Әріптестеріміздің педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мақсатында инновациялық идеялармен таныстыру, шығармашылық қабілетін ұштау, жаңа формациядағы бағалау түрлерін тәжірибеге енгізуге ықпалдасу. Мұғалімдерге оқушылардың айқындалған критерийлерге сәйкес өз жұмысының сапасы туралы қорытынды жасай бiлуге қол жеткізуін үйрету, өзiн-өзі бағалау және өзара бағалау үдерiстерiнің дамуына ықпал ету
Оқыту нәтижесі:
Коучинг соңында мұғалімдер: 1.Бағалау түрлерін ажырата біледі
2. Мұғалімдер формативті және жиынтық бaғалаудың айырмашылығын біледі,
3. Қалыптастырушы және жиынтық бағалауды өз тәжірибесінде қолдана білу.
Негізгі түйінді идеялар:
Ынтымақтастық оқу – өзара іс-әрекет жасау философиясы Формативті бағалау – оқыту үшін, ынталандырушы бағалау. Бағалау бұрынғы тәжірибеміздегі сияқты оқыту мен оқудан кейінгі болатын үдеріс емес, оның ажырамас бөлігі екендігін меңгерткім келді