Білім беру бағдарламасы: «6В01703 Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет33/43
Дата29.12.2023
өлшемі268,81 Kb.
#144655
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   43
Байланысты:
Білім беру бағдарламасы «6В01703 Қазақ тілі мен әдебиеті»-emirsaba.org

«Айман-Шолпан» жырының оқиғасы реалистік өмірден алынған. Жырдың басты кейіпкерлері - Көтібар мен Арыстан- тарихта болған адамдар. Тарихи деректердің айтуынша, Көтібар Берсеннен, Арыстан Тінәліден туған. Берсен мен Тінәлі бір кісінің баласы. Бұлардың руы- Шекті, оның ішінде Тілеуқабақ, мекені- қазіргі Ақтөбе облысының Шалқар ауданы.
«Айман-Шолпан» - халықтық жыр және ол XIX ғасырдың 70-жылдарында шығарылған секілді. Жырдың оқиғасы осы кездегі қазақ елінің тұрмысында, әлеуметтік-қоғамдық өмірінде болған жаңалықтарды суреттеу идеясынан туған деуге болады.
Әдебиеттер:

  1. Бердібаев Р. Қазақ эпосы. Алматы, Ғылым, 1982.


  2. Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы, Санат,2003.


  3. Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы. Алматы, Ана тілі,1991.


  4. Тілеужанов М. Ел әдебиеті. Алматы,Ана тілі,1992.


5. Қыз Жібек / Жалпы ред. басқ. С.Садырбаев. Алматы: Қазақ университеті, 2008.- 258 б.


11 дәріс
Тарихи жырлар
Жанрлық ерекшеліктері. Сюжеті. Тақырыбы.
Халықтың ұлылығын, даналығын, тарихын танытатын көне мұралардың бірі – ауыз әдебиеті. Ал қазақ фольклорының мазмұны бай, келелі салаларының бірі – тарихи жырлар. Бұл тақырыптағы жыр-дастандар белгілі бір тарихи сюжетке құрылып, өмірде болған, ел аузында сақталып келген оқиғаларды жырлайды. Мұндай сюжеттер қазақ фольклорында аз емес, олардың реалистік сипаты да басым. Әрбір халықтың мәдени, рухани байлығы оның әдеби мұрасының байлығымен өлшенеді.
Тарихи жырда өмірде болған нақтылы әлеуметтік оқиғалар баяндалады.Тарихи жырлар мәселесі қазақ фольклористикасында тәп-тәуір зерттеліп келеді.Бір кездегі Ә.Диваев, М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллиндердің келелі ізденістерін былай қойғанда, соңғы жылдары бұл тақырып төңірегінде Х.Сүйіншәлиев, Р.Бердібаев, Б.Уахатов, М.Жармұхамедов, К.Сейдеханов, С.Садырбаев, Б.Адамбаев, Е.Тұрсынов сияқты көптеген зерттеушілер жемісті еңбек етіп келеді.
Қазақтың тарихи жырлары негізінен екі топқа бөлініп қарастырылып жүр. Оның біріншісіне «Абылай хан», «Қабанбай батыр», «Бөгенбай», «Мырзаш батыр», «Бекет батыр», «Көгедайдың өлімі», «Бүркітбай батыр» т.б сияқты тарихи жырлар жатады. Бұларда негізінен сыртқы жаулармен күрес, елді, жерді қорғау, елдің бүтіндігі мен бірлігі, ұлт-азаттық көтерілістер, халыққа қамқорлық жасау сияқты қаһармандық зпос көтеретін келелі үлкен тақырыптар жырланады.
Екінші топқа жастардың сүйіспеншілігі, әлеуметтік теңдік сияқты тақырыпты көтеретін «Шайқан-Күләш», «Ахмет-Кәшім», «Қасен-Жәмила», «Маңыбай», «Қалима-Әбіл», т.б. сияқты жырлар жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет