Білім беру бағдарламасы қазіргі мектепті басқарудың нормативтік қҰҚЫҚТЫҚ негіздері


Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау



Pdf көрінісі
бет30/33
Дата25.11.2023
өлшемі418,31 Kb.
#126224
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
Модуль2-Оқу құралы

Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау
– білім беру ұйымдары ұсынатын білім 
беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптарына сәйкестігін бақылау 
мақсатында жүргізілетін рәсім. 
Гимназия
– бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу 
бағдарламаларын және білім алушылардың бейімділігі мен қабілеттеріне сәйкес қоғамдық-
гуманитарлық және басқа да оқыту бағыттары бойынша кеңейтілген және тереңдетілген білім 
беруді қамтамасыз ететін қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу 
орны. 
Ғылыми-әдістемелік жұмыс
– ғылым жетістіктері мен озық педагогикалық тәжірибеге 
негізделген және үздіксіз білім беру жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуын жетілдіруге бағытталған 
қызмет түрі. 
Ереже
– белгілі бір қызмет түрін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін белгілейтін 
нормативтік құқықтық акт. 
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдар (балалар)
– денсаулығына байланысты 


білім алуда тұрақты немесе уақытша қиындық көріп жүрген, арнайы, жалпы білім беру 
бағдарламалары мен қосымша білім беру бағдарламаларын қажет ететін адамдар.
 
Жалпы білім беретін мектеп
– бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы 
білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша 
білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны. 
Жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі
– білім берудің барлық 
деңгейлеріндегі кепілдендірілген мемлекеттік оқыту шығындарын қаржылық қамтамасыз ету
нормативі. 
Заң
– ең маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, Қазақстан Республикасының 
Конституциясында көзделген негізге принциптер мен нормаларды белгiлейтiн нормативтiк 
құқықтық акт. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет