Білім беру бағдарламасы: 6В01703 «Қазақ тілі мен әдебиеті»


«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңінің бағдарламалық мәні. Мазмұн мен түр туралы ұғым



бет18/47
Дата24.11.2022
өлшемі0,49 Mb.
#52390
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   47
Байланысты:
Дәрістер

3.«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңінің бағдарламалық мәні. Мазмұн мен түр туралы ұғым.
Бұл – Абайдың 1887ж. жазған өлеңі. Көлемі әрқайсысы 4 тармақты 15 жолдан тұрады. Жаңа заманда жаңа талаптар алдына келіп тірелген ұлттық поэзияның өрісті бүгіні мен жемісті ертеңі жөніндегі мәселеге ақынның көзқарасын айқындап беретіні өз алдына да сонымен бірге туған халқының рухани қазыналары ішіндегі осынау ең сүбелі саласын жаңа арнаға түсіріп, жаңаша дамытуға ақынның өзі қосқан үлесті айқындау үшін де өте маңызды болып көрінеді.
Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.
Ханның аузына қарап өскен қыр қазағына патшадан асқан әулие бар ма? Ақыл-парасат та, сән-салтанат та бір соның басында емес пе? Ендеше, сөз атаулыны саралап, сана сүзгісінен өткізіп келіп, ең асыл дегендерін өлеңге түзген ақын адамның әулиесі болмағанда қайтеді? Ал оның аузынан шыққан ұйқасты өлең сөз әлемінің патшасы болып шыға келсе, несі айып?
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетін, айналасы теп-тегіс, жұп-жұмыр өлең тууы – әсемдіктің белгісі. Ондай әсемдік екінің бірі тудыра алмайды. Ол үшін сол әсемдіктің заңын білу керек немесе табиғаттың өзі сыйлаған талант арқасында, табиғи таза талғам арқасында сол әсемдікті жасай білу керек. Оның өзін ақын «Қиыннан қиыстырар ер данасы» деп бір-ақ түйеді. «Қиыннан қиыстырып» әкеліп, жаңадан бір әсемдік дүниесінің қабырғасын қалап жатқан жасампаз ақынды «ер», «дана» десе де сыйып жатыр.

  1. Өлеңнің адам өміріндегі маңызы мен атқаратын ролі («Біреудің кісісі өлсе – қаралы ол»).

Абайдың 1888 ж. жазған өлеңі. Көлемі 4 тармақты 11 шумақтан тұрады.
Ақын алдымен қауымның әрекет-тіршілігіне көз жібереді. Айналаға сырлы сұрақ, саналы сауал қояды. Адам жаны дүниеге келеді, жаманды-жақсылы, алла өлшеп берген өмірін өткізеді, сөйтіп о дүниеге көшеді. Тумақ бар - өлмек бар, бұл - өмір заңы. Мәңгілік жасайтын құдайдың еш пендесі жоқ.
Біреудің кісісі өлсе, қаралы - ол,
Қаза көрген жүрегі жаралы – ол.
Көзінің жасын тыймай жылап жүріп,
Зарланып неге әнге салады ол? – дей келіп, қасірет тартпақ, шер төкпек, зарлап жоқтау айтпақ, уайым мұңды әнге салмақ. Неге? Неге десеңіз, өлеңмен шер шығару - адамға қайта қуат бермек, жанын жұбатып, бойына жігер екпек, нұр құймақ, сенім сеппек. Кімге сенеді, неге сенеді? Келешекке, жалғасар жарық дүниеге сенеді, қайта келер басқа ештеңе жоқ. Өнер ғана өлімге араша тұрмақ, қарсы болмақ. Жас бала өседі, жарлы бай болады. Бұл да өмір өлшемі, жарық дүниенің үрдісі.
Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл,
Қыз таныстыр – қызыққа жұрт ыржаңшыл.
Қынаменде, жар-жар мен беташар бар,
Өлеңсіз солар қызық бола ма гүл?
Бала туса, күзетер шілдехана,
Олар да өлең айтар шулап жаңа.
Бала - адамның базары, өмірдің қызығы. Дүниеге шырылдап мирас келсе, мәз-мәйрам боп қуаныш, шілдехана тойыңды жаса; ұлың ержетсе, үйлендіріп, өлеңдетіп, думандатып тойыңды жаса. Өйткені, өлең - адам жанының гүлі, уақытының мәні мен сәні. Өйткені, өлеңсіз өмір жоқ.
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,
Ойлансаңшы бос қақпай елең-селең.
Демек, өлең өнері – желөкпе дырдуға желеу емес, өмірге сән беретін қоғамдық сипаты бар құбылыс. Ал оның зор тәрбиелік мәні өз алдына. Ұлы ойшыл ақын ақ пейіл, сері мінез жұртына елең-селең жүрмеуді ұқтырмақты мақсат тұтқан.
Өлеңді айтпақ түгіл, ұға алмайсың,
Айтсаң да үддасынан шыға алмайсың.
Сен білмейді екен деп айтпасын ба,
Неге мұнша сіресіп құп алмайсың?
Бірақ ұға алмасаң да құп ал. Жақсы тыңдаушы боп айтылған жайдың үдесінен шығуға тырысу керек. Сен өлең білмейді екен деп көкірегі күйлі жан үнсіз, мөлиіп қалмақ емес, бұлбұлдай сайрап кетері сөзсіз. Сондықтан сіресіп қалма, ағайын. Топқа қосыл, көңіл сандуғашын серпіп ұшыр. Өлең деген жан жомарт, адамға ешқандай қиямет ауыр жүк емес.
Өлеңнің соңғы шумағында ақын өзінің ұстаздық қызметінің көздеген түпкі нысанасын да ашып кетеді.
Мақсұтым - тіл ұстартып, өнер шашпақ,
Наданның көңілін қойып, көзін ашпақ.
Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер,
Думан–сауық ойда жоқ әуел баста–ақ.
Бұл – бір ғана Абайдың өз тұсындағы жас талап үміткерлерге арнап айтқан өсиеті емес, барлық замандардағы ұстаз атаулының өнер мектебіне бірден-бір бағдар боларлық, барлық даналардың өмірлік биік мұраты болуға тұрарлық аса биік арман, темірқазықтай адастырмас құбылнама.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет