, Өгізшінің η – сы.
3) Жыланбөктергеннің α- сы, Өгізшінің ε, Егіздердің ε, Үшарқар-Таразының δ-сы.
4) Лираның α-сы, Корма σ, Геркулестің δ, Айдаһардың χ-сы.
5) Геркулестің η-сы, Сарышаянның δ-сы, Гидраның R, Бикештің γ-сы.
3. Күннің абсолютті визуальды жұлдыздық шамасын есептеп шығарыңдар.
4. Төмендегі жұлдыздардың қашықтықтарын, абсолюттік сары және абсолюттық көк жұлдыздық шамаларын, сары және көк жарықтылығын табыңдар.
1/ Мицар, Егіздер μ, Үшарқар-Таразы ε және ВД-15° .40 42.
2/ Альдебаран, Персейдін S, Айдаһардың χ және Каптейн жұлдызы.
3/ Денеб, Кассиопеяның η, Сарышаянның η, Центаврдың Проксимасы.
5. Шоқжұлдыздардың бірінің қашықтығындай нүктеден Қүннің көрінерлік жұлдыздық шамасын есептеп тап.
6. Рессел диаграммасын сызып, ондағы Күннің және 4 пунктте берілген жұлдыздардың орнын белгіле, осы шырақтардың қай тізбекке жататындығын көрсет.
7. Әртүрлі тізбектерде орналасқан жұлдыздардың абсолютты жұлдыздық шамасы мен жарықтылықтарының шектерін көрсет.
Әдістемелік нұсқаулықтар:

  1. Бакулин П.И., Кононович Э.В., Мороз В.И. Курс общей астрономии. М,: Наука. 1983, 560 с.

  2. Дагаев М.М., Демин В.Г., Климишин В.Г., Чарушин В.М. Астрономия. –М.: Просвещение. 1983, 384с.

  3. ДагаевМ.М.Сборник задач по астрономии.–М.:Просвещение.1980, 128с.

  4. КурышевВ.И.Практикум по астрономии. –М.: Просвещение. 1986, 144с.

  5. Дагаев М.М. Наблюдение звездного неба. –М.: Наука. 1980, 454с.

Өткізу формасы: «ашық микрофон» әдісі, галактикалар спектрін оқып-үйрену.
Бағалау критерийлері:
Зертханалық жұмыс жұмыс туралы есептердің кем дегенде 90% - ның болуы (жазбаша немесе электронды түрде)
Зертханалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 70% - ның болуы (жазбаша немесе электронды түрде)
Зертханалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 50% - ның болуы (жазбаша немесе электронды түрде)
Зертханалық жұмыстар жөнінде есептің болмауы немесе сапасының төмен болуы.
Әдебиеттер: 3,6,7,12,19,23,36,43




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет