Білім беру бағдарламасы «7M041 Бизнес және басқару»


Талдау және зерттеу нәтижелері



Pdf көрінісі
бет8/17
Дата22.05.2023
өлшемі0,61 Mb.
#95720
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Байланысты:
Магистерский проект Сейдишова Д (1)

Талдау және зерттеу нәтижелері
Қазақстанның дене шынықтыру-спорттық саласын дамытуға бағытталған 
тұжырымдамалық құжат 2025 жылға дейінгі Қазақстан Республикасында дене 
шынықтыру мен спортты дамыту тұжырымдамасы болып табылады [12]. 
Құжатты әзірлеу барысында Экономикалық ынтымақтастық және даму 
ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінің тәжірибесі қолданылды, оның қызметі дене 
шынықтыру мен бұқаралық спортты дәріптеу мен дамытуды қоса алғанда, 
халықтың әлеуметтік игілігіне, экономикалық өсуге, өмір сапасын жақсартуға 
бағытталған. Аталмыш құжатта дене шынықтыру мен спорт саласындағы 
мемлекеттік саясаттың басымды мақсаттары мен міндеттері айқындалған. 
Тұжырымдамада дене шынықтыру-спорт қызметі Қазақстан халқын 
біріктіруге шақыратын «перспективті алаң» ретінде ұсынылған. Дене 
шынықтыру мен спортты дамыту халық денсаулығын нығайтудың, ұлтаралық 
қатынастың маңызды факторы, және құқық бұзушылықтардың алдын алу 
құралы болып табылады. 
Сонымен қатар, Қазақстанның мемлекеттік саясаты халықты дене 
шынықтырумен және спортпен айналысуға бұқаралық жұмылдыруға басымды 
бағытталған. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының 2014 ж. «Дене 
шынықтыру және спорт туралы» заңында да реттелген, онда барлық жас 
топтарындағы азаматтарға спорттық тестілеу жүргізу көзделген. «Қазақстан 
Республикасы Президентінің – Ұлт көшбасшысының тесттерін» өткізу 
қағидалары Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің
м.а. 2014 ж. бұйрығымен бекітілген. Аталмыш «тесттер» төзімділік
шапшаңдық және күш-қуат жаттығулары кешенінен тұрады. «Тесттердің» 
құрылымында екі деңгейдегі дене шынықтыру жаттығулары ұсынылған: 
Президенттік және ұлттық даярлық деңгейлері. Елімізде дене шынықтыру 
қозғалысының көпшілікке таралуын қамтамасыз ету үшін салауатты өмір 
салтын және дене шынықтырумен және спортпен айналысуды дәріптеуге 
бағытталған іс-шаралар жүргізілуде [13]. 
Жалпы, Қазақстанның мемлекеттік саясаты жоғары жетістіктер мен 
бұқаралық спортты дамыту ісіндегі теңгерімділікті көздейді. Соңғы жылдары 
дене шынықтыру мен спорт саласында жағымды беталыстар қалыптаса 
бастады: көптеген қазақстандықтар дене шынықтырумен және спортпен жүйелі 
айналыса бастады, мектеп жасына дейінгі балалар, мектеп оқушылары мен 
студенттер спорт секцияларына баруды жиілетті.
Халықтың дене шынықтырумен және спортпен айналысуын қамту 
қолданыстағы спорт инфрақұрылымына да байланысты екендігіне назар 
аударамыз. Бүгінгі таңда елімізде балалар мен жасөспірімдер инфрақұрылымы 
белсенді дамуда (балалар мен жасөспірімдерге арналған 435 спорт мектептері 
және спортта дарынды балаларға арналған 16 интернат жұмыс істейді). 
Дене шынықтырумен денсаулығының мүмкіндігі шектеулі жандар да 
көптеп айналыса бастады. Олар үшін Қазақстанда спорттың түрлері мен 
санаттары 
бойынша 
40-тан 
астам 
чемпионаттар 
мен 
турнирлер 


17 
ұйымдастырылған. Сонымен қатар, көптеген мамандардың айтуынша
мемлекет ең алдымен спорттың ұлттық түрлерін дамытуды қоса алғанда, 
жоғары жетістіктердегі спортқа аса назар аударуда. Айта кететін жайт, соңғы 
онжылдық ішінде жиырмадан астам ұлттық спорт түрлері қарқынды даму 
үстінде. Ұлттық ат спорты жарыстары жаңаруда. Алайда, мемлекет жыл сайын 
2 млн-ға жуық адам қатысатын спорттық-бұқаралық іс-шараларды, бұқаралық 
жүгірістерді де назардан тыс қалдырмауға тырысуда. Бұл ретте, Қазақстанда 
бұқаралық 
дене 
шынықтыру-спорттық 
қозғалысты 
жандандыру 
спортшылардың Олимпиада ойындары мен халықаралық спорттық жарыстарда 
жоғары нәтижелер көрсетуіне ықпалын тигізеді. 
Кесте 1 - Халықты дене шынықтырумен және спортпен қамту 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет