Білім беру бағдарламасы 6В01701 Қазақ тілі мен әдебиеті, 6В01711 Қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, 6В02301 Филология: қазақ филологиясы



бет14/14
Дата02.01.2023
өлшемі66,44 Kb.
#60270
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Құрастырған: __________________ Сисенбаева Р.Ж.
қолы аты-жөні
Қазақ филологиясы
кафедрасының меңгерушісі: __________________ Сұлтаниязова И.С.
қолы аты-жөні


М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

Факультет Филология


Кафедра Қазақ филологиясы
Шифр, білім беру бағдарламасы 6В01701 Қазақ тілі мен әдебиеті, 6В01711 Қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, 6В02301 Филология: қазақ филологиясы
Пәні Тіл біліміне кіріспе


Жазбаша тест сұрақтары
ҮІ нұсқа



  1. Сөздің шығу төркінін зерттейтін тіл білімінің саласы.

А. Морфология В. Ономастика С. Семасиология Д. Этимология
2. Тіл біліміне тән термин сөздердің қатарын көрсет.
А. Архитектор, филармония, роман, алгебра В. Айналым, қосымша құн, материя
С. Дыбыс, сөз, сөз тіркесі, сөйлем Д. Үстеу, әдебиет, мәдениет, бастауыш
3. Графика деп нені айтамыз?
А. Әріптердің рет-ретімен орналасқан жиынтығы;
В. Сөздердің дұрыс жазу нормаларының жиынтығы
С. Белгілі бір тілдегі фонемаларды және олардың тіркесін белгілеу тәсілдерінің жиынтығы;
Д. Сөздерді дұрыс айту нормаларының жиынтығы
4. Суретке негізделген жазу түрі.
А. Пиктографиялық В. Семиотикалық С. Буын Д. Әріптік
5. Фонетикалық принцип бойынша жазылған сөздердің қатарын анықтаңыз.
А. Бүрсігүні, шекара, күздігүні В. Жаздыгүні, қыстыгүні, ашудас
С. Әркім, кейбіреу, асшы, әлдеқашан Д. Ленинград, штаб, устав, географ
5. Ауызекі тіл арқылы енген кірме сөздерден тұрған қатарды көрсет.
А. Бөкебай, бөз, сіріңке, көпес, бөтелке В. Проза, пион, физика, лекция, вольт
С. қараша, ақпан, қыркүйек, қазан Д. үй, баспана, бала, аға
6. Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа,
Адам ойы түрленіп ауған шақта.
А. метафора В. метонимия С. синекдоха Д. антоним
7. Сөздердің шығу тегі мен олардың семантикасының дамуы туралы мағлұмат беретін сөздіктер
А. фразеологиялық, аударма, терминологиялық, диалектологиялық сөздік
В. фонетикалық, орфографиялық сөздік
С. этимологиялық, тарихи сөздіктер
Д. энциклопедиялық, иллюстративті сөздік
8. Фразеологиялық бірліктен тұратын қатарды көрсет.
А. Екі езуі екі құлағына жету, асыл адам айнымас, достың сырын досқа шеш.
В. Жерден жеті қоян тапқандай, таяқ тастам жер, төрт құбыласы түгел.
С. Көз салу, тіс қаққан, қолқа салу, бел буу.
Д. Мидай дала, қыпша бел, шалқар көл.
9. Тілдің сөздік құрамы нені қамтиды?
А. төл сөздерді В. кірме сөздері С. фразеологизмдерді Д. барлығын
10. Түркі тілдерінің батыс хун бұтағына кіретін тілдердің тобын көрсет
А.қарлұқ, ұйғыр-оғыз, оғыз, қыпшақ В.бұлғар, қарлұқ, қырғыз-қыпшақ
С.қарлұқ, оғыз, қыпшақ, бұлғар Д. қырғыз-қыпшақ, ұйғыр-оғыз, қыпшақ
11. Орыс тілі типологиясы жағынан қандай типті тілдердің тобына кіреді?
А.агглютинативті В.даралаушы С.флективті Д.полисинтетикалық
12. Матаса байланысқан сөз тіркесі деп қандай байланыстың түрін айтамыз?
А.ұйтқы сөз бағыныңқы сөздің барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктердің бірінде тұруын талап ететін байланыс
В.бағыныңқы сөздің ұйытқы сөзбен жалғаулықсыз қатар тұруы арқылы байланысуы
С.бағыныңқы сөз басыңқы сөздің ыңғайына, грамматикалық мағынасы мен формасына бағынып, соның жетегінде байланысуы
Д.басыңқы сөз бағыныңқы сөздің грамматикалық мағынасымен үйлесіп, тиісті формада байланысуы
13. Тілдердің генеологиялық классификациясы неге негізделеді?
А.қарым-қатынасқа В.географиялық орналасуына
С.сөздің құрылысына Д.шығу төркінінің бірлігіне
14. Күрделі сөз тіркесі деп қандай тіркесті айтамыз?
А.әр басқа ұйтқы сөздерге тіркелетін әр түрлі байланыстарға негізделген тіркес
В.бір еселі, екі еселі, үш еселі байланыстарға негізделген тіркес
С. екі немесе одан да көп сөздердің тіркесінен жасалып, бір ғана ұйтқы сөзге тіркелетін тіркес
Д. мағыналық және грамматикалық жақтан өзара бірлікте болатын толық мағыналы кемінде екі сөздің тіркесі
15. Сан-мөлшер категориясы нені білдіреді?
А.қимыл, іс-әрекеттің уақытқа қатысын көрсетеді
В. бір сөздің есімге немесе етістікке қатысын білдіреді
С.даралық ұғым мен көптік ұғымды ажыратады
Д.іс-әрекет пен істі істеушінің арасындағы байланысты көрсетеді
16. Полисинтетикалық тілдердің қатарына жататын тілдер:
А. америкалық индеецтердің тілдері, полеозиат (чукот, коряк, нивх, юкагир тілі)
В. орыс тілі, неміс тілі, грек тілі, араб тілі
С. Вьетнам тілі, қытай тілі, бирма тілі, тибет тілі, малайя-полинезей және Батыс Африка тілдері
Д. түркі тілдері, монғол тілдері, угро-финн тілдері
17. Сөз тудырушы аффикстердің мағынасы
А. Деривациялық В. Реляциялық С. Метафорлық. Д. Троптық
18. Тікелей объектіні білдіретін қай септік?
А. Атау В. Ілік С. Барыс Д.Табыс
19. Орыс тілінде кездесетін көмекші аффикстердің қатарын көрсет
А. жалғау, жұрнақ В. Префикс, инфикс, суффикс С. түбір, қосымша Д. барлығы
20. Жеңген тілдегі жеңілген тілдің элементтері қалай аталады?
А. денотат В. коннотат С. окказионализм Д.субстрат
21. Бұл теория бойынша табиғаттағы дыбыстарға еліктеуден алғашқы сөздер жасалып, олар заттардың атауына айналған.
А.одағай В. еңбек айқайы С.дыбысқа еліктеу Д.қоғамдық шарттасу
22. Графиканы «алфавиттің ережелері (қағидалары)» деп атаған ғалым
А.Щерба Л.В. В.Руссо Ж.Ж. С.Кудрявский Д.Н. Д. Марр Я.Н.
23. ІХ ғ. ІІ жартысында Кирилл (Константин) өзінің ағасы Мефодиймен Моравияға сапар шегуінің алдында (863 ж.) грек алфавитінің негізінде жасаған әліппесі
А.славян В. түркі С.латын Д. араб
24. Түркі тілдері мен финн-угор тілдерінде грамматикалық мағынаны білдірудің бұл тәсілі жоқ.
А.қосарлану В.ішкі флексия С.бірігу Д.көмекші сөздер
25. Фузия құбылысы тән тілдер -
А.үндіевропа В. түркі тілдері С. монғол тілдері Д.угро-финн
26. Сөз тудыруда не сөз түрлендіруде түбірдің ішіне қойылатын морфема – инфикс қай тілдерде ұшырасады?
А.латын, тагаль В. славян, араб С. түркі, финн-угор Д. чех, серб
27. Сіңіскен түбірлер қатарын тап.
А.бас, басшы, бастық, басқарма.
В. көлшік, қапшық, келіншек, құлыншақ, боташ.
С. бейшара, бейхабар, беймарал, бейтаныс, бейуақ.
Д. жарық, жалын, қайт, қайыр, оят, оян.
28. Фонеманы «тіл дыбыстарының психикалық эквиваленті» деп санаған ғалым.
А.Бодуэн де Куртенэ В. Щерба Л.В.
С. Трубецкой Н.С. Д. Виноградов В.В.
29. Оның керіліп тұруынан діріл пайда болады да, үн шығады. Қай артикуляциялық мүше туралы айтылып тұр?
А. көмей В. тіл С.дауыс шымылдығы Д.таңдай
30. Жанаса байланысқан қатарды көрсет
А.ауыл адамы, күміс қоңырау, суда жүзу
В.әдейі келу, дереу жеткізу, шапшаң қимылдау
С.орындалған арман, бақытты балалық, білімді адам
Д. отпен ойнама, малды теппе, табалдырыққа тұрма
Құрастырған: __________________ Сисенбаева Р.Ж.
қолы аты-жөні
Қазақ филологиясы
кафедрасының меңгерушісі: __________________ Сұлтаниязова И.С.
қолы аты-жөні

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет