Тақырып:№7 зертханалық жұмыс: Күннің сәуле шығаруын және Күн активтілігін бақылау Жұмыстың мақсаты: Күннің физикалық табиғатын зерттеу.
Қажетті құралдар: Күннің фотографиялары, Күн дақтарының планшеткасы, протубаранецтердің фотографиялары.
Негізгі сұрақтар: Күн активтілігі, Вольф саны, Күн тұрақтысы.
Тапсырмалар: 1. Күн фотографиясының бұрыштық және сызықтық масштабтарын, Күн дискі-сінің км2 бірлігіндегі ауданын табыңыздар.
2.Вольф санын табыңыздар. Ең кіші және ең үлкен дақтың сызықтық және бұ-рыштық диаметрлерін тауып Жер диаметрімен салыстыру керек.
3.Осы дақтың ауданын тауып, Қазақстанның ауданымен салыстырыңыздар: (2,7173 ·106км2)
4. Күн дағының сызықтық диаметрі мына аспан денесінің диаметріне тең болса, бұрыштық диаметрін табыңыздар.1.Жер.2.Меркурий.3.Шолпан.4.Марс. 5.Юпи-тер. 6.Сатурн.7.Уран. 8.Нептун. 9.Плутон.10.Нептуннің серігі Тритон. 11. Титан Сатурнның 15- серігі.12.Теба- Юпитердің 4- серігі.13. Амальтея- -Юпитердің 3- серігі. 14.Адрастея- Юпитердің 2- серігі. 15.Метида- Юпитердің 1 серігі.
5.1-4 пунктердің нәтижелерін талдап, Күн дақтарының көрінетін өлшемдерімен нақты өлшемдері жайында қандай қорытынды жасайсыңдар.
6.Сызғыштың көмегімен протуберанецтің биіктігін өлшеп, оны Күн радиусының ұзындығы арқылы өрнектеңіздер. Сонымен бірге протуберанец затының суретке түсу моменттерінің біріндегі жылдамдығын табыңыздар.
7.Күн тұрақтысын пайдаланып,Күн сәуле шығаруының қуатын, бір жыл ішінде бөлініп шығатын энергиясын және Күн массасының 1сек.ішінде және бір жыл ішінде кему шамасын табыңыздар. Мынадай уақыт аралықтарында Күннің бөліп шығаратын энергиясын есептеңіздер. 1.1/2 минут үшін және ½ жыл үшін. 2.1/4 мин үшін және ¼ жыл үшін. 3.1/3 мин үшін және тәулік үшін. 4.1сағ.үшін және 1/8 мин. үшін. 5.1/2 сағ. үшін және 1/2календарлық ай үшін. 6.1/3 сағ.үшін және 1 жеті үшін. 7.5сек.үшін және 3 тәулік үшін. 8.8сек. үшін және сидерлік ай үшін. 9. 20сек. үшін және 1 синодтық ай үшін. 10.23сек.үшін және 2 календарлық ай үшін. 11.37сек.үшін және 2,5 ай үшін. 12.30сек.үшін және 5 ай үшін. 13.50 сек.үшін және 2 жеті үшін. 14.40 сек.үшін және 3 ай үшін. 15.10 сек. үшін және 10 ай үшін.
8. Күннің сәуле шығаруының (қазіргі интенсивтілігі) болашақтағы интенсивтілігінің ұзақтығын табыңыздар.
9. Күннің жалпы құрлысын және оның бетіндегі дақтарды бақылап мынандай нәрселерге назар аударыңыздар
а) Күн дискісінің жарықтығы дискі центріне үлкен шетіне қарай кемиді.
б) Фотосфераның грануляциясы. Бұл құбылыс тынық кезде байқалады. Күн бетіндегі гранулаларды ( біртексіздерді, дәндерді) айыру үшін трубаны қозғап қағаздағы кескінді орын ауыстыру керек.
в) Күнгірт күн дақтары немесе олардың топтары. Топтық құрамындағы дақтарды санап, үлкен дақтардың ядросымен шала көлеңке бөлігін айырып, орындарын суретке түсіру керек.
Г) Факельді бақылау. Бұлар Күн дискісінің шетіне таман жарқын дақтар және дұрыс емес формалы жіпшелер түрінде байқалуы мүмкін.
2. Күн дақтар тобының структурасын зерттеп, суретке түсіріп алу. Бірнеше са-ғаттан кейін немесе келесі күні (бірақта үш күннен кешікпей, дәл сол топтың суретін салыңдар). Осы екі суретті салыстыра отырып берілген дақ тобында қандай өзгерістер болатындығын ұғыну және көрсету керек. Сурет салу үшін үлкен ұлғайтуы бар окулярды алу керек, бірақта кескіннің анықтығы бұзылмайтын болсын. Дақтардың осы тобын экранға проекциялап, оның негізгі бөліктерінің орналасуын карандашпен салу керек. Қалған жұмысты қарап салу керек. Ол үшін қағазды экраннан алып қою керек. Екі суретті салыстыру ыңғайлы болу үшін әрқайсысында тәуліктік параллельдің бағытын салу керек.
Әдістемелік нұсқаулықтар: Д.И.Кенжалиев «Астрометрия» 2007 Орал –-§4-§5 21-27 бет;
М.М.Дагаев, В.И.Демин, И.А.Климишин, В.И.Чаругин «Курс общей астрономии», Москва «Просвещение» 1983 - §6-§13 стр 14-26 ;
П.И.Бакулин,Э.В.Кононович,В.И. Мороз «Курс общей астрономии» Москва «Наука» 1977 -§10-§11 стр 24-29
Өткізу формасы: «қар кесегі» әдіс, Күннің физикалық қасиеттерін оқып-үйрену.
Бағалау критерийлері: Зертханалық жұмыс жұмыс туралы есептердің кем дегенде 90% - ның болуы (жазбаша немесе электронды түрде)
Зертханалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 70% - ның болуы (жазбаша немесе электронды түрде)
Зертханалық жұмыс туралы есептердің кем дегенде 50% - ның болуы (жазбаша немесе электронды түрде)
Зертханалық жұмыстар жөнінде есептің болмауы немесе сапасының төмен болуы. Әдебиеттер: 12,26,28,33,35