қажетіне қарай және мүмкіндігі болған жағдайда басқа да тілдерде алуға құқығы бар екендігі
белгіленген.
Білім беру ұйымдарында мемлекеттік тіл мен орыс тілі міндетті оқу пәні болып
табылады және білім туралы құжатқа енгізілетін пәндер тізбесіне кіреді.
Меншік нысанына қарамастан барлық білім беру ұйымдары білім алушылардың қазақ
тілін
мемлекеттік тіл ретінде білуін, сондай-ақ тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік
жалпыға міндетті стандартына сәйкес орыс тілін және шет тілдерінің бірін оқып-үйренуін
қамтамасыз етуге тиіс. Мемлекеттік және орыс тілдері орта білім беру ұйымдарында білім
алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу кезінде пәндер тізбесіне енгізілетін міндетті
пәндер болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: