Білім беру бағдарламасы: «6В01703 Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет10/43
Дата20.11.2022
өлшемі430,76 Kb.
#51329
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   43
Байланысты:
Дәрістер кешені ҰДФ (копия)

Тұрмыс-салт жырлары
Халық өлеңдерінің зерттелу тарихы мен классификациясы. Ш.Уәлиханов, В.Радловтың халық өлеңдерін жіктеуі.
Ш.Ш. Уәлиханов – әйгілі шығыстанушы болумен қатар, қазақ халқының мұрасын жинауға, зерттеуге зор үлес қосқан, қазақ халық поэзиясына тұңғыш рет теориялық талдау жасаған ғалым.
Халқымыздың ауыз әдебиетіне құрметпен қарап, асыл үлгілерін жинау, зерттеу Ш.Ш. Уәлихановтың 1852 жылы Сібір кадет корпусында оқып жүрген кезінде, одан кейінгі көптеген іс сапарлар мен саяхаттарға шыққан жылдарында да құмарта айналысқан жұмыстарының бірі болды. Ш.Ш.Уәлиханов өз еңбектерінде жинаған фольклор үлгілерін нақты жіктемесе де, оның жинап, жазып алған шығармаларын былайша жіктеуге болады.
1. Өлеңдер. 2. Жырлар. 3. Жеке тарихи адамдар туралы аңыз-әңгімелер.4. Қиял-ғажайып әпсаналар. 5. Аспан әлемі туралы (космологиялық) мифтер мен әпсаналар. 6. Жер-су аттарына байланысты (географиялық, топономикалық) аңыздар. 7. Ертегілер. 8. Халықтардың пайда болуы туралы (этногенездік) мифтер мен аңыз-әпсаналар. 9. Мақал-мәтелдер. 10. Жұмбақ айтыстар. 11. Музыкалық мұралар.
Ш.Ш. Уәлихановтың «Қазақ поэзиясының түрлері туралы» еңбегі қазақ фольклор тарихында ерекше орын алды. Онда халық поэзиясының тууы, дамуы, ел арихымен, өмірімен, әдет-ғұрпымен тығыз байланыстылығы туралы, қазақ ақындары, жыршылыры, өлең жырлардың жалпы мән-мақсаты ғана емес, олардың қалың тыңдаушыға қалай әсер ететіні, қай формада жететіні сөз болады. Үлкен дарын иесінің «Қазақ поэзиясының түрлері туралы» еңбегі, шамасы, іргелі зерттеу болса керек. Соңғы сөйлемдері аяқталмаған. Бізге жеткен нұсқасының өзінде қыруар материалдар, эпостық жырлар, олардың тарихи негіздері, қазақтың өлең түрлері мен құрылысы, буын өлшемдері, силлабикалық сипаты, көптеген ақындар туралы ғылыми тұжырымдар мен түйіндер айтылған. Ш. Уәлихановтың бұл еңбегі де – қазақ әдебиетінің тарихы мен теориясы туралы тұңғыш зерттеулердің бірі. Аталмыш еңбектің аса маңызды жері - Ш.Ш.Уәлихановтың өлең, жырлардың ерекшелігін ашып, оларға анықтама беріп жіктеуі. Ол өз тұсындағы өлеңдердің мазмұнына, сыртқы көрінісіне, ішкі мән-маңызына, ұйқас, ырғақ жүйесіне қарап, қазақ поэзиясын бес түрге бөледі. Шоқан солардың ішінде «жыр» мен «өлең» түрлеріне кеңірек тоқталған, соларға сипаттама берген. Ш.Ш. Уәлихановтың ең бірінші қарастырғаны жыр, яғни эпос жанры. Ол жырдың ең әуелі халық өлеңінің түрі, содан соң бір жанры деп түсінеді.
Ш.Ш.Уәлиханов осы еңбегінде жыр-дастандарда кездесетін өлең машықтарына түсінік беру үшін мысалдар келтіреді. Ол былай деп жазады: «Қазақтың поэзиясы – халық өмірінің, түсінігінің, қоғамдық қарым-қатынасының шын айнасы, оның өте көптеген қызғылықты шақтары бар».
