Мақсаты: Тақырып жөнінде білім беру.
Дәріс мазмұны Басқару іс-әрекетіндегі ойлау процестері
Жетекші іс-әрекетіндегі ойлау ерекшелігі
Ойлау – жетекші іс-әрекетінде маңызды рөл атқаратын әлдеқайда күрделі когнитивтік процесс. Бұл әлеуметтік шарталған және тілмен ажырағысыз байланыстағы, болмыс құбылыстарын олардың мәнді белгілерінде және өзара байланысында бейнелеу мен тану процесі болып табылады.
Ойлау сезіну мен қабылдау негізінде қалыптасады, бірақ олардың шегінен шығып кетеді. Ойлау сипаттамасы – оның негізгі қасиеттерін, ойлау процесін түзу операцияларын, оның түрлерін, формалары мен негізгі кезеңдерін сипаттау.
Ойлаудың негізгі қасиеттері: тілмен ажырамас байланыс әлеуметтік сипат, қорытымдылық, орташалық, проблемалық.
Ойлаудың негізгі операциялары: анализ (талдау), синтез, қорыту, абстракциялау, нақтылау, салыстыру, санаттау, т.б.
Ойлаудың негізгі формалары: түсіну, пайымдау, пікір айту, ой қорыту.
Ойлаудың негізгі түрлері көрнекі-әсерлік, сөздік-логикалы. Ойлау процесінің негізгі кезеңдері:
Проблемалық жағдайдың туындауы, оның адамның саналауы, бұл жағдайда мәселе ретәнде ұғынуы.
Талдаудауға бағытталған ойлау ізденісі, мәселені саналау, шешу.
Шешу принципін анықтау, шешімді табуға ықпал ететін басты идеяны туындауы. Бұл сәтті ойлау процесінде белгілеу үшін «инсайт», «ояну», «функционалдық шешім» ұғымдары қолданылады.
Жалпы шешімді нақтылау және рны мінез құлықта жүзеге асыру.
Осы жалпы қағидалар ойлаудың психологиялық мазмұнын ашып көрсетеді және жетекші іс-әрекетіндегі оның өзіндік ерекшелігін анықтауға арналған негізді құрайды.
№12 дәрістің тақырыбы: Басқару іс-әрекетіндегі реттеу процестері
Мақсаты: Тақырып жөнінде білім беру.
Дәріс мазмұны Басқару іс-әрекетіндегі реттеу процестері
Басқару іс-әрекетіндегі реттеу процестерініңөзіндік ерекшеліктері
Когнитивтік психикалық үдерістер адамға оның өзін бақылауында тікелей берілген, олардың кез келген іс-әрекетті қамтамасыз етудегі рөлі айқын. Іс-әрекетті тұтастай ұйымдастыру үшін бір ғана когнитивтік процестер жеткіліксіз, өйткені кез келген мұндай үдеріс – бұл белгілі бір абстракция, ал басқару сияқты күрделі іс-әрекетте ол кешенді түрде жүргізіледі. Сондықтан когнитивтік жүйенің жұмысын реттейтін арнайы үдерістер болуға тиіс.
Барлық когнитивтік үдерістер бір-бірімен байланысқан, бірақ олар басқа да психикалық үдерістермен, яғни көңіл-күй, мотив, еріктік үдерістермен де өзара байланысады. Өзінің бастапқы бағдарлануы бойынша олар танымға, ортаға бағдарлануға, ақпаратты қайта өңдеуге бағытталған. Бірақ бұл үдерістер басқару іс-әрекетін қамтамасыз етуші үдерістер класының бірі ғана болып табылады. Екінші класс – бұл психикалық үдерістердің «іс-әрекетті реттеу процестері» ұғымымен белгіленген жиынтығы. Психологияда осыған байланысты психикалық үдерістер жүйелігінде тағы да бір реттеулік туралы ұғым қалыптасты. Реттеу процестері іс-әрекетті тұрғызуға және реттеуге тікелей бағытталған. Кез келген іс-әрекет мақсат түзу, жоспарлау, болжау, шешім қабылдау, өзін бақылау, түзету процестерінсіз мүмкін емес. Олардың барлығы өзінің құрылымы бойынша кешенді және синтетикалық болып табылады, өзінің құрамына көңіл-күй, ерік, мотив сияқты негізгі когнитивтік процестерді қосып алады.
Реттеу процестері – бұл негізгі психикалық процестер жұмысы тұтастығына қол жеткізетін синтетикалық түзілімдер, сондықтан оларды іс-әрекетің психикалық реттелуінің «интегралдық процестері» ұғымымен белгілейді. Когнитивтік процестермен қатар олар психикалық процестердің екінші негізгі – реттеулік немесе интегралдық класын түзеді.
Мақсат түзу, антиципация, шешім қабылдау, жоспарлау, бағдарлау, өзін бақылау, түзету процестері іс-әрекеттің ерекше мәселелері ықпалымен қалыптасады және іс-әрекетті ұйымдастыруға бағытталған. Бір мезгіде олар барлық когнитивтік процестердің, сондай-ақ «бірінші қатардағы» күрделі деп есептелетін көңіл-күй, ерік және мотивтік процестер бірігуінің өнімі болып табылады. Сондықтан реттеулік процестерді «екінші қатардағы» процестер ретінде қарастырады. Олар әлдеқайда кешенді, өйткені басқа үдерістердің барлығына қарағанда, негізгі тұлғалық сапалармен көбірек байланысқан. Интегралдық үдерістердің әрқайсысының дамуының жеке шамасы өз бетінше тұлғалық сапа ретінде болады. Бұл үдерістер аз реттелген, олар жақында ғана өзіндік психологиялық ерекшеліктерге ие психикалық үдерістердің айырықша класы ретінде қарастырыла бастады. Ол көбінесе басқару іс-әрекетіне тән, негізгі басқару функцияларының инварианттық жиынтығының орындалуын талап етеді. Олар бұрын «әкімшілік» (классикалық) мектепте сипатталған болатын және барлық, соның ішінде қазіргі келістерде де сақталады. Оларды іске асыру – басқарудың негізгі мәні. Негізгі басқару функциялары – бұл оны ұйымдастырудың интегралдық үдерістері. Жетекші болса осы үдерістерді ұйымдастыруға және іске асыруға тиіс.
№13 дәрістің тақырыбы: Басқару іс-әрекетіндегі көңіл-күйдің эмоциялық-еріктік реттелуі