Көріктеу (эпитет) – бір нәрсені айырып, көзге көбірек түсерлік етіп айтқысы келгенде, ол нәрсенің атына айқын көрсеткендей сөз қосып айту.
Қазыбек жауабынан мысалға алатын болсақ,
Туып өскен елің қымбат
Кіндік кескен жерің қымбат.
Ұят пенен ар қымбат
Өзің сүйген жар қымбат.
Бейнелеу (метафора). Сөздердің ауыс мағынасы деп олардың ауыстырып қолданылуынан туындап тұрақтаған мағынаны айтамыз. Бірақ ауыстыра қолданудың бәрі бірдей мағына туғызады деуге болмайды. Мысалы, Байдалы шешеннің Айғанымға айтқан тоқтауынан бейнелеуді кездестіруге болады:
- Қайрат деген қыран бар.
Қайғыға тізгін бермейтін.
Қайғы деген жылау бар,
Өзекті шағып өртейтін.
Алмастыру (метонимия). Арасында жақындығы бар екі нәрсенің атын ауыстырып, бірінің орнына бірін айту алмастыру деп аталады. Алмастыруда екі нәрсенің арасында белгілі бір байланысы болады.
Көзі жұмыққа арзан,
Көзі ашыққа маржан.
Осындағы көзі жұмық, көзі ашық сөздері оқымаған қараңғы адам мен оқыған білімді адам ұғымында алынған.
Теңеу. А.Байтұрсынов теңеудің екі түрлілігін айтады:
әншейін теңеу
әдейі теңеу.
Мысалы, Жиренше шешен:
Әкесі өлсе асқар тауы құлағанмен бірдей болады
Шешесі өлген ағар бұлағы суалғанмен бірдей болады
Ағасы өлсе оң қанаты қайырылғанмен бірдей болады
Інісі өлсе сол қанаты қайырылғанмен бірдей болады
Апа-қарындасы өлсе ұзын өрісі қысқарғанмен бірдей болады
Қатыны өлсе қандай болады?
Аһ!.. Менің Қарашашым өлген екен ғой? – депті сонда.
Шешендік сөздер халық арасында жер, жесір, құн, мал дауы тұсында да айқын көрінген. Кейде оларды заңдық мәні бар нақыл сөздер деуге де болады.
Әдебиеттер
Негимов С. Шешендік өнер. Алматы, Ана тілі, 1997.
Қосымова Г. Қазақ шешендік өнерінің негіздері. Алматы, Білім, 2003 .
Адамбаев Б. Қазақтың шешендік өнері. Алматы, Жазушы, 1999.
Қоңыратбаев Ә. Көне мәдениет жазбалары. Алматы, Ана тілі,1991.
№ 3модуль: Халық прозасы. Ертегілер. Ертегілерден тыс прозалық жанрлардың ерекшеліктері.
№7 дәріс
Достарыңызбен бөлісу: |