Металдардың белсенділігін салыстыру
Реактивтер: темір жаңқалары, мыс сым, күміс нитраты, мыс (II) сульфаты , алюминий нитратының 0,5 М ерітіндісі.
Химиялық ыдыстар мен құрал-жабдықтар: Сынауықтар мен сынауық ұстағыш.
Жұмыс барысы:
Бірінші сынауыққа 2 мл күміс нитратын, екіншісіне 2 мл мыс (II) сульфатын, ал үшіншісіне 2 мл алюминий нитратын құйыңдар. Біріншісіне мыс сымын, екіншісіне темір жаңқаларын, үшіншісіне мыс сымын салыңдар.
Оқытудың техникалық және инструментальды құралдары: 7-11 сыныптарға арналған мектеп химия оқулықтары, тақырыпқа байланысты деректі материалдар, интерактивті тақта.
Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау ережесі. Химия лабораториясында тазалық-гигиеналық және еңбекті қоғаудың қауіпсіздік техникасының ережесін (жоғарыда берілген) қатаң сақтаңыздар!
Бақылау сұрақтары:
І-деңгейлік тапсырма:
1. Массалық үлесі 98 % (тығыздығы 1,84 г/мл) күкірт қышқылының қандай көлемі металдық мыспен әрекеттескенде 1,14 л күкірт (ІІ) оксиді бөлінеді?
ІI-деңгейлік тапсырма:
2. Сілтілік және сілтілік-жер металдарының электрондық құрылыстарын қарастырыңыздар.
3. Металдардың алыну жолдарын реакция теңдеулері арқылы өрнектеңіздер.
IIІ-деңгейлік тапсырма:
4. 12,7 г мыс 70 мл азот қышқылымен (ω=96%, = 1,497 г/мл) әрекеттескенде газдың (қ.ж.) қандай көлемі бөлінеді? Алынған тұзды қыздыру арқылы ыдыратқанда бөлінетін газтәрізді заттар қалыпты жағдайда қандай көлем алады?
Студенттің өздігінен орындайтын жұмыс (СӨЖ) тапсырмалары
Химиялық тіл химияны танудың құралы және әдісі, білім берудің, тәрбиелеудің және оқушылардың маңызды құралы (баяндама дайындау)
Студенттің оқытушымен бірлескен жұмысы (ОБСӨЖ) тақырыбы:
1. Элементтер мен олардың қосылыстарын жүйелік химия курсында оқытудың негізгі ұстанымдары (тақырыпты талқылау).
Пайдаланылған әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
1.Берді Д.Қ., Жылысбаева Г.Н., Мухамеджанов Б.Қ. Химияны оқыту әдістемесі. Оқу құралы. 2014.
2.Сулейменовa О.Я., Сулейменовa Ұ.Я. Химия дидaктикaсының қысқaшa курсы: оқу құралы. 2017.
Қосымша әдебиеттер:
3. Мадыханова Қ.С., Абдуразова А.П., Қобланова О.Н. ЖОО химияны оқыту әдістемесі. - Жетісай: Сырдария университеті, 2014
Web cайттар тізімі:
4. http://rmebrk.kz
5. http://library2.ayu.edu.kz
Достарыңызбен бөлісу: |