Әдістемелік нұсқаулар: ақпараттық технологияларды музей ісінде қолдану аясы, нақты мысалдар келтіру, виртуалды тур мүмкіндіктерін саралау, ҚР және өзге шет елдерінің дамыған мұражайларының веб-сайттарына қосылу, мұражайлардың ақпараттық мүмкіндіктерін талдау, жоба дайындау
Бағалау критерийі:
50-69 Музей ісінде қолданылатын ақпараттық технологияларды атайды, мүмкіндіктерін сипаттайды;
70-89 Музей ісінде ақпараттық технологиялардың қолданылу аясына нақты мысалдар келтіреді, әр түрлі музейлердегі ақпараттық технологиялар мүмкіндіктеріне салыстырмалы талдау жасап, өз бағасын береді.
90-100 Музейге келушілер санын арттыру бойынша ұсыныстар, жобалар
Әдебиеттер: 8, 27, 30, 36, 64, 65
№15 практикалық сабақ
Тақырып: Қазақстан мұражайларындағы негізгі топтамалар
Мақсаты: тақырыптың мазмұнын ашу, жекелеген мәселені зерттеу
Мазмұны:
Археологиялық топтамалар
Этнографиялық топтамалар
Жаратылыстану ғылымдарының топтамалары
Әдістемелік нұсқаулар: мұражай экспозициясы топтамаларын анықтау, топтама бағытына сай коллекцияларды жинақтаудың тиімді тәсілдерін ұсыну.
Бағалау критерийі: 50-69 Мұражай экспозициясындағы негізгі топтамаларды анықтайды;
70-89 Аталған топтамалардың толықтыру жолдарын белгілеп, нақты мысалдар аясында түсінік береді;
90-100 Мұражай ісіндегі топтамаларды қалыптастырудың тиімді жолдарын ұсынады.
Әдебиеттер: 8, 10, 16, 13, 27, 28
8. Білім алушының өзіндік жұмысына арналған нұсқаулықтар мен материалдар:
1-апта СОӨЖ №1-2 мазмұны: Мұражай ісінің тарихы және оған қатысты шетелдік және отандық авторлардың негізгі еңбектеріне аннотация жасау
Әдістемелік нұсқаулар: тақырыпқа сай әдебиеттерді жинақтау, библиография құру, аннотация жасау
Бағалау критерийі:
50-69 Тақырыпқа сай кемінде 3 еңбекті атайды, авторларын анықтап, қысқаша мазмұнын талдайды;
70-89 Тақырыпқа сай еңбектермен таныса отырып, кемінде 7 еңбекті анықтап, толық аннотациялық талдау жасайды;
90-100 Тақырыпқа сай еңбектерді талдай отырып, еңбектерге салыстырмалы талдау жұмысын жүргізеді.