Білім беру бағдарламасы: 6В05203 Рекреациялық география және туризм Қабылдаған: Сагынбаева А. Б. Астана, 2022 ж. Астана



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата23.10.2022
өлшемі0,79 Mb.
#44988
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5
    Бұл бет үшін навигация:
  • Бұғаз
Мұхит бөліктері. Мұхит бөліктеріне теңіздер, шығанақтар, бұғаздар жатады. Теңіз – 
мұхиттың бір бөлігі, алайда суының қасиеті, ағыстары және ондағы тіршілік дүниесі 
жөнінен мұхиттан айырмашылығы болады. Теңізді мұхиттан түбектер, аралдар немесе су 
астындағы жоталар бөліп тұрады. Мысалы, Баренц теңізі Солтүстік Мұзды мұхиттың 
бөлігі, Балтық теңізі – Атлант мұхитының бөлігі, Беринг теңізі – Тынық мұхиттың бөлігі, 
ал Қызыл теңіз – Үнді мұхитының бөлігі. 
Материкке қатысты орналасуына қарай теңіздер ішкі және шеткі теңіздер болып бөлінеді. 
Материктердің шетінде мұхиттармен жалғасып орналасқан теңіздерді шеткі теңіздер деп 
атайды. Шеткі теңіздерге Баренц, Кар, Лаптевтер, Чукот, Охот, Шығыс Сібір және басқа 
теңіздер жатады. 
Материкке ішкері еніп жатқан, дүниежүзілік мұхиттармен шектеспейтін теңіздерді ішкі 
теңіздер деп атайды. Мысалы, Жерорта теңізінің барлық жағы құрлықпен қоршалған. Ішкі 
теңіздер қатарына Қара теңіз. Балтық теңізі, Мәрмәр, Азов, Қызыл және басқа да теңіздер 
жатады. 
Шығанақ – құрлыққа еніп жатқан мұхиттың, теңіздің немесе көлдің бір кіші бөлігі, оның 
ені мен тереңдігі біртіндеп кішірейеді. 
Атлант мұхиты Еуропа жағалауындағы Бискай шығанағын, ал Үнді мұхиты Еуразияның 
оңтүстігінде құрлыққа ішкері еніп, Бенгал шығанағын құрайды. Дүниежүзілік мұхиттың 
бөліктері өзара бұғаздар арқылы жалғасады. 

6-фото 
Бұғаз – екі жағынан материктердің немесе аралдардың жағалаулары шектеп тұрған енсіз 


су айдыны. 
Бұғаздардың ені алуан түрлі болады. Тынық және Атлант мұхитын жалғастыратын Дрейк 
бұғазының ені кең (950 км) және терең (5248 м). Жерорта теңізін Атлант мұхитымен 
жалғастыратын Гибралтар бұғазы енінің ең тар жері – 14 км. 


Мұхиттар мен теңіздер қоршап жатқан ірі құрлықтар – материктер деп аталады (5-сыныпта 
оқыған материктер туралы мәліметті естеріңе түсіріңдер). Материктер саны алтау 
(атластағы Жарты шарлар картасынан материкті анықтаңдар). 
7-фото 
Аралдар – жан-жағын су қоршаған құрлықтың шағын бөлігі. Жер шарында аралдар көп 
және көлемдері де әртүрлі. Аралдардың пайда болуы да әркелкі. Пайда болуына қарай олар 
– материктік, жанартаулық, маржан аралдары деп бөлінеді. 
8-фото 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет