ұқыпты шаш үлгісін, қысқа кесілген тырнақ үлгісін ұстануға;
таза, үтіктелген халат киюге (қалпақ, маска, ауыстырылатын аяқ киім/ бахилалар).
Дәріс / практикалық / зертханалық сабақтар кезінде білім алушыларға тыйым салынады:
ұялы құрылғыларды / гаджеттерді пайдалануға;
оқытушының рұқсатынсыз оқу процесін бұза отырып, оқу бөлмесінен/аудиториядан шығуға (өндірістік базадағы жұмыс орнын тастап кетуге).
Айыппұл санкциялары:
пән саясатын бір рет бұзған жағдайда білім алушы оқытушыдан ауызша түрде ескерту алады.
пән саясатын қайта бұзған жағдайда білім алушы кафедра меңгерушісінің атына түсініктеме береді.
пән саясаты жүйелі түрде бұзылған жағдайда кафедра меңгерушісі деканатқа тиісті рапорт береді.
жіберілген әрбір дәріске тиісті бөлім бойынша межелік бақылау рейтингінен 1 баллдан шегеріледі.
әрбір орындалмаған тапсырма /сабақта болмаған жағдайда білім алушы "0" балл алады.
Аралық бақылау кезінде гаджеттер мен эектронды құрылғыларды, шпаргалка қолданған студенттерге акт толтырылып, Ар – намыс кодексі бойынша шаралар қолданылады.
Сабаққа қатыспаған жағдайда студентке «жб» қойылады.
Барлық студенттік жұмыстар (СӨЖ, ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау жұмыстары) антиплагиат жүйесімен тексеріледі. Плагиат анықталған жағдайда білім алушылардың академиялық адалдық кодексіне сәйкес тәртіптік шаралар қолданылады.
Сыбайлас жемқорлық фактілері анықталған жағдайда (студенттің пара, сыйлықтар және т.б. материалдық құндылықтар беруі, тарапынан қысым көрсету (ата-аналар, туыстар, әріптестер) оқытушы комплайнс-офицерге қызметтік жазба жазады.
«Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы оқу үдерісін ұйымдастыру» Қашықтықтан білім беру технологиясын қолдану арқылы оқыту кезіндегі пәннің саясаты:
оқу процесі «on-line» және «off-line» режимінде өткізіледі.
«on-line» режиміндегі оқу сабақтары нақты уақыт режиміндегі оқу өзара әрекеттесу процесін қарастырады: бейнеконференция (ZOOM, Hangouts және т. б.)
«off-line» режиміндегі оқу сабақтары қашықтықтан оқыту платформаларын қолдану арқылы өткізіледі dis.kaznmu.kz (Moodle) және/немесе GoogleClassroom, ішкі байланыс қызметтері, сұхбаттар мен форумдар,
кеңес беру, студенттердің білімін ауызша бақылау онлайн режимінде ZOOM платформасында және басқа платформаларда веб-конференция арқылы жүзеге асырылады.
кеңес беру, студенттердің білімін ауызша бақылау онлайн режимінде ZOOM платформасында және басқа платформаларда веб-конференция арқылы жүзеге асырылады.