Сабақты жүргізу форматы: Тапсырмалар мен ситуациялық есептерді түсіндіру және талқылау, ауызша/жазбаша сұрау.
Сабақты бақылау түрі: Баға – суммативті (жазбаша түрде/тестілеу).
Тәжірибелік сабақтар үшін тапсырмалар (оқытушының қалауы бойынша): Гетерогенді тепе-теңдікке мысал келтіріңіз. Жүйеде қандай процестер жүреді?
Барий сульфатының ерігіштік константасы 1,1.10-10 құрайды. Осы қосылыстың судағы ерігіштігін (моль/л) есептеңіз.
CaF2ерігіштік константасы 3,9.10-11-н құрайды. Осы қосылыстың судағы ерігіштігін (моль/л және г/л) табыңыз.
Алтын (I) хлоридінің молярлық ерігіштігі 4,5.10-7 моль/л-ді құрайды. Осы қосылыстың ерігіштік контантасын есептеңіз.
Иондық көбейтінді мен ерігіштік көбейтіндісі (ерігіштік константасы) ұғымдарын салыстырыңыз.
Ерітіндіден Ni(OH)2 тұнбасының түзілуі рН-ң қандай мәнінде басталады, егер концентрациясы 0,01 моль/л ерітінідісінде никель иондары бар болса? (Ks=1,6х10-14).
Ag2МоО4 ерігіштік константасы 2,810-9-ні құрайды. Күміс молдибдатының судағы ерігіштігін (моль/л, г/л) табыңыз.
Бірдей көлемдегі екі ерітіндіні: қорғасын ацетаты мен натрий оксалатын араластырды. Екі ерітіндінің де концентрациялары теңесіп, әрқайсысы 0,001 моль/л-ге тең болды. Тұнба түзіледі ме? KS(PbC2O4)=4,810-10.
Литий карбонатының көлемі үш литр қаныққан ерітіндісіндегі массасын есептеңіз. Бұл қосылыстың ерігіштік константасы 4,0·10-3құрайды.
*Натрий периодатының NaIO4 144 мл қаныққан ерітіндісінде массасы 1 г йод бар. Бұл тұздың ерігіштік константасын есептеңіз.
Никель (II) оксалатының ерігіштігі 3 мг/л-ге тең. Осы тұздың ерігіштік константасын табыңыз.
Көлемі 350 мл кальций оксалатының қаныққан ерітіндісіндегі кальцийдің ион түріндегі массасын анықтаңыз. KS(СаC2O4)=2.310-9.
Стронций оксалатының қаныққан ерітіндісіне аммоний оксалатын қосқанда оның ерігіштігі қалай өзгереді? Концентрациясы 0,05 моль/л бар аммоний оксалатының қатысында стронций оксалатының ерігіштігін есептеңіз. Көлемі 0,3 л осындай ерітіндідегі стронций оксалатының массасын есептеңіз. KS(SrC2O4)=1.610-7.
Барий иондарының улылығы 4 мг/л-ден жоғары концентрацияда айқындалады. Асқазан-ішек жолдарын зерттеуде барий сульфатын рентгенконтрастты құрал ретінде қолдануға болатынын дәлелдеңіз (Ks=1,0.10-10). Осы мақсатта барий гидроксидін қолдануға болады ма (Ks=5,0.10-3)?
Йод препараттарын қабылдау кезінде йодид иондары лакримальды бездер арқылы шығарылады. Жедел конъюнктивитті емдеу үшін күміс нитратының 2% ерітіндісі қолданылады (ρ = 1г/мл). Күміс йодид кристалдарының пайда болу қаупі бар (күйдіру) йодид иондарының концентрациясын есептеңіз.
*Не себепті күміс хлориді аммиак ерітіндісінде еритіндігін, ал күміс аммиакаты комплексін калий иодидінің көмегімен бұзуға болатынын түсіндіріңіз. Күміс хлориді мен иодидінің ерігіштік константалары сәйкес 1,78.10-10 және 8,3.10-17-ге тең.
Комплекстүзуші атомдар электрон бұлттары құрылысының қандай ерекшеліктері болуы керек?
Тірі ағзада кездесетін комплексті қосылыстарға мысалдар келтіріңіз. Металлоферменттер мен басқа да биокомплекстердің (гемоглобин, хлорофилл т.б.) құрылыстарының ерекшеліктерін сипаттаңыз.
Хелаттар дегеніміз не? Медицинада хелаттардың қолданылуы. Ауыр металдар тұздарының улылығы немен түсіндіріледі? Ауыр металдар тұздарымен уланғанда антидот ретінде қандай қосылыстар қолданылады?
Келесі берілген комплексті қосылыстардың әрқайсысы үшін: (а) орталық атом (комплекстүзуші -ион), оның тотығу дәрежесі және координациялық саны; (б) лигандтар және олардың дентанттылығы; (в) біріншілік және екіншілік диссоциациялану теңдеуі; (г) тұрақсыздық константасы үшін өрнегін жазып сипаттаңыз. Комплексті қосылыстар: (1) K2[Ni(CO3)2(H2O)4]; (2) [Cu(NH3)4](NO3)2; ; (3) диакватетраамминникель (II) нитраты.
*Медициналық және аналитикалық тәжірибеде ЭДТА (этилендиаминтетраацетат) лигандасы және оның тұзы -трилон Б (Na2H2T) қолданылады. Берілген катиондардың қайсысымен ол әлсіз комплекс түзеді: Со3+ (Кн=3∙10-41), Мg2+ (Кн=8∙10-10), Fе 2+ (Кн=6∙10-15), Fе3+ (Кн= 6∙10-25)? Комплекстерді олардың беріктігінің төмендеуіне қарай орналастырыңыз.
*Темірдің Fe2+ комплексті қосылыстарының қайсысы – глицинмен немесе гистидинмен биолиганда ретінде берігірек болып табылады? Комплексті қосылыстардың тұрақсыздық константасы сәйкес 1,58.10-8 және 5,0.10-10-ге тең.
*Диамминдихлороплатинаның (цисплатин) екіншілік диссоциациялану теңдеуін жазыңыз. Бұл қосылыстың медицинада қолданылуын сипаттаңыз. Бұл реакцияның тепе-теңдік күйіне қандай факторлар әсер етуі мүмкін? Бұл ерітіндіге натрий хлоридін қосқанда; ерітіндіден аммиакты алып тастағанда қандай өзгерістер жүреді?