Білім беру бағдарламасы Бакалавриат


Дресс-кодқа қойылатын талаптар



бет2/22
Дата08.12.2023
өлшемі493,5 Kb.
#134857
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Дресс-кодқа қойылатын талаптар
Студент міндетті:

  • киімнің іскерлік стилін ұстануға;

  • ұқыпты шаш үлгісін, қысқа кесілген тырнақ үлгісін ұстануға;

  • таза, үтіктелген халат киюге (қалпақ, маска, ауыстырылатын аяқ киім/ бахилалар).

Дәріс / практикалық / зертханалық сабақтар кезінде білім алушыларға тыйым салынады:

  • ұялы құрылғыларды / гаджеттерді пайдалануға;

  • оқытушының рұқсатынсыз оқу процесін бұза отырып, оқу бөлмесінен/аудиториядан шығуға (өндірістік базадағы жұмыс орнын тастап кетуге).

Айыппұл санкциялары:

  • пән саясатын бір рет бұзған жағдайда білім алушы оқытушыдан ауызша түрде ескерту алады.

  • пән саясатын қайта бұзған жағдайда білім алушы кафедра меңгерушісінің атына түсініктеме береді.

  • пән саясаты жүйелі түрде бұзылған жағдайда кафедра меңгерушісі деканатқа тиісті рапорт береді.

  • жіберілген әрбір дәріске тиісті бөлім бойынша межелік бақылау рейтингінен 1 баллдан шегеріледі.

  • әрбір орындалмаған тапсырма /сабақта болмаған жағдайда білім алушы "0" балл алады.

  • Аралық бақылау кезінде гаджеттер мен эектронды құрылғыларды, шпаргалка қолданған студенттерге акт толтырылып, Ар – намыс кодексі бойынша шаралар қолданылады.

  • Сабаққа қатыспаған жағдайда студентке «жб» қойылады.

  • Барлық студенттік жұмыстар (СӨЖ, ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау жұмыстары) антиплагиат жүйесімен тексеріледі. Плагиат анықталған жағдайда білім алушылардың академиялық адалдық кодексіне сәйкес тәртіптік шаралар қолданылады.

  • Сыбайлас жемқорлық фактілері анықталған жағдайда (студенттің пара, сыйлықтар және т.б. материалдық құндылықтар беруі, тарапынан қысым көрсету (ата-аналар, туыстар, әріптестер) оқытушы комплайнс-офицерге қызметтік жазба жазады.

«Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы оқу үдерісін ұйымдастыру»
Қашықтықтан білім беру технологиясын қолдану арқылы оқыту кезіндегі пәннің саясаты:

  • оқу процесі «on-line» және «off-line» режимінде өткізіледі.

  • «on-line» режиміндегі оқу сабақтары нақты уақыт режиміндегі оқу өзара әрекеттесу процесін қарастырады: бейнеконференция (ZOOM, Hangouts және т. б.)

  • «off-line» режиміндегі оқу сабақтары қашықтықтан оқыту платформаларын қолдану арқылы өткізіледі dis.kaznmu.kz (Moodle) және/немесе GoogleClassroom, ішкі байланыс қызметтері, сұхбаттар мен форумдар,

  • кеңес беру, студенттердің білімін ауызша бақылау онлайн режимінде ZOOM платформасында және басқа платформаларда веб-конференция арқылы жүзеге асырылады.

  • кеңес беру, студенттердің білімін ауызша бақылау онлайн режимінде ZOOM платформасында және басқа платформаларда веб-конференция арқылы жүзеге асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет