Білім беру бағдарламасы 6В06124 "есептеу техникасы және бағдарламалық Қамтамасыз ету"



Pdf көрінісі
бет1/61
Дата14.06.2023
өлшемі0,77 Mb.
#101365
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61
Байланысты:
7fb58ac66aa70ee1092798f746375ea8



МОДУЛЬДІК БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ 
6В06124 - "ЕСЕПТЕУ ТЕХНИКАСЫ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ 
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ" 
 
 
 
 
 
 
Семей, 2021 


Құрастырушылар: Жапарова Б.К., Наурызбаев Б.А. 
Ақпараттық-техникалық ғылымдар кафедрасы отырысында талқыланып, мақұлданды. 
Хаттама №9 «06» мамыр 2021 жыл. 
Кафедра меңгерушісі Аукенов Б.М. 
Жұмыс берушілермен ұсынылған. 
Семей.қ, ТОО "U-FUTURE", Жуматаева А.Қ 
Семей.қ, ТОО iMAS GROUP, Халилов Ш.Т 
Ақпараттық технологиялар және экономика факультетінің сапа жӛніндегі академиялық кеңестің отырысында 
қарастырылып, бекітуге ұсынылды. 
Хаттама №1 «18» ақпан 2021 жыл. 
Университеттің оқу-әдістемелік кеңес отырысында бекітілді. 
Хаттама №5 «28» мамыр 2021 жыл. 


МАЗМҰНЫ 
1. Түсіндірме хат 
2. Бітірушінің құзыреттілік моделі 
3. Білім беру бағдарламасына кіретін модульдердің тізімі 


ТҮСІНДІРМЕ ХАТ 
 
Модульдік білім беру бағдарламасы (МОП) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі №152 
бұйрығымен бекітілген "оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру Қағидалары" туралы Қазақстан 
Республикасының 31.10.2018 ж. № 604 мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (28.01.2018 ж. ӛзгерістер мен толықтыруларымен) негізінде 
жасалды. ЖОО ішіндегі құжаттарға сәйкес "студенттерді оқыту траекториясын қалыптастыру туралы ереже" 01.04.2012 Т. № 26 "МОП 
құрылымы"нысаны. Жоғары білім. Бакалавриат. Негізгі ережелер», оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру 
қағидалары, («Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Басқарма Тӛрағасы орынбасарының 18.12.2019 ж. №255 
бұйрығына №33 қосымша).
ЖБП блогының модульдеріне міндетті компонент (МК) – 51 кредит және таңдау бойынша компонент (ТК) - 5 кредит енгізілген, 
оларды оқу барысында бітіруші келесі құзыреттіліктерді меңгеруі тиіс: қоғамның даму заңдарын және оның әлеуметтік-саяси, құқықтық, 
экономикалық, экологиялық негіздерін, сондай-ақ мәдени-тарихи құндылықтарды, информатика негіздерін, тілдік қарым-қатынасты және 
салауатты ӛмір салты принциптерін түсінуді білу, елдің саяси ӛмірі туралы ақпаратты білу. 
БП блогына ЖОО компонентінің (ЖК) пәндері енгізілген - 35 кредит және таңдау компоненті (ТК) - 77 кредит. Осы пәндердің 
модульдері компетенциялар кешенін қалыптастырады: терең ғылыми-теориялық және әдістемелік білімді, заманауи ақпараттық 
технологиялармен байланысты барлық мәселелер бойынша тәжірибелік біліктер мен дағдыларды қамтитын кәсіби сапалардың қалыптасуы, 
компьютерлік жүйелерді, бағдарламалау тілдерін, әртүрлі тапсырмаларды шешу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану. 
КП бӛліміне ЖОО компонентінің пәндері - 24 кредит; таңдау компоненті (ТК) - 36 кредит енгізілген. Осы пәндердің модульдері 
бітіруші алатын негізгі және арнайы құзыреттіліктер кешенін қалыптастыруға мүмкіндік береді: теориялық және эмпирикалық білімдерді, 
сондай-ақ практикалық іс-әрекетке икемділік пен дағдыларды, Ақпараттық технологиялар саласындағы теориялық және практикалық 
сипаттағы мәселелерді талдай және шеше білуді, ӛз қызметі саласындағы міндеттерді табысты шешу үшін дәлелдер жүйесінің теориялық 
негіздері мен практикалық маңыздылығын қамтитын кәсіби сапалардың қалыптасуы. Білім беру үрдісінің аяқталу критерийі студенттің 
теориялық оқытудың 228 кредитін және ҚА-12 кредит меңгеруі болып табылады. Модульдік білім беру бағдарламасы қойылған мақсаттарға 
қол жеткізуді қамтамасыз ететін 22 модульден тұрады 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет