Білім беру бағдарламасы 7M01109 Педагогика және психология, 7M03104 Психология, 7M01307 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі, 7M1402 Дене шынықтыру және спорт, 7M01501 Математика, 7M01504 Физика, 7M01507 Химия, 7M01509 Биология, 7M01510



бет28/42
Дата23.09.2023
өлшемі135,97 Kb.
#109971
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   42
Мозайка әдісі:"Мозайка"интенсивті қарым-қатынас кезінде мәселенің оптималды шешімін “жоғарыдан-төмен” (педагогтан-оқушыға) емес, тең деңгейде (өзара оқушылар арасында) табуға мүмкіндік береді. Бұл технологияның қиындығы: әсіресе бірінше сабақтарда топтарды қайта құру үрдісінде мұқият зейінділікті талап етеді.“Мозайка” әдістемесі бойынша сабақты ұйымдастыру кестесі



Кезеңдер

Позициялар

Мазмұны

1 кезең. Жеке жұмыс.

А Б
В Г

Педагог тапсырма ұсынады (көлемі бойынша кең): оқулықтың үш-төрт параграфын оқып, конспект құратыру; өзекті тақырып т.б. бойынша пікірталасқа сұрақтар әзірлеу; Дайындалуға және тапсырманы орындауға 15-20 минут уақыт беріледі. Берілген уақыт ішінде топағы әрбір оқушының өзінің орындалған тапсырманың варианты болуы керек.

2 кезең. Жұппен жұмыс

А <-> Б
В <-> Г

Әрбір қатысушы өзіне партнер таңдайды: мысалы, А Б-мен жұмыс жасайды, Г В-мен жұмыс жасайды (немесе басқаша). Тапсырма бұрынғыша қалады. Бұл кезеңнің мақсаты топтық жұп арасында ортақ шешім қабылдау. Табылған шешім екі қатысушының да ортақ пікірін білдіруі керек. Талқылау уақыты – 10 минут.

3 кезең. Жұппен жұмыс (жалғасы)

А Б
| |
В Г

Жұп ауысады. Жұмыс мазмұны бұрынғыша қалады. Жаңа жұптар өз шешімдерімен алмасады және мәселені жаңартудың мүмкіндіктері іздестіріледі. Талқылау уақыты – 10 минут. Осылайша, топтағы әрбір қатысушы басқаның пікірін тыңдауға мүмкіндік алады, мәселені өзіндік түсінуін ұсынады, табылған шешімді қорғауға үйренеді.

4 кезең. Топтық шешім қабылдау

А Б
\ /
/ \
В Г

Топ мүшелері бір жерге жиналады. Барлығы шешімдермен таныс болғандықтан бұл кезеңнің мақсаты ортақ шешім қабылдайды. Мұнда зейін тек мазмұндық бөлігіне ғана емес, сонымен бірге оның орындалу формасына да бөлінеді (шешім конспект, сурет, кесте, тақпақ т.б. түрінде болуы мүмкін). Уақыт – 10 минут.

Сабақ соңында әрбір топ мәселені шешу жолдарын ұсынады. Таңдалған эксперттік комиссия ұсынылған жобалардың мазмұны мен безендірілуін бағалайды. Жұмыстың мұндай интерактивті формасы өзара біріккен әрекет іскерліктерін қалыптастыруға көмектеседі. Әсіресе бұл халық көп жерде үндемей, тасада қалуға тырысатын ұялшақ оқушылар үшін өте пайдалы. Микротоптар-микроәлемдер, әдетте бұл осындай балалардың және жеткіншектердің өзін-өзі бағалауына жағымды әсерін тигізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет