Мақсаты: Тақырып жөнінде білім беру.
Дәріс мазмұны Басқару іс-әрекетіндегі перцептивтік процестер
Басқару іс-әрекетіндегі перцептивтік процестердің өзіндік ерекшелігі
Перцепция (қабылдау) – бұл заттар мен құбылыстардың өздері сезім мүшелеріне тікелей әсер етуі кезінде бейнелеу процестері.Қабылдауда нақты қандай мүше жетекші рөл атқаратынына байланысты оның алуан түрлері бар: көру, есту, иіс, т.б. Материяның болу формаларына ұарай кеңістікті, бағытты, шаманы, уақытты қабылдау түрлері болады. Таралу процесі мен күрделілігіне байланысты қабылдаудың симультандық (лездік) және сукцессивтік (кезеңдерге бөлінген), ал саналану дәрежесі бойынша еркін және еріксіз түрлері болады. Қабылдаудың төмендегідей қасиеттері бар: заттық, тұтастық, құрылымдылық, саналанғандық, таңдаулық, тұрақтылық, өткен тәжірибеге тәуелділік (апперцептивтік), көлемінің шектелуі.
Қабылдау процесі перцепцияның бірқатар заңды түрлері алмасатын кезеңдерден, яғни байқаудан, айырмалаудан, білуден, ұқсастандырудан, танудан, санаттаудан тұрады. Осы түрлер, қасиеттер, заңдылықтар және сатылар басқарулық іс-әрекетінде де сақталады. Олар жетекшінің сезімдік тәжірибесінің қалыптасу механизмін құрайды.
Қабылдаудың жеке-стильді айырмашылығы да басқару іс-әрекетінде белгілі бір рөл атқарады. Стильдің екі негізгі – аналитикалық пен синтетикалық және екі қосымша – аналитикалық-синтетикалық пен эмоционалдық түрлері белгілі. «Синтетикалықтар» үшін құбылыстардығ қорытылған бейнесіне олардың мәнін анықтауға бейімділік тән. «Аналитиктар» болса тетіктерін, бөлшектерін, жан-жақты баяндалуын атап көрсеткенді жөн санайды. Бұл ерекшеліктердің комбинациясы, бірақ айқындығы кем болғанда, аналитикалық-синтетикалық типке тән. Эмиоционалдық тип жағдайға жоғары сезімдік әсермен ерекшеленеді, бұл оны баламалы қабылдауға кедергі келтіреді.
Басқару іс-әрекеті үшін қабылдаудың үшінші, аналитикалық-синтетикалық типі барынша жақын; алғашқы екеуінің тиімділігі төмен, төрітіншісі – қарама-қайшы. Байқампаздық – қабылдаудың жалпы сипаттамаларының ішіндегі ең маңызды жеке ерекшелігі. Бұл қабылдаудың қорытынды сипаттамасы, оның қалған басқа ерекшеліктерінің барлығының туындысы. «Керемет-байқампаздық» - жетекші үшін маңызды сапа.
№11 дәрістің тақырыбы: Басқару іс-әрекетіндегі ойлау процестері