Білім беру бағдарламасы қазіргі мектепті басқарудың нормативтік қҰҚЫҚТЫҚ негіздері


Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы



Pdf көрінісі
бет25/33
Дата25.11.2023
өлшемі418,31 Kb.
#126224
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   33
Байланысты:
Модуль2-Оқу құралы

Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы 
Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы заңнамасы Қазақстан 
Республикасының Конституциясына негізделеді және «Қазақстан Республикасындағы 
баланың құқықтары туралы» Заңын және Қазақстан Республикасының баланың құқықтарын 
қорғау саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерін қамтиды. 
«Қазақстан 
Республикасындағы 
баланың 
құқықтары 
туралы» 
Қазақстан 
Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы №345 Заңы балаларды қоғамдағы толыққанды 
өмiрге даярлау, олардың әлеуметтік маңызды және шығармашылық белсендiлiгiн дамыту, 
әлемдiк өркениеттiң жалпы адамзаттық құндылықтары негiзiнде олардың бойында жоғары 
адамгершілік қасиеттерді, патриоттық пен азаматтықты қалыптастыру, ұлттық бірегейлікті
қалыптастыру принциптерінің басымдығына негізделген Қазақстан Республикасының 


Конституциясында кепілдiк берiлген баланың негiзгi құқықтары мен заңды мүдделерiн iске 
асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейдi. 
4-бап. Балалардың тең құқықтығы 
1. Барлық балалар тегiне, нәсiлiне және ұлтына, әлеуметтiк және мүлiктiк 
жағдайына, жынысына, тiліне, бiлiмiне, дiнге көзқарасына, тұрғылықты жерiне, 
денсаулық жағдайына, балаға және ата-анасына немесе басқа заңды өкілдерiне қатысты 
басқа жағдайларға қарамастан тең құқықтарға ие.
2. Некеде және некеден тыс туған балалар тең және толық қорғауды пайдаланады. 
 
Балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясат 
Қазақстан Республикасының балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясатының 
мақсаттары: 
1) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету, оларды кемсiтуге жол 
бермеу;
2) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiнің негiзгi кепiлдiктерiн нығайту, сондай-
ақ құқықтары бұзылған жағдайларда оларды қалпына келтiру;
3) бала құқықтары кепілдiктерiнiң құқықтық негiздерiн қалыптастыру, баланың 
құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi тиiстi органдар мен ұйымдар құру;
4) балалардың дене, интеллектуалдық, рухани және адамгершілік тұрғысынан дамуына, 
оларды патриоттық, азаматтық және ынтымақшылдыққа тәрбиелеуге, сондай-ақ бала 
тұлғасының қоғам мүдделеріне, мемлекет халықтарының дәстүрлерiне, ұлттық және әлемдiк 
мәдениет жетiстiктерiне сәйкес жүзеге асырылуына ықпал ету;
5) кәмелетке толмағандардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетiн қалыптастыру 
бойынша жұмыстардың мақсатты түрде жүргізілуін қамтамасыз ету;
6) балаларды денсаулығына және дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғауды 
қамтамасыз ету болып табылады. 
Балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясат мемлекеттiк органдар қызметiнiң 
басым бағыты болып табылады және мыналарға негізделеді:
1) балалардың құқықтарын заңдық тұрғыдан қамтамасыз ету;
2) балаларға жан-жақты тәрбие берудi, олардың құқықтарын қорғау, оларды қоғамдағы 
толыққанды өмiрге дайындау мақсатында отбасын мемлекеттiк қолдау;
3) аймақтық ерекшелiктердi ескере отырып, балалардың өмiрiн жақсартуға бағытталған 
мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттарды белгiлеу және сақтау;
4) баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзғаны, оған зиян келтiргенi үшiн 
лауазымды тұлғалардың, азаматтардың жауаптылығы;
5) баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге 
асыратын қоғамдық бiрлестiктер мен өзге де ұйымдарды мемлекеттiк қолдау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет