Заңға тәуелді нормативтiк құқықтық актiлер
– заңнамалық және сатысы бойынша өзге
де жоғары тұрған нормативтiк құқықтық актiлердің негiзiнде және (немесе) оларды орындау үшін
және (немесе) одан әрі іске асыру үшін шығарылатын, заңнамалық актілер болып табылмайтын
өзге де нормативтiк құқықтық актiлер.
Заңнамалық акт
– Қазақстан Республикасының Конституциясына, конституциялық заңға,
кодекске, шоғырландырылған заңға, заңға, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қаулысына,
Қазақстан Республикасының Парламент Сенаты мен Мәжiлiсiнің қаулыларына өзгерістер мен
толықтырулар енгізетін заң.
Инклюзивті білім беру
– ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере
отырып, барлық білім алушылар үшін білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс.
Кодекс
– бiртектес аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтiн құқық нормаларын
бiрiктiретін және жүйелейтін заң.
Қағидалар
– белгілі бір қызмет түрін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін
айқындайтын нормативтік құқықтық акт.
Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау
банкi
– Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне
енгiзiлген, қағаз жүзіндегі нормативтік құқықтық актілер жиынтығы және электрондық құжат
түріндегі нормативтік құқықтық актілердің электрондық жүйесі.
Қазақстан Республикасының заңнамасы
– белгіленген тәртіппен қабылданған
нормативтiк құқықтық актiлер жиынтығы.
Қорғаншылық
– он төрт жасқа толмаған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін
қорғаудың құқықтық нысаны.
Қашықтықтан
білім
беру
технологиялары
–
ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар мен телекоммуникациялық құралдарды пайдалана отырып, білім алушы мен
педагогтің жанама (қашықтан) немесе толық емес жанама өзара әрекеттестігі арқылы жүзеге
асырылатын оқыту.
Достарыңызбен бөлісу: |