Білім беру бағдарламасы: «6В01703 Қазақ тілі мен әдебиеті»


Лиро – эпос Лиро- эпостың жанрлық сипаты. Жиналуы, зерттелуі



бет31/43
Дата29.12.2023
өлшемі268,81 Kb.
#144655
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   43
Байланысты:
Білім беру бағдарламасы «6В01703 Қазақ тілі мен әдебиеті»-emirsaba.org

Лиро – эпос
Лиро- эпостың жанрлық сипаты. Жиналуы, зерттелуі.
Лиро-эпос жанры – бір жағынан, лирикалық, сыршылдық сарыны бар, екінші жағынан, оқиғалы болып, эпосқа тән сипатқа да ие болатын шығарма түрі. Қазақ ауыз әдебиетіндегі ғашықтық жырлар деп аталатын лирикалық поэмаларды осы жанрға жатқызуға болады.
Ерте кезде туған және оқиғаға құрылған жырдың бір түрі лиро – эпос немесе лиро – эпостық жырлар деп аталады. Бұл жырлар бір кезде “Ғашықтық жырлары”,“Тұрмыс - салт жырлары” деп те аталып жүрді. Лиро – эпостық жырлар – халық ауыз әдебиетінің бір саласы.”Эпос” - баяндау дегенді білдіретін көркем әдебиеттің негізгі жанрларының бірі болса, “Лирика” – адамның көңіл күйін, сезімдерін бейнелейтін жанр. Лиро – эпостық жырлар осы екі жанрдың қасиеттерін – сезімге, сыршылдыққа құрылған сарын мен эпосқа тән баяндауға негізделген оқиғаларды қамтиды.
Қазақ ауыз әдебиетінде лиро-эпос жырларының ертеден келе жатқан бірнеше үлгілері бар. Солардың ішінде бастылары деп «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Күлше қыз-Назымбек», «Мақпал қыз», «Құл мен қыз», «Айман-Шолпан» жырларын айтуға болады. Бұл жырларда тек ғашықтық, махаббат әңгімелері ғана суреттелмейді. Солармен қатар, халықтың ертедегі тұрмысы, салты, қоғамдық мәні бар жайлары қамтылады. Жырлардың оқиғасы халықтың тұрмыс, салтынан туып дамиды, күрделі әңгімелер айтылады.
Ертедегі қазақ поэзиясында сюжетті әңгімеге құрылған жырлардың бір бөлігі лиро-эпос деп аталады.
«Қозы Көрпеш- Баян сұлу» қазақ халқының ерте заманда шығарған ескі жырының бірінен саналады. Бұл жырды көптеген ақын- жыршылар айтып біздің заманымызға жеткізген. Ол өзінің қалыптасу, даму жолында талай таптық тілектердің елегінен өткен. Жырдың қай вариантын алсақ та, әр түрлі көзқарастардың барлығын аңғартады. Мәселен, Шөже, Мұқан айтқан жырда дін әңгімелері басым келеді, олар жырға дін жайын, ескі наным-сенімдерді көбірек енгізеді. Радлов жинап бастырған жырда үстем тап адамдардың, әдет-ғұрып салтты дәріптеушілік орын алады.
Трагедия, оның болу себептері.
Оқиғаның трагедиялық жағдаймен аяқталуы – лиро-эпостық жырлардың көбіне тән. Ол қоғамдық өмірдегі шиеленіскен қайшылыққа толы, кейіпкерлердің арасындағы ешбір ымыраға келмейтін қарама-қарсылықты, бітіспес күрес-тартыстар, қақтығыстар. Трагедиялық жағдай қаһарманның ұмтылған мақсатына жететін жолын әр түрлі тосқауылдармен бөгеп, оны тұйыққа тірелтіп, апатқа ұшыратуға дейін алып келеді. Мұнда қоғамдағы қарама-қарсы топтардың, жеке адамдардың талас-тартысы әлеуметтік өмірдің қайшылықтарымен тамырлас келіп, дәуірдің, заманның сиқын танытады.
Трагедиялық қаһарман көп жағдайда арманына жете алмай апат болады. Бірақ бұдан пессимистік сарын күшейедеі деп түсінбеу керек. Өйткені ол армандаған мұрат басқалардың кеудесінде от тұтатып, батыл күреске үндейді, алға ұмтылдырады. Кейінгі ұрпақты алға ұмтылуға, адамның ізгі арман-тілегі, бақыты үшін күресуге жігерлендіре түседі.
Трагедияда әдетте қоғам көшін ілгері бастауға ұмтылған озат күштер мен ескілікті жақтайтын топас, кертартпа топтардың арасындағы тартыс, яғни адалдық пен арамдық, ізгілік пен жауыздық арасындағы тартыс бейнеленеді.
Махаббат пен сүйіспеншілікті, жастардың бас бостандығы мәселесін ту етіп көтерген «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек» лиро-эпостық жырларының финалы айтылған жағдайларға орай қайғылы аяқталатыны белгілі. «Қозы Көрпеш – Баян сұлудағы» жастардың екеуі де өлім құшса, «Қыз Жібектің» әр түрлі варианттарында Жібек әмеңгерлік салты бойынша Төлегеннің інісі Сансызбайға қосылады. Екі жырда да осындай қайғылы оқиғаның болуына кінәлі қоғам мен адамдардың жастар тағдырына деген немқұрайлы қарым-қатынас салдары деп түсінеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет