2-апта СОӨЖ №3-4 мазмұны: Мұражайтанупәнінің әдістері
Әдістемелік нұсқаулар: мұражайтану пәні зерттеу әдістерін талдау
Бағалау критерийі:
50-69 Музей ісіндегі зерттеу бағыттарын анықтап, сипаттама береді;
70-89 Баяндаманы қорғау барысында музей ісіндегі зерттеу жұмыстарын жүргізудің маңызы неде деген сұраққа жауап береді;
90-100 ҚР музейлері мысалында (студент өзі білетін, көріп жүрген) музейде жүргізіліп жатқан ғылыми-зерттеу жұмыстарына талдау жүргізіп, ғылыми потенциалын саралайды.
Әдебиеттер: 1, 2, 7, 8, 9, 10, 12, 14, 15, 16
3-апта СОӨЖ №5-6 мазмұны: Әлемдегі ең көне мұражайлар тарихынан тақырыбында баяндама дайындау
Әдістемелік нұсқаулар: әлемде алғаш пайда болған мұражайларды, музейлердің пайда болуының алғышарттарын анықтау
Бағалау критерийі:
50-69 Әлемде алғаш пайда болған мұражайларды анықтайды;
70-89 Музейлердің пайда болуының алғашарттарын дәлелдейді;
90-100 Орта ғасырлардағы музей ісінің маңыздылығына тарихи баға береді.
Әдебиеттер: 1, 2, 3, 8, 9, 29, 31
4-апта СОӨЖ №7-8 мазмұны: kazmuseum.kz – Қазақстан музейлерінің ақпараттық-әдістемеслік орталығы порталы туралы баяндама дайындау
Әдістемелік нұсқаулар: kazmuseum.kz сайтымен жұмыстану
Бағалау критерийі:
50-69 kazmuseum.kz сайтының негізгі жұмыс бағытын, мақсатын анықтайды;
70-89 Музей қызметін ұйымдастыруда kazmuseum.kz сайтының қажеттілігін дәлелдейді;
90-100 Аталған сайтта жарияланған материалдарды саралай отырып, маңызды мақала, ғылыми жұмысты талдап, музей қызметкері үшін маңыздылығын анықтайды.
Әдебиеттер: 8, 10, 16, 13, 27, 28
5-апта СОӨЖ №9-10 мазмұны: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылдың 7 желтоқсандағы №372 бұйрығы
Әдістемелік нұсқаулар: құжатпен танысу, музей ісіндегі маңызын анықтау, бір құжатты мысал ретінде толтыру