Қазақ халқының зор рухани қазынасының бірі поэзия екенің терең түсінген, оны аса жоғары бағалаған ғалым былай деп жазды: «Көшпелі елдердің қай-қайсысының болсын бір ерекшелігі – олар поэзияға бейім, табан
Қазақ халқының тұрмыс-салтын баяндайтын, қай кезде қандай әдет-ғұрпы болғандығын, олар қалай дамығандығын, қай жерде қандай түрлері туғандығын көрсететін зерттеулер жоқтың қасы. Рас, бұл мәселелер жайында Ш. Уәлихановтың, академик В. Бартольдтың біраз айтқан пікірлері бар.
а) Жыр — рапсодия, жырламақ деген етістік, мәнерлеп айту деген ұғым білдіреді, деп тұжырымдайды ғалым, сонан соң, «Ер Көкше», «Ер Қосай» жырларында ескі соғыстың стратегиясы мен тактикасы бейнеленетіндігін, оның тұтас нұсқасын Көкшетау округінің Атығай болысында тұратын Арсыланбай деген қазақтан естігенін, бірақ оны жазып ала алмағанын өкінішпен еске түсіреді.
ә) Жоқтау өлең. Шоқан өлеңнің бұл түрінің әйелдердің айтуына негізделгенін және оны, көбіне, суырып салып айтатынын, мұның өлшемдері де жырдыкіне ұқсас келетінін анықтай келіп, Орталық ордадағы барлық жоқтаулардың ішіндегі ең белгілісі және ең жан тебірентерлігі Ананың жылағаны, Айғаным Уәлиева ханшаның 1833 жылы шешектен өлген үлкен ұлы Мәмекені жоқтауы мен 14 жасар ақын келіншектің күйеуі өлгендегі жоқтауы, деп белгілі екі жоқтауды есіне түсіреді.
б) Қайым-өлең — сұраққа жауап беру аркылы қыз бен жігіт арасында, үйлену тойында айтылатын, басқы екі жолы мен соңғы төртінші жолы ұйқасып келіп, бір шумақтан құралатын өлең
в) Қара өлең — төрт жолдан құралған, әр шұмағында жеке-жеке идея жататын, кәдуілгі өлең.
г) Өлең. Бұл жас ақынның өлеңінде де, поэмада да, импровизатор ақындарда да, әсіресе, Әбілхайыр Ғаббасов сұлтанның қол астында көп жүрген соқыр ақын Шөже мен Қарауыл руынан шыққан Орынбай ақында жиі қолданылады.
В.В.Радлов қазақ халык, поэзиясын негізінен өлең және жыр деп екі түрге бөліп қарайды. "Өлең бірінші, екінші және тәртінші жолы ұйқасып келетін төрт жолдан тұрады" дей келіп, қазақтың қара өлеңіне тән біраз қасиеттерге тоқталады. "Өлеңдердің алғашқы екі жолының көп жағдайда үндестік үшін алынатындығын ескерткен жөн, көпшілік жағдайда оның өлең мағынасымен ешқандай байланысы болмайды",— деген тұжырым айтады. Қара өлең туралы айтылған бұл ойды Шоқаннан бастап, қазақ зерттеушілерінің біразы қолдап келгенмен де алдыңғы екі жолдың "өлең мағынасымен ешқандай байланысы болмайды" деу үстірттеу айтылған, өйткені алдыңғы екі жол да, соңғы екіжол да айтылатын оймен астарласа байланысып жатқан ішкі байланыс, емеуірін мен ишара болады.
Әрине, қазақ өлеңі жөніндегі алғашқы топшылаулар болғандықтан да В.В.Радлов пікірінде ұшқары тұстар да жоқ емес. Мәселен, Радловтың "... қазақ өлеңдерінің ұйқас заңдылығына келсек, одан парсы поэзиясының әсері айқын аңғарылады",— деген пікіріне академик 3.Ахметов сенімді уәж айтады. Яғни, Радлов парсы поэзиясынан келді деген өлең үлгілері көне түркі жазба ескерткіштерінде, нақтылай айтқанда, Махмұд Қашқари сөздігінде кезігеді екен. Солай дей келіп: "Наблюдения Радлова над казахским стихосложением, сделанные и им наряду с общими замечаниями о народно-поэтическом творчестве и явно нуждающиеся в уточнениях, содержат в то же время ценные мысли",— деп ғалым Радлов еңбегіне лайықты баға береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет