30-бап. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1. Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік
беріледі. Орта білім алу міндетті.
2. Азаматтың мемлекеттік жоғары оқу орнында конкурстық негізде тегін жоғары білім
алуға құқығы бар.
3. Жеке меншік оқу орындарында ақылы білім алу заңмен белгіленген негіздер мен
тәртіп бойынша жүзеге асырылады.
4. Мемлекет білім берудің жалпыға міндетті стандарттарын белгілейді. Кез келген оқу
орнының қызметі осы стандарттарға сай келуі керек.
Қазақстан Республикасында білім беру Қазақстан Республикасының заңнамасына
және халықаралық құқық нормаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Білім беру адамгершілік, зияткерлік, мәдени, дене дамуын және кәсіби құзыреттілікті
қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз процесі
ретінде қарастырылады («Білім туралы» Заңның 1-бабы, 9-1) т.).
Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері:
1) баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі;
2) білім беру жүйесін дамытудың басымдығы;
3) әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке
ерекшеліктері ескеріле отырып, халыққа барлық деңгейдегі білімнің қолжетімділігі;
4) білім берудің зайырлы, гуманистік және дамытушылық сипаты, азаматтық және
ұлттық құндылықтарға, адам өмірі мен денсаулығына, жеке адамның еркін дамуына басымдық
берілуі;
5) адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу;
6) жеке адамның білімдарлығын ынталандыру және дарындылығын дамыту;
7) білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің
үздіксіздігі;
8) оқытудың, тәрбиенің және дамытудың бірлігі;
9) білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білім беру жүйесі қызметінің
ашықтығы;
10) білім беру ұйымдарының меншік нысандары, оқыту мен тәрбиелеу нысандары, білім
беру бағыттары бойынша алуан түрлі болуы